Тақырыбы:«Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесі »


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

№46 жалпы орта білім беретін мектеп

Жоба авторы — Талғат Қарақат Оралбекқызы 5 класс

Тақырыбы:«Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесі»

Секция: қолданбалы математика

Жетекшісі — Кенжегалиева Алма Мустаховна

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «в» класс оқушысы Талғат Қарақат Оралбекқызының «Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесі» тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына

Пікір

Қарақаттың алып отырған жобалары қазақ халқының шамаларды өлшеу дәстүрі туралы және шамалардың өлшем бірліктері туралы түсінігін орнықтырып оларды өлшеуге, есептеуге арналған. Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесінде есептері қамтылған . Бұл жоба ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін өлшеудің өзіндік жаңарып жетілу нәтижесінде алынған. Мұнда тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері, киіз үй өлшемдері, ауданды өлшеу үшін қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, сұйық дене көлемін ыдыстың сыйымдылығымен, сусымалы денелерді өлшеу ,уақыт өлшеуіштерін, жыл мезгілдерін анықтау сияқты қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалана отырып, оны есептер шығаруда қолдану және тәжірбие жүзінде көрсету үшін көп еңбектенген. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығы туындайды.

Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі : А.М.Кенжегалиева

Мазмұны

1) Кіріспе.

2)Тұрмыс-тіршілікке қолданылатын ұзындық өлшемдері.

3)Аудандарды өлшеу.

4)Уақыт өлшеуіштері.

5)Жыл санау,көк тастың өлшемдері.

6) Қазақ халқының өлшемдерді пайдаланған ауызша есептері туралы.

7) Киіз үй сүйегінің өлшемдері туралы зерттеу жұмысы.

8) Қорытынды.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық өлшемдерінің мағынасын ашып, қазіргі өлшем бірліктердегі баламасын анықтау.

Кіріспе

Адамның дүниетанымы түсінігі,әлемнің тұтастығын, шексіздігі пайымдау,зерттеу,салыстырып өлшеу негізінде қалыптасады.

Қазақ халқының ауызша есептерімен,оның математикалық,логикалық талдау жүйесімен танысу ғибраты мол,қызғылықты іс.Бұл есептер қазақ ауыз әдебиетіндегі өзінше бір ерекше жанр.Әңгіме болып отырған ескілікті есептердің тілі,сөз орамы өз дәуірі мен өзектес те үндес.Мәселен, ұзындық қарыспен, қадаммен,құлашпен,мөлшерлі нәрселер-ыдыс-аяқпен,

дорбамен,қап-қанармен,қашықтық-күндік,айлық жермен есептелген.Арқан бойы,ат шаптырым,қозы көш — түйе көш жер мұндай да өлшемдер бар. Есептерде көнелеу тартып қалған сөздер де кездеседі.Мәселен, «шыралғы» деген сөзді түсіндіре кетейік.Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына қоянды немесе түлкіні байлап,сүйретіп,соған қыран құсты салып үйрететін.Сол сүйретпені халық «шыралғы» деп атаған.Халқымыздың ауызша есептерінің жүздеген үлгілері бар.Ауызша есептердің асыл маржандарын екшеп алу-келешектің ісі. Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, олардың танымын кеңейткен. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Қазақ халқының өмірі мал шаруашылығы, егін егу болғандықтан ертеректе осы шаруашылықтарға сай өлшем бірліктерін дене мүшелері: саусақпен, аяқпен, қолмен, буынмен өлшеудің әдістерін меңгерді. Бұнымен бірге судың тереңдігін,көлем өлшемдерін, уақытты өлшей білген.

Мысалы: 1) Жылдамдықты: қас-қағым сәт,

бір жылт еткен ғұмыр,

көзді-ашып жұмғанша.

2) Уақытты: сүт пісірім,

шәй қайнатым,

бие сауым,

ат шаптырым,

қозы көш жер,

кешке дейін,түнге дейін деп білген.

3) Ұзындықты: шынтақ елі,

бармақ елі,

табан елі,

саусақ елі.

4) Семіздік, яғни жылқы малын өлшем бірлігімен: кере қазы, сере қазы, табан қазы, би қазы, шынтақ қазы – деп анықтап отырған.

Адамның алғашқы өлшеу тәсілдері.

