Daily Archives: 19.01.2016

Гүл өсіре білейік!


№9 жалпы орта білім беретін мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі Есенова Ляиля Байтоллақызы

Күнделікті өмірде гүлге су құйған кезде олармен сөйлесемін. Гүлдер де адамдар сияқты өздерін жақсы көргенін сезеді. Олар адамның көңіл күйіне байланысты өсіп,жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал болатын болса,сары уайымға салынып,ауырады. Дер кезінде су құйылмай,шаңын сүртпесең, «ренжіп», адам ағзасына улы заттар бөліп шығарады. Бөлме гүлін өсірмес бұрын ол гүл туралы егжей-тегжейлі біліп алған жөн.” Гүлдіңде жаны бар” –дегенді естуіңіз бар шығар? Төменде айтылатын гүлдер туралы ғалымдар зерттеп, дәлелдеп берген. Бөлме гүлі мен кәдімгі сыйлық ретінде тарту етіп беретін гүлдер туралы,оларға қатысты кең таралған ырымдарға тоқталсам: Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ, НҰРЫ ТАСЫСЫН…


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы

«№1 мектеп-гимназиясы»КММ

Тлешова Мадина Рустемовна

Бұл мақаланы былтыр жариялайын деп даярлап едім, анау-мынау деп жүргенде жүйрік уақыт зулап өте шықты. Жаз келіп қалды, оқушылар демалысқа шығып етті. Қыркүйекте жариялармын деп жүргенде ол Астана қаласындағы №70 лицейге ауысып кетті. «Сабақты ине сәтімен» демекші, бір жағынан оған деген сағыныш, екінші жағынан акция осы мақаланың жарық көруіне себепші болды. Мүмкін сәті түсіп қазіргі сыныптастары бұл мақаланы оқып, ол қандай болғанын оқып білер. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Отбасы береке бастауы


Даулетова Гулмира Муханбетовна

Отан отбасынан басталады демекші.Отбасы әр адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оныңөміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланыңқажеттігін толыққанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін бесікте жатқан кезден бастап тәрбие береміз.Әр бала қай ортада жүрседе өз отбасынан алған тәрбиесін көрсетіп отырады. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Шынайы мектеп өмірі


Атырау облысы Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов орта мектебі 4 ә сынып

Бисембаева Әсем Артурқызы

Сынып жетекші: Иманбаева Гүлзура Құлымқызы

Білімнің сара жолы мектептен басталады. Мектеп — білім ошағы. Әр адам осы білім ордасынан алған білімдерін жалғастыра отырып өмірден өз орындарын таба алады.

Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен тығыз байланысты.Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Мектеп — біздің екінші үйіміз.Мектеп білім беріп қана қоймай, бізге үлкен тәлім — тәрбие, саналы өмір, болашаққа жол сілтейді. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Өнерлінің өрісі кең


Куанышбек -Айзат Каримхановы

Бұл күнде ине сабақтап,кесте тіккен жанды кездестіру қиын.Сондайда ою ойып,сырмақ сырған,жүн түтіп,талай түскиізге өрнек салған кезіндегі алтынқол әжелерге қайран қаласың.
— Ісмерлік-қазаққа тән қасиет. Кесте,сырмақ,көрпе болсын көз майын тауысып отырып бітетін іс.Дәл сол сияқты сурет өнері де аса шыдамдылық пен көрегенділікті,ұқыптылықты талап етеді.
Ақтоғай ауданы «Өнер» мектебінің Көркемөнер бөліміне түсетін оқушылар күн санап артып келуде. Соларға бірен саранына тоқтала кетсем Жансарбай Ағыбай,Жұманова Асем,Дүйсенбекова Асем,Маденият Мадина сынды оқушыларым ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «RAINBOW ARTS»ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫП 1-2-3 САТЫЛЫ ЛАУРЕАТ АТАНДЫ.
Осындай өнерлі оқушыларымыздың өнерлері өрге жүзсін!

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Иманбаева Гүлзура Құлымқызы


Түйіндеме

Аты-жөні: Иманбаева Гүлзура Құлымқызы

Туған жылы,айы,күні: 26.08.1980 ж.

Туған жері: Атырау обл.Қызылқоға ауд.Жасқайрат ауылы

Бітірген орны: Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж

Атырау педагогикалық институты «Педагогика және психология»

Жұмыс орны: Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп

Қызметі:Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілімі: 15 жыл

Санаты: І Читать далее

1 комментарий

Filed under АКЦИЯ

«Тимуршылар» тобы құрылды


Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектбі Казиева Салтанат

Қайырымдылық айында Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің жанындағы «Жас Ұлан»ұйымының ерікті мүшелерімен «Тимуршылар» отряды құрылып, былтыр Қамат атаның және Күлзағира әженің үйіне барса,биылғы жылы оқушыларымыз ауыл тұрғыны Роза апайдың үйіне барып ауланың іші-сыртқы шаруашылығына көмектесті.Ұйымдастырған шараның мақсаты-оқушыларды патриоттыққа,үлкенді құрметтеуге,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.Мұқтаж жандарға қол ұшын созған оқушылар Роза апайдың ақ батасын алып қайтты.Игілікті шаралардың алға қарай жалғастыратын болады.

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