Daily Archives: 25.01.2016

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ҰБТ-ға ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛД АРЫ


Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы-педагогы Нұрпайзова Айнұр Кенесбайқызы.
Тарих пәнінің мұғалімі. Жоғарғы санатты.

Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға көп жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

Тарих пәнін оқытудағы басты міндет – Отан тарихын оқушы санасына сіңіріп, ел тарихын жете меңгертіп,отанына деген патриоттық сезімін ұялатып, азаматтық көзқарас қалыптастыру. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе. Тестілеу оқушылардың оқудағы жетістігін бағалауды бекітілген оқу бағдарламасы бойынша және барлығына бірдей ортақ құрылған стандартты тестерді пайдалану арқылы жүзеге асырады. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Акция қорытындысы


18-24 қаңтар айында өткізілген акцияға қатысушы ұстаздарымыз кестеде белгіленген қатысу белсенділігі бойынша сұрыпталды.
Акция қорытындысымен таныс болыңыздар:

Ең көп мақала жариялаған: Утебаева Несипкул Мейманханқызы— 34мақала – Топтама жинаққа материалы тегін қабылданады

Көп сурет жариялаған: Өтепқали Нәсіпқали— 9 мақала — Арнайы диплом

Күнделікті қатысып, акцияның барлық шарттарын орындаған: Қарасаева Райгүл, Салтанат Казиева, Тлешова Мадина, Бисенғалиева Арай, Карлыгаш Изимова, Өтепқали Нәсіпқали – Республикалық 45minut.kz газетіне мақалалары тегін жарияланады.

Көп мақала жариялағандар: Қарасаева Райгүл — 12 мақала, Салтанат Казиева — 17 мақала, Даулетова Гулмира — 7 мақала, Жанар Мушатова — 9 мақала, Өтепқали Нәсіпқали — 9 мақала, Ляиля Есенова — 12 мақала, Тлешова Мадина — 10 мақала, Тимур Берденкулов — 9 мақала, Айнур Нурпайзова — 7 мақала, Бисенғалиева Арай — 8 мақала, Карлыгаш Изимова — 7 мақала, Утебаева Несипкул — 34 мақала — Арнайы диплом

Акция кестесінде көрсетілген барлық қатысушыларға сертификат және алғыс хат беріледі. Акцияға қатысқан барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз. Әрдайым шығармашылық байланыста болайық!

Ескерту: Акция басталғанда қатысуға өтініш білдірген ұстаздар саны көп болғаны белгілі. Акция кестесінде белгілеу басталған соң кесте тізімі нақтыланды және акция шарттарына сәйкес бір мақала да болса  жіберген ұстазды кестеге қостық. Жұмыс ретімен акцияға қатысуға мүмкіндіктері болмаған ұстаздар үшін Акция -2 басталғанын хабарлаймыз және шарттары жақында жарияланады. Акция шарттары орындалуы мүмкін және ұстаздар шығармашылығын дамытуға бағытталған шарттар болады. Тұрақты байланыста болыңыздар.

Акция кестесін қарап, қатысушылармен таныс болыңыздар.
Читать далее

11 комментариев

Filed under АКЦИЯ