Қазір барлық нәрсенің арнаулы өлшеуіші бар, өлшеуішсіз өмір жоқ.

Өлшеудің және өлшеуіштің қажеттігі тіпті ерте кезде туды, бірақ өлшеу аспаптары мен өлшеу тәсілдері қазіргідей болып бірден қалыптасқан жоқ.

Адам әуалі өлшеуіш етіп өз мүшесін не оның қозғңалыстағы белгілі бір қалып немесе айналадағы жұртқа таныс бір нәрсені алып, сонымен өлшейді. Бұл қарапайым өлшеуіштер қазіргідей дәл өлшеу үшін қолданылмады, адамның сол кездегі өмір талабына жеткілікті болған жуық өлшеу үшін немесе таныс бір нәрсемен салыстыра отырып өлшенетін нәрсенің қандай екенін шамамен білу үшін қолданылады.

Ұзындық өлшеуіштер: қазақ, ертеден келе жатқан әдет бойынша, бір нәрсенің қалыңдығы мен ұзындығы туралы айтқысы келгенде, өзінің «қол өлшеуіштерін» пайдаланып: «шынтақ елі», «бір елі», «екі елі», «үш елі», «сере қарыс», (қазы), «бір тұтам» (жіп) , «сынық сүйем» (бұдан қазақта ерте кезде бөлшек ұғымы болғаны байқалады). «Сүйем» дейді қолдың белгілі бір қозғалыс қалпын өлшеуіш етіп алып: «қарыс», «құлаш» дейді, немесе аяқ өлшеуіштерін пайдаланып: «табан» (бір табан) «қадам» дейді. Ал жол, арақашықтық туралы айтқанда ешбір өлшеуіштік белгісі жоқ, бірақ көпшілікке таныс аралықпен салыстырып, мөлшермен: «Таяқ тастам жер», «көз көрім жер», «бір көш жер», «ат шаптырым жер», «түстік, күндік жер» дейді.

Ерте кезде бір нәрсенің ұзындығын арнаулы өлшеуішпен не оның бірнешеге тең бөлінген үлесімен өлшеу тәсілі болған жоқ. Ондай өлшеуіштер арқылы өлшеу тәсілдері кейін, елдер арасында сауда саттық жұмысы күшейген кезде шықты. Ал қарыс, қолдың қары, қадам т.с.с.

Қарапайым өлшеуіштер тек қазақ арасында ғана емес, адам саналы өмір сүре бастағаннан бері барлық елдерде қолданылады. Халықтар арасында көп тараған қарапайым өлшеуіштердің бірі- қолдың қары(орысша-”локоть”). Ерте кезде, алаша, басқұр сияқты енсіз,тоқыма бұйымдардың, жіп арқандардың ұзындықтарын қолдың қарына орап жіберіп өлшейтін болған. Мұндай қарапайым өлшеуіштер әр елдің өзіне тән тұрмыс-кәсіп ерекшелігіне қарай әр түрлі болып келеді: жапондықтар атқа таға орнына кигізген ши башмақ жыртылғанша атпен жүретін қашықтықты “ат башымағы” деп атап, кейінгі кезге дейін өлшеуіш етіп қолданған, испандар ауыл арасын “бір сиғар”, “екі сиғар” деп өлшеген (ол жаяу адам бір сиғар тартқанша жүретін жол деген сөз): ағылшын каролі Генрих 1101 жылы указ шығарып, “ярд” деп аталған ұзындық өлшеуіш тағайындаған.

Бұл өлшеуіштің алғашқы ұзындығы карольдің мұрынының ұшынан бастап созылған қолының ұшына дейінгі аралыққа тең болған, ал Англияда қазіргі ярд =0,9144 м.

Ерте кезден бері халықтардың көпшілігі қолданып келе жатқан, ал Россияда І Петр заманынан бастап Октябрь революциясына дейін қолданылған қарапайым екі өлшеуіне:”фут” (ағылшынша-“foot” немесе”fuss”) — табан және ”дюйм” (голландия-“duim”)-бас бармақ буыны.

