Жоба тақырыбы: Энергияның жаңа көзі – күн энерги ясын пайдалану


Ембі қалалық № 1 орта мектебі

Жоба тақырыбы:

Энергияның жаңа көзі – күн энергиясын пайдалану

Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Дарменова Бакытгуль Джагипаровна

Орындаған: 10 орыс класының оқушысы Бирмагамбетова Сабина

Мұғалім туралы мәлімет: Мен, Дарменова Бакытгуль Джагипаровна Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық № 1 орта мектебінде география пәнінен сабақ беремін. Мектептегі шығармашылықпен қызыға жұмыс жасайтын оқушылардың одан әрі дамыту үшін жұмысымды жалғастырып келемін. Сол оқушылардың ішінде көп ізденетін әсіресе география пәнін ерекше ықыласпен қызығып оқитын 10 класс оқушысы Бирмагамбетова Сабина. Қазіргі таңда сарқылатын табиғат қорларын сақтау мақсатында баламалы энергияны пайдалану жұмыстары Сабинаны қызықтырды. Оқушының сол қызығушылығын ескеріп бірлесе отырып ғылыми жоба дайындадық.

Жоба тақырыбы: Энергияның жаңа көзі – күн энергиясын пайдалану.

Мақсаты:Арзан баламалы жаңартылмалы энергия көзін пайдалану арқылы экологияға нұқсан келтірмейтін энергияны үнемдеу саясатын ұсыну.

Біздің ұрпақ болашақтың нұсқаларын шектеусіз таңдауға болатын кезеңде өмір сүріп жатыр. Қазіргі жоғары сынып оқушылары жаңа концепцияларды түсіну және қабылдау, дұрыс таңдау жасау, шешім қалдау, сонымен қатар оқи білуге және өзінің өмірі ағысындағы өзгерістерге бейімделе білуіне байланысты болатын әлемде өмір сүруі тиіс болады.

Біздің мақсатымыз оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құру және оны жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін қамтамасыз ету.Ал міндетіміз оқушылардың өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру, ғылыми зерттеу материалдарын безендіруді үйрету, түрлі қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге, мұрағат; кітапхана деректерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өз өлкесінің түйінді мәселелерін шеше алуға үйрету .

Қазіргі таңда біздің алдымызда тұрған өзекті мәселе оқушылардың өз бетімен шығармалық жұмыстармен айналысу траекториясының болмауы.

Оқушылар нені білу керек:

оқушы ғылыми ізденістің өзектілігін анықтай алу қажет;

— ғылыми зерттеуге мақсат, міндеттер қоя білу қажет;

— ғылыми зерттеудің құрылымын білу керек;

— зерттеудің негізгі бөліміндегі зерттеу әдістерін білу қажет.

Оқушы нені істей алу керек:

— ақпаратпен, дерекнамамен жұмыс істей алу қажет;

— материалды жариялай білуі қажет;

— мұрағат, кітапханамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасуы қажет;

— ғылыми жұмысты безендіре білу қажет.

Енді осы барлық шарттармен оқушыны таныстырғаннан кейн ғылыми зерттеу жүргізу жоспарын құруымыз керек.

Тақырыбы: «Энергияның жаңа көзі- күн энергиясын пайдалану»

Тақырыптың өзектілігі:Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС — ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынын ескерейік. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз…Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО — 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында айтылған энергетикалық тапшылық – өзекті мәселелердің бірі. Жер қойнауында қазба байлықтардың мол болғанына қарамастан, адамзат оны жылдан жылға игеріп жатыр.

Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Сондықтан еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанын баршамызға мәлім, енді еш шығынсыз, зиянсыз жолдарын іздестіріп көрейік , әрине ең тиімдісі ол «күн энергиясы».Күн энергиясы планетамыздағы ең маңызды тіршілік көзі. Ол Жер ғаламшарының атмосферасы мен беткі қабатын әрдайым жылытып отырады. Күн энергиясы арқылы желдің соғуы, табиғаттағы судың айналымы, өсімдіктер дамуы, жануарлардың азықпен қамтамасыз етілуі жүзеге асады. Сонымен қатар тікелей Күн энергиясының әсерінен Жер қойнауында қазба байлықтар түзіледі. Күн энергиясын жылуға немесе суыққа, электр энергиясына немесе қозғалтқыш күшке айналдыруға болады.Күн бізді тегін энергиямен қамтамасыз етеді және бүл энергияның мөлшері әлемде тұтынылатын энергия мөлшерінен 10 000 есе артық Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын шама өткізгіштерден құрастырылған Күн батареялары күнделікті өмірде қолданылу- да. Күн энергиясын пайдаланған жағдайда экология проблемасы бірте-бірте шешілер еді. Себебі күн энергиясын пайдаланған кезде: « қоршаған ортаның ластануына, табиғи қорлардың сарқылуына, табиғатқа зиян әкелетін іс-әрекеттерге жол жоқ!»

