Daily Archives: 24.01.2016

Акция туралы шығармашылық есебім


Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Даулетова Гүлмира

Баршамыздың шығармашылық еңбегімізді елеп-екшеп, жарыққа танытып жүрген 45 минут журналының редакторы Ізгілік Нагиев мырзаға айтар алғысымыз шексіз! Ағайымыз ұстаздар қауымының жетістігін танытып еңбегі одан әрмен өрлеп, қызметінің қызығына бөленіп, жақсы игі істермен биіктерге шыға бергей деген тілегім бар.
Акция 18-24 қаңтар аралығында ұйымдастырылғандықтан барымызша уақыт бөліп, өзге ұстаздар мақалаларымен де таныс болып, жан-жақты жаттығып,  әр күннен бір қуаныш күтіп талпына түстік.
Қазіргі таңда тиімді жолмен ұстаз еңбегін елеу, бағалау, ұстаздарды ынталандыру керек-ақ сәтте осындай акция ұйымдастыруда нұр үстіне нұр болып тың бір серпін көтерді қуанышымызда шек жоқ. Алға қарайда осындай шаралар ұйымдастырылса белсенділікпен қатынасып қоғамда болып жатырған бар жаңалықтан құр қалмауға тырысамыз деп ойлаймын. Өз басым істеген істерімізді, жасаған еңбегімізді мақала арқылы жариялап жазуда кейде жалқаулық танытып, өзімізді кейін тартып жатамыз. Осындай бойымыздағы жалқаулықты жойып әр адам өзін-өзі талпындырып, еш жалықпай қызмет қылса әр қиындығымыздың арты осындай жақсы дүниемен шешіліп жататын үлкен жеміс екенін ұға білдім. Мен үшін бұл акция үлкен талпыныс сыйлады, еңбегіңіз жана берсін тек қана алға 45 минут!

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Шоқтығы биік ұстаз


Изимова Қарылғаш

Уақыт шіркін, өз дегеніне көндіріп, өміріңді көз алдыңа келтірмей қоймайды. Осы жылдар ішінде кіммен әріптес болдың, кіммен дос болдың, кімді үлгі тұттың бәрі-бәрі еріксіз ойға оралады және оны анда-санда болса да сыртқа шығарудың бір себебін іздейді екенсің. Сөйтіп көп ойланбастан бірнеше жылдан бері әріптесім, әрі сырлас досым Иманбаева Гүлзура Құлымқызы жөнінде бір мақала жазуым қажет деген тоқтамға келдім. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Құзыреттілікті дамыта отырып қосымша білім беру


Несипкул Мейманханқызы Утебаева,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
9 мектеп-гимназияның мұғалімі

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда «Құзыреттілікті дамыта отырып қосымша білім беру» тақырыбы бойынша қалалық семинар өтті. Аталған тақырып бойынша қалалық семинардың бағдарламасы бойынша факультатив, үйірмелерден ашық сабақтар көрсетілді. «Жаңа діни қозғалыстары туралы түсінік» тақырыбында дінтанудан А.Б.Омарова, «Геометрическая резьба по дереву» тақырыбында технологиядан Ю.В.Костин, «Туады ерлер – ел үшін» тақырыбында қазақ әдебиетінен А.В.Алтынбекова, «Особо охраняемые территории Казахстана» тақырыбында географиядан Н.Р.Шимпулатова, «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында Абайтанудан Е.Ж.Исахов, «Сындарлы оқыту теориясының қосымша білім беру процесіндегі тиімділігі» тақырыбында биологиядан А.С.Бижанова, «Акмеология пәнінің енгізілуінің маңыздылығы» тақырыбында акмеологиядан А.А.Кулетова, «Алюминий және оның қосылыстар тақырыбында химиядан А.Е.Арыстанбековалар оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы сабақтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізіне сүйене отырып іс-тәжірибелерін көрсете білді. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Акциядан алған әсерім


Акциядан алған әсерімді айтар болсам, еңбек жолын енді бастаған жас мамандарға септігі көп болды.Акция біздерді жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке үйрете білді. Алдағы уақытта да акциялар жиі ұйымдастырылса екен. Сан қырлы ұстаздық мамандығын игеру үшін жас мамандарға осындай сайыстар олардың педагогикалық шеберлігін шыңдай түсері анық. Акция ұйымдастырушыларына зор алғысымды білдіре отырып, шығармашылық табыстар тілеймін.

Мұханова Ардақ Қуандыққызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы 
№3 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

«Ұмытылмас ұстаздар бар өмірде, Ұлағаты айтылатын жүрекпен»


Шалқар ауданындағы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінде ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, тыл ардагері , «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалінің иегері, ұлағатты ұстаз, марқұм Бердімжай Еңсеповтың 80 жылдығына орай «Ұмытылмас ұстаздар бар өмірде, Ұлағаты айтылатын жүрекпен» атты еске алу кеші өтті. Оған Бердімжай ағаның отбасы, онымен қызметтес болған азаматтар және оқушылар қатысты.

Кеш барысында ұстаздың өнегелі ұстаздық өмір жолы жайында бейнесюжет көрсетілді. Одан кейін ұлағатты ұстаздың қызметтес болған әріптестері ұстаз хақында сыр шертті. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мұханова Ардақ Қуандыққызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы 
№3 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

5 -11 сыныптарының арасында үйірме жұмыстары


Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы-педагогы Нұрпайзова Айнұр Кенесбайқызы .Тарих пәнінің мұғалімі. Жоғарғы санатты.

Мектеп бойынша оқушы компонентінен 5-11 сыныптарда 24 сағат бөлінген. 5-8 сыныптарда даму пәндері бойынша «Жас суретшілер», «Шебер қолдар», «Айгөйлек», «Ісмерлер», «Жас инфарматик» «Компьютерная графика» үйірмелері бар. Гуманитарлық бағыт бойынша «История в лицах», «Әділет» дебат клубы үйірмелері болса, жаратылыстану пәндері бойынша «Физико-техническое модилирования», «Қызықты ботаника» «Жас эколог», «Мир биологии», «Генетика және селекция» үйірмелері жүргізілуде. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ

Қалалық семинар


Несипкул Мейманханқызы Утебаева,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназияның мұғалімі

Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігінің “Қазақ тілін өзге тілді сыныптарда меңгертудің еуропалық стандарты негізінде оқыту”тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинардың басты мақсаты – мұғалімдердің кәсіби білімі мен біліктерін арттыру;педагогикалық шеберліктері мен шығармашылықтарын шыңдау;шығармашыл мұғалімдердің озық тәжірибесін кеңінен насихаттау; тәжірибе алмасу; оқыту сапасын арттыру;оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау болды. Мектеп басшысы Ж.Ә.Орынбаеваның бұйрығымен І жарты жылдық бойынша бұл үшінші кезектегі семинар болды. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