Редактордың қорытынды мақаласы және Акция № 2


Құрметті Ұстаздар! Акция аяқталған соң,  редакцияның шұғыл жұмыстарымен қорытынды мақала жазуға қол тимеді. Негізі, акция қорытындысын жариялағаннан кейін акцияның қаншалықты маңыздылығын және ұстаздардың шығармашылығын дамытуға акцияның қаншалықты пайдасы болғанын почтаға келген алғыс хаттар мен Интернетте жарияланған пікірлерден білдік. Ұстаздардың қолдауы мен ризашылығын сезіндік. Сондықтан да акцияны тұрақты жалғастыруға және әрбір акция барысында «Саннан сапаға» бағытымен жұмыс жасау керек деп шешім қабылдадық.

Бірінші, өткен Акция-1 қорытындысы туралы Редактор пікірін жазайын. Акцияның алғы шарты: «Суретті тарату және қатысамын деп Редактор почтасына хат жазу керек» — деген шарт болғанын білесіздер. Сондықтан, басқа почталарымызға жазылған хаттарды қабылдамадық.
Ол шарт арқылы мақсатымыз ұстаздардың Интернетті меңгерудегі қабылетін байқау болды.  Акцияға қатысамын деп хаттар көп келді, жалпы тізімі де жарияланды. Ал, алғашқы тізімге енбеген хаттар да болды. Ол хаттар сұрақ түрінде келді, сондықтан жарияланбады. Жалпы 100-ден аса хат келді, біз тек 80-шақты хатты тізімге енгіздік. Сонымен акцияға қатысуға ұсыныс білдіргендердің алғашқы тізімін жарияладық және алғашқы 30 ұстазға акция туралы сараптамалық сұрақ анкетасын жібердік. Сұрақ анкетасында да ұстаздар тарапынан жақсы белсенділік байқалды.

Ал, суретті тарату мәселесінде ұстаздар тарапынан: «Суретті қайда таратамын, группаға, ұстаздарға айттым сол жарай ма?» деген сипатта сұрақтар көп болды. Акция ұйымдастырылғанда негізгі мақсатымыз акция туралы сурет таратып жарнамалау болмағандықтан ол шартты орындау ұстаздардың өз еркіне қалдырылды. Және сол сұрақтар арқылы алдағы ұйымдастырылатын акцияларымыз барысында ұстаздарға Интернетте ақпаратты тарату мастер сабақтарын өткізу керек екенін білдік.

Екінші, акция шарттарын және қатысушылар тізімін жарияладық. Акция басталды, алғашқы мақалалар келе бастады.  Мақалалар бастапқыда келу уақыты ұзақтау болғанымен, уақыт өте келе жиілей бастады. Тіпті, акция қатысушылары қайсысы қай уақытта мақала жібереді екенін білетіндей болдық. Ал, мақала сапасына келсек ол да акция соңына қарай нақтыланды. Тіпті, соңғы күндерде келген мақалалар негізінен акция шарттарына сай мақалалар болды. Демек, бұл жерде де акцияның бір аптаға жалғасуының жақсы нәтиже көрсеткенін байқауымызға болады.

Үшінші, акция қатысушылары тізімін нақтылап, мақала жіберіп, акция шарттарын орындауға уақыт мүмкіндігі болмаған қатысушыларды тізімнен алып тастадық. Күнделікті жарияланған мақалалардың саны белгіленді.

Төртінші, акция суреттері туралы да жеке айтуымызға болады. Мақалалармен бірге суреттер келе бастады. Ұстаздар материалында қалыптасқанындай суреттер Ворд документ ішінде. Ворд документтерде келген суреттерді енді жібермеңіз, суретті жеке жіберіңіз деп жауап хат жазып, келесі мақалада Ворд ішінде келген суреттерді жарияламадық. Ұстаздарымыз бұл сабағымызды бірден үйреніп алды. Суреттер де мақалалар сияқты жақсы сапаға жетті. Келесі акция қатысушыларына қояр талабымыз да нақтыланды.

Бесінші, акцияның ең қызықты және есте қаларлық оқиғасы деп акция мақаласына сабақтар, баяндамалар, жетістіктер көрсетілген тізім жібермеңіздер дегеніміз болды. Әрине, енді не жібереміз деп те сұраушылар болды. Ұстаздарымызға үйреніп қалған материалдар сүрлеуінен шығып жариялауға сай материалдар табу оңай емес еді