Тіпті ерте кезде тұрмыс талабынан туған осындай қарапайым өлшеуіштер қазір ғылыми өлшеуіштер системасы қалыптасқан кездің өзінде де, әдет бойынша халық арасында қолданыла береді.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз,өңделіп,жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.Мәселен,тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері:

1)елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);

2)сере ≈ 10-12 см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені);

3)тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

4)сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);

5)сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);

6)қарыс ≈20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

7)кез ≈70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

1 кез ≈ 7-9 тұтам.

Биіктікті,тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін немесе қолда бар заттардың ұзындығы пайдаланылған,яғни солардың бойымен өлшенген:

1)оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2)найза бойы ≈ 3-5 м

3)арқан бойы ≈10-12 м т.б.

Адамның айқайлаған даусы естілсе,қашықты «шақырым» деп белгілеген,1 шақырым 1 км.Ауданды өлшеу үшін «шаршы»,«танап» өлшем бірліктері пайдаланылса,көлемнің үш түрлі өлшем бірлігі қолданылған:

1.Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі кездесетін заттардың көлемімен салыстыру арқылы анықтаған.

2. Ал «текше» деген сөз халық ұғымында сандық пішініне келтіріп бүктелген кілем, көрпе, т.б. үйжабдықтарыныңкөлемін білдірген.

3. Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемін ыдыстың сыйымдылығымен өлшеген.Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар:

а)қасық ≈ 50 г; ә) ожау ≈ 0,5 л; б) тостаған ≈ 0,5 л;

в) аяқ≈ 1 л; г) шара ≈ 1,5-2 л; д) тегене≈ 8-10 л;

е) тосық≈ 8-10 л (ешкітерісінентігілгеныдыс)

ж) көнек≈ 15-16 л (биесауғандапайдаланылатынбылғарыдантігілгеныдыс)

з) саба≈ 180-200 л (жылқытерісінентігілгеныдыс).

3)Сусымалыденелердіөлшеубірліктері:

а) уыс; ә) қалта;б) қоржын ≈ 40 кг;

в) қап ≈ 4 пұт ≈ 54-65 кг; г) дағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг;

д) батпан ≈ 3 дағар ≈ 300-450 кг. 4) Салмақ өлшемдері:

а) 1 п.ұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг; ә) қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

б) 1 көнексүт≈ 6-7 л; в) 1 шелек≈ 12,3 л; г) 1 қапнемесе 4 п.ұт≈ 65-66 кг;

д) 1 мысқал≈ 4,46 г; е) 1 жамбыкүміс≈ 6 кг; ж) 1 п.ітір.бидай≈ 3 кг;

з) 1 ширекшай≈ 250 г; и) 1 шөмкешай≈ 50 г; к) 1 таймөңкешай≈ 25 г;

қ) 1 қайнатымшай≈ 6,5 г; л) 1 шөкімтұз≈ 12,5 г.

Қазақшажылсанаудәстүріқазақхалқыныңкүнтізбесі,аспанденелеріменуақытты,жылмезгілдерінанықтаудағыхалықтықтәжірибетуралымағлұматберіледі.Қазақтардахайуанататауыбойыншаадамныңтуғанжылыбелгіліболғандажасынтабуғажәнежасыбелгіліболғанда,туғанжылынанықтауғаарналғанесептер бар екенімәлім.Мысалы,Қ. дегеназаматшатышқанжылы туып,2 мүшелөмірсүрген.Қазірұлужылыболса,оныңжасынешеде? дегенесептішығаруүшінжылатауларынрет-ретімен (тышқан,сиыр,барыс,қоян , ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін, тауық,ит,доңыз) жәнеадамжасыныңмүшелге

