Daily Archives: 20.01.2016

Сабақ тақырыбы: Жусан иісі. Презентация


Кузербаева Эльмира Хазиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО Мақтарал ауданы,Игілік ауылы

жусан ис 4 с.pptx

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Сабақ тақырыбы: «Рақмет саған Әліппе»


Кузербаева Эльмира Хазиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО Мақтарал ауданы,Игілік ауылы

Тақырыбы: «Рақмет саған Әліппе»
Мақсаты: 1) оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту;
2) өз ата — аналарға, ұстаздарға білімдерін көрсету;
3) адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.
Көрнекілігі: шар,видео ролик, ұлағатты сөздер. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Түркістан қаласының дарынды ұрпағы – Сесёлкин Владимир


Несипкул Мейманханқызы Утебаева,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
9 мектеп-гимназия мұғалімі

Дәл осы айтылған аңдатпамен Сесёлкин Владимирге қала әкімі Әліпбек Өсербаев Мақтау қағазын тапсырған болатын. Бұл Мақтау қағазда: «Туған өлкеміз Түркістан қаласының мерейін арттырудағы, сапалы білім мен саналы тәрбиенің жемісін көрсетудегі елеулі үлесің үшін Саған шексіз алғысымды білдіремін! Еліміздің жарқын болашағын дамытуда әлі де аянбай еңбек етуге және терең ғылыми ізденістердің шыңына жетуге тілектеспін!» деп, жазылған. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

16 желтоқсан — Тәулсіздік таңы атқан күн


Жақында Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінде бастауыш сыныпта 4 а сыныбында Жұмашова Майраның ұйымдастыруымен 16 желтоқсан — Тәулсіздік таңы атқан күн Тәрбиелік шара өтті. Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске түсіре отырып, оқушыларды патриоттық сезімге өз отаның қорғауға тәрбиелеу. Сынып іші тақырыпқа сай безендірілген. Желтоқсан құрбандарының суреттері ілінді. 1 минут үнсіздік жарияланып, әнұранмен басталды. Оқушылар желтоқсан туралы өлеңдер оқыды. Елім менің, Желтоқсан желі, Атамекен әндерін орындады. Бейнетаспадан Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша мағұлмат көрсетілді. Қайраттың болашақта тәуелсіздікті аңсаған хаты оқылды. Еркек тоқты құрбандық атты көрініс қойылды. Тәуелсіздік шежіресі 1991-2015 ж аралығына тарихи шолу слайды көрсетілді. Балаларды рухани тәрбиеге, патриоттық сезімге баулитын шара болды. Оқушылар бізге қалай, қайтіп келгенінен хабардар болсада, желтоқсанның ызғарлы желін сезінгендей әсер алды.

Мақаланы жазған: Молдағалиева Айнагул

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Дарынды ұрпақ –болашақ кепілі


Ақмола облысы Шортанды ауданы Новоселовка ауылы
Новоселовка орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Матан Зоя

Сәрсенби Бердыбай Шортанды ауданында дүниеге келген. Алғаш Новоселовка орта мектебінде 1-сыныпты оқыды.Бастауыш сыныптан бастап өзінің өлең жазатынын көрсете білді. Өлең жазуды басында әуес ретінде жазса, соңында өлең жазуға нағыз кірісе бастады. Ең алғаш өлеңін 8 наурыз күні анасына арнап жазды. Содан бастап, Бердыбай өзін өлеңге деген құштарлығын көрсете алды. Басында сүйікті ісі екенін айтса, қазір ақын болуға тырысып жүр. Біздің Бердыбай болашақта мол жетістіктерге жететіне күмән жоқ шығар.

5-сыныптан бастап, «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» оқуларына қатысқан.Мұқағали оқуларына қатысып, «Қасиетіңнен, қара өлең айналайын» байқауында ІІ орын, «Жақсы сезім жаны игі халқым үшін» байқауында І орынға ие болды. Абай оқуларында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» байқауында ІІІ орынды иеленді.

2014ж Абай оқуларында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» байқауында І орынмен марапатталған. «Мұқағали өлеңдеріндегі салт- дәстүр мен нақыл сөздер» деген тақырыпта аудандық ғылыми жобаға қатысты. Бұл жетістік мектеп үшін де, мұғалім үшін де мақтаныш болып саналады.

Бердыбай -өте зерек , дарынды, адамгершілігі мол, достарымен, мұғалімдермен тез тіл табыса алады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіреді. Бердыбайдың болашағынан мен мол үміт күтемін. Біздің келешегіміз үшін дарынды оқушылар өте қажет деп ойлаймын.

 

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуі


Мектебіміздің мұражай қызмекері Айтбаева Арайлым аудандық мұражайда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуі» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараға мектебіміздің 7-9 сыныптары белсене атсалысты. Кеш барысында 7 сынып оқушысы Ахметжан Г әсем әнді әуелетсе, 9 сынып оқушысы Шыңғысова К жүрекжарды жыр шумақтарын арнады. 8 сынып оқушылары қазақ елінің өткен өмірінен көрініс көрсетті.Кеш қызықты әрі тартымды өтті.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №3 орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі Мұханова Ардақ Қуандыққызы

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Мен өз мектебіммен мақтанамын


Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов орта мектебі 4 ә сынып

Дүйсенбаева Жаннұр Самғатқызы

Сынып жетекші: Иманбаева Гүлзура Құлымқызы

Мектеп деген-алтын ұям, ардақтар,

Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар.

Білім беріп, тәрбиеге үйреткен

Туа берсін өзіңе арналған тармақтар!

Ж.Дүйсенбаева

Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп… Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Мен Дүйсенбаева Жаннұр Самғатқызы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат селосында Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінде оқимын. Мен 2005 жылы 5 қаңтарда дүниеге келіппін. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