Ақпарат көздері:

Газет: «Егемен Қазақстан» 2013 жыл, 4 бет.

Журналдар: «География және табиғат» 2010 ж., 28 бет.

Интернет: Укипедия — Қазақша энциклопедия.

Оқулықтар: «Физикалық география» — «Атамұра»- Алматы 2012ж 83 бет; «Қазақстанның экономикалық және элеуметтік географиясы» «Мектеп»- Алматы 2013 ж.

Қосымша әдебиеттер:Уделл «Күн энергиясы»; М.Васильев «Энергия және адам».

Проблеманы талдау, зерттеу:

Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, т.б. энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Аталғандардың ішінде энергияның қосымша көзінің бірі – Күн энергетикасы.

Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күн энергиясының бірнеше ерекшелігі бар:

  • Қолданылуы тегін;
  • Қоршаған ортаны ластамайды;
  • Сарқылмайды;
  • Барлығына тиімді.

Ең бастысы үй түрмысында қолдануға қолайлы.

Ең алдымен үйдің шатырына күн панелі орнатылады. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареяларының өлшемдері әр түрлі болады. Мысалы: микрокалькуляторда орнатылғандарынан бастап, ғимараттар шатырлары мен автокөліктер төбелеріне орнатылатындарына дейінгі өлшемдерде. Сондай-ақ Күн батареялары ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау жүйесіндегі негізгі электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Күн панеліне параллель бағытта түскен күн саулесін фотоэлемент арқылы заряд бақылаушысына электр тоғын түсіреді да батарея жүйесіне жібереді. Ал тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды – калькулятор, қол сағаты, плеер, фонарь, т.б. токпен қоректендіру көзі де Күн батареялары болып табылатындығы бәрімізге белгілі.Сондықтан панелдің ішіне күн батареяларын бір-біріне тығыз орнатады. Күн батареяларында шикізат ретінде кремний қолданылады. Содан соң инверторға жібереді де үйге блок шығына электр тоғы келеді.

Келген электр тоғын күнделікті үй шаруашылығында қолдануға ыңғайлы. Қазіргі таңда мемлекетіміз ауыл шаруашылығына көп мән беріп жатыр. Қаладан шалғай орналасқан фермалардың көбісі электр тоғының қондырғыларын орната аламй жүр, ал күн энергетикасын пайдалану нағыз тиімді әдіс.

Қазіргі таңда «күн энергетикасын» Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облысы қолданып отыр. Ендігі мақсат Қазақстанның басқа экономикалық аудандарында осындай қондырғыладр қондыру. Жылма-жыл Күн батареяларының түрлері жаңа технологиялық тұрғыдан жетілдіріліп, толықтырыла түсуде. Соңғы уақытта Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің полимерлер және органикалық қатты бөлшектер орталығының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты Алан Хигер мен Гванджудағы Корей ғылым және технология институтының ғылыми қызметкері Кванхе Ли мен тандемдік полимерлі Күн батареяларын жасап шығарды. Жаңа батареялар авторлары спектрдің кеңірек диапазонын қолдану үшін жұтылу сипаттамалары әр түрлі екі фотоэлектрлік ұяшықтарды бір бүтінге жалғастырды.

Қорытынды:

Қорыта келе айтарымыз: Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор. Ғалымдардың болжауынша 2050 жылға қарай Күн энергиясы адамзаттың электр энергиясына деген 20-25%-дай қажеттілігін өтей алады. Сол сияқты Халықаралық энергетикалық агенттіктіктің мәліметі бойынша 40 жылдан кейін Күн энергетикасы көмегімен атмосфераға көмірқышқыл газының түсуін жылына 6 млрд тоннаға дейін қысқартуға болады екен. Осындай тұжырымдар негізінде Күннен өндірілетін энергияның адамзат үшін сарқылмайтын байлық екендігіне әбден көз жеткізуге болады деп ойлаймыз.

Оставьте комментарий

Filed under Konkurs

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.