бөлінушкаласын (1 мүшел 13 жас, 2 мүшел 25 жас, 3 мүшел 37 т.с.с.)білу талап етіледі.Сонда екімүшел жасаса,25 жасболады, тышқан мен ұлужылыныңаралығы 3 жас,ендеше,Қ дегеназаматшаныңжасы 28-де. Бұлесепкекеріесепмынадайболыпкеледі: Қ. дегеназаматша 1972 жылытуған. Оның қазақ күнтізбесі бойынша туған жылын табу керек. Ол үшін туған жылының сандық мәніне 9 санын қосады, яғни: 1972+9=1981.Алынған қосындыны 12-ге бөледі: 1981:12=165 (1 қалдық).Қалдық бойынша жылдың атауын табады,1 қалдық шықты,ендеше Қ. деген азаматша жылдардың орналасу ретіне сәйкес 1-ші тұрған тышқан жылы туған.Егер қалдықсыз бөлінсе,ол доңыз жылын білдіреді. Жылдың басы наурыз айынан басталып наурызда күн мен түн теңеледі.«Көкек» айының атауы көктемде көкек құсының ұшып келуіне байланысты шыққан. «Мамыр» сөзі молшылықты,кеңшілікті білдіреді. Шыңдығында,қыстың бораны мен ызғарынан кейінгі мамыр айында жер аяғы кеңіп,мал жайылымға шығады,малшылар жайлауға көшеді. «Қыркүйек» атауы «қырғи» және «күйек» деген екі сөзден туындайды.Қырғи-жыртқыш құс,ұсақ құстардың жауы.Осы айда қырғи жылы жаққа қоныс аударады.«Күйек»-саулық қойға кигізетін жүн. «Қазан» айында күн суытып,қатты жел соғады,соған сәйкес ел аузында «қазанның қара дауылындай» деген мәтел бар. Көшпелі халық үшін қыс ұзаққа созылған.22-желтоқсанды «күн тоқырау» деп атаған.Осыдан кейін күн біртіндеп ұзара бастайды.Халқымыз «Желтоқсанда күн торғай адымындай,қаңтарда қарға адымыңдай,ақпанда ат адымындай ұзарады» деген мақал қолданған.

Уақыт өлшеуіштері: Адам тіпті ерте кезден бастап өлшеумен қатар уақытта да өлшеуді, бірақ алғашқы уақыт өлшеудің дәлдігі аз болды. Табиғат құбылыстарының мысалы, күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысып, Ай формасының өзгеріп отыратындығын және бұл өзгерістерге белгілі мерзімінде қайталап келіп отыратын периодтылық бар екендігін байқап, адам оларды өлшеуіш етіп қолданды.

Тәуілік: Ең алдымен адам не күннің, не түннің ұзындығын уақыт өлшеуіші етіп алды, содан кейін күннің де, түннің де ұзындығы үнемі өзгеріп отыратындығын байқап, олардан гөрі тұрақты өлшеуіш ретінде тәулікті-күн мен түннің ұзындығын- алды. Бірақ тәулікті әр ел әр түрлі есептеді: ирандар мен гректер тәулікті күннің шыққан кезінен бастап, ал еврейлер мен түріктер күннің батқан уақытынан бастап есептеді. Сонымен қатар тәулікті не күндізгі, не түнгі сағат он екіден бастап есептеу мәселесі көтеріледі, өйткені алғашқы екеуі жұмыс мерзімін екіге бөліп, есептеу жұмыстарында қолайсыздық туғызды.

Сөйтіп, тәулік түнгі сағат 12-ден бастап есептелінетін болды. Бір күн мен бір түннен құралатын тәулік, ертеден келе жатқан әдет бойынша, қазір де бір күн деп аталады.

Уақытты есептеуде қазақтар аспан денелерінің орналасуы мен

қозғалысына сүйенген.Мәселен,темірқазық жұлдызы жол бағдарлау қызметін атқарған.Бетпақдала мен Мойынқұмды шарлағанда үнемі осы жұлдыз арқылы бағдар жасап отырған.«Жеті қарақшы» қазақтар үшін сағаттың орнына пайдаланып,оның қозғалысы сағат тілінің қозғалысымен сәйкестендірілген.

Жыл мезгілдерін анықтауда «Үркер» жұлдызы ерекше орын алған.Үркердің көкжиекке жақын көрінуі көктемнің белгісі екендігін халық «Жатқанша үркер жамбасқа келсе,жаз шықпаған не қалды», «Үркер жерге түспей,жер қызбайды» деу арқылы білдірген.Ата-бабамыз жаз айларында «Үркер жерге түсті»,ал күз айларында «Үркер төбеге келіп қалыпты»,қыс айларында «Үркер төбеге келіпті, қыс ортасы болды» деп,аспан денелері мен табиғат құбылыстары арасындағы сәйкестікті тереңінен болжаған.Уақытты есептеудің түрі көп болғанымен ерекше аталатыны төртеу.Қазақ халқында «Тіршіліктіің оянуы» деп көктемненбасталатын есептеу жүйесі қабылданған.Бұл жұлдыздық есеп наурыздағы күн мен түннің ұзақтығының теңелетін күнінен басталады.Бұл күнді белгілеу үшін ғимарат құрылыстар салынып,күн сәулесінің терезе қуыстар жылына тек екі рет қана түсетіндей орны белгіленіп,есептеулер жүргізілген.Күн сәулесі түсетін жерде өлшемдік сызықтары бар жалпақ табақ тастар болған.Соның бірі біздің тілімізде айтылатын «Самарқанның көк тасы».Көктемнің теңгеріс күнің,яғни 22-наурызды «Самарқанның көк тасы жібіген күн» дейді.Бұл бейнелеп айтылған сөз тіркесі. Тастың «жібуі» деген сөз,тастың бетіне күн сәулесі түсті деген мағынада айтылған. Тастың бетіндегі төсімдік белгілер бір қарағанда өте қарапайым сызықтар-шаршылардан тұрады.Сыртқы өлшемдері 24 х 24см. Көк тастың өлшемдері 320 х 150 х 65 см.Сахи-Зинда месіртінің қорымда жатыр.

Қазақ халқының өлшемдерді пайдаланған ауызша есептерін қарастырайық.

Киіз үй сүйегінің өлшемдері туралы зерттеу жұмысы

Киіз үй — қазақ халқының осы дәуірге дейінгі негізгі баспанасы. Киіз үй сүйегі (қаңқасы) – киіз үйдің үш өлшемді кеңістік сұлбасын шығарып тұрған шаңырақ, уық кереге, есік (маңдайша, табалдырық, босаға, ) деп аталатын мүшелерінен тұрады.

Киіз үй сүйегінің барлық өлшемдерін кереге санымен шанырақ өлшемі арқылы шығаратыны туралы,әсіресе, шанырақ шенберінің ұзындығын киіз үй щеңбер ұзындығын үштен бір бөлігіне тең болатыны ел аузында айтылатын шанырақ өлшемі кереге санына керегі басына тәуелді. Алты қанат кигіз үй сүйегіне жасалған өлшеулер мен зерттеулерден туындаған қорытындылар кигіз үй суйегінің дайындау зандылықтарын анықтауға мүмкіндігін берді және зерттеу жұмыстарымен қорытындысы киіз үй сүйегінің өлшемдері бір зандылыққа бағынатындығын байқатты Шаңырақ өлшемі – А =1 метр.

Шаңырақ щеңбер ұзындығы – Ш. Кереге саны – К. Ш=К А (1)

Алты қанат үй шаңырағының диаметрі Д=6/3,14=1,91 м.

Кигіз үй шеңберінің ұзындығы — С

Киіз үйдің белдеу арқылы (6*3)+2 м =20 м

Киіз үй щеңбер ұзындығы шаңырақ щеңберінің үш есе артық. С=3Ш+Т (2)

Т – тұрақты сан, киіз үй есігінің ені, 130 см.

С=3Ш+Т=(3*6)+1,30=19,30 см.

Кереге саны «К» үй иесінің қалауы бойынша – анықталады. К=Ш/А (3)

А саны 1-ге болған жағдайда кереге саны шаңырақтың метрлік өлшемі санына тең болады. Мысалы Үй иесі шеберге алты қанатты үйге сұраныс жасады дейік.

Кереге саны – 6 ,Шеңбердің ұзындығы -6 см., Шаңырақ диаметрі- 1,91 м,

Үй шеңберінің ұхзындығы -19,30 м.

Осылар арқылы киіз үй сүйегінің қалған мүшелеоінің өлшемдері анықталады.

Кереге биіктігі Һ аңырақ щеңберінің,ұзындығын Ш бестен бір бөлігіне тең

Һ=Ш/5 (4) Шаңырақ щеңберінің ұзындығы 6м; Һ=6/5 =1,2 м.

Жайылған кереге ұзындығы үш өлшеміне тең. ЖК=3*А (5) ЖК=3*1=3м.

Уық иінің бұрышы зерттеу тәжірбиелерінің нәтижесінде уық пен еден жазықтығының арасындағы бұрыш 45 градусқа жуық екені байқалады.Кейбір зерттеу жұмыстарында бұл бұрышты 60 градусқа, 72 градусқа тең деген қате пікірлер кездеседі. Ол бұрыш 45 градустан үлкен болса үй тым шошайып, сәнсіз болып көрінер еді. Ал бұрышты сол мөлшерден азайту шық-шылау, жаңбырлы кездерде үйге тамшы таму мумкіндігін көбейтеді.

Уық ұзындығы. У*=2 (R үй-R ш) (R үй-Rш) (6)

Мысалы:Қанат саны -6. Шаңырақ шеңбер ұзындығы -6м

Шаңырақ диаметрі -1,91/2=0,95 м. Киіз үй щеңбер ұзындығы -19,30м

Киіз үй диаметрі -19,30/3,14=6,33м

Киіз үй радиусы -6,33/2=3,16 м

Уық ұзындығы – 2(3,16-0,95) )3,16-0,95)=2(2,21*2,21)=9,77 . У=3,1м.

Уық иені кереге биіктігі , үштен бір бөлігіне тең .Уи=Һ/3 (7)

Уи=1,2/3=0,4м Киіз үй биіктігі Һүй=(Һк+Уи)+(Rүй+Rш) (8)

Һүй=(1,2+0,4)+(3,16-0,95)=1,6+2,21=3,81м

Кереге басы Жайылған кереге ұзындығы 3 метрге тең болғанда, бір керегеде уық байланатын 16-17-18 бас болғаны тиімді деп есептеледі. Алты қанатты үй керегесінің басы (6 Х 17)=102 бас

Уық саны

Керегеге бекітілетін уық саны – 102 бас Маңдайшаға бекітілетін уық саны 5-7

Барлық уық саны 102+5=107

Шаңырақ көзі. Шаңырақ көзі уық санына тең. Шаңырақ шеңберінің ұзындығы алты қанатты үйде – 6м. Шаңырақ көздерінің арасы 600:107=5,60см

Үй мен шаңырақ шеңберінің ұзындығы және кереге мен уық биіктіктері арқылы киіз үй кигіздерінің өлшемдерін (үзік, туырлық, түндік, іргелік) анықтау қиындыққа түспейді. Шаңырақ көзі қиық конус формалы бұрғымен (бас жағы 2 см, түп жағы 2,5см) ойылады. Шаңырақ көзі остерінің арасы 5-6см жобада тесіледі. Киіз үй дөңгелкегінің ауданы.

Алты қанатты үйдікі 28 шаршы метр.

Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен. Білім бере отырып тәрбиелеген. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған.

Қазақ халқының ауыздан – ауызға тараған есептері, оның тыныс тіршілігін табиғатпен, қоғаммен қарым- қатынасын ойлау жүйесін дамығандығын білдіреді.

Ойын, тілін, білімін дамыту үшін ауыз әдебиетінің түрлерін пайдаланып, жаңылтпаш, жұмбақтар айтқызып, ертегілерді, аңыз әңгімелерді қолданған. Осы арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өз ойын қорыта білуге, есте сақтау қабілетінің дамуына, бір сөзбен айтқанда баланың зеректігін қалыптастыруға үйреткен.

Өзімнің машақтану кезімде қазақ халқының өлшем бірліктерін оқи отырып, математикада қазақтың өлшем бірліктерін, шығу тарихымен таныса отырып, қазіргі өлшем бірліктерінің баламаларын анықтауға, яғни қатар қолдануға болатын мүмкіндіктерін негізге алдым.

Пайдаланылған әдебиет:

1.Қазақ жұмбақтары.-Алматы,Қазақ мемлекеттік көркем-әдеби баспа.1959.

2.Дүйсембінова Р.Қ. Мектеп этнопедагогикасын мектеп практикасына

ендіру.-Алматы: «Ғылым» 2000.

3.Қазақтың көне тарихы.(Дайындаған М.Қани) – Алматы.«Жалын»,1993

4.Қазақтың байырғы қара есептері.С.Елубаев-Алматы 1996

5.Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997

6.Қазақ халқының салт-дәстүрі.С.Қалие,М.Оразаев-Алматы 1994.

7.Дүние өлшеммен жасалған.Ғ.Ақпанбет.

8. Қазақтың киіз үйінің түрлері туралы: Т. Арынов

Жұлдыз № 11 1993ж

Оставьте комментарий

Filed under Konkurs

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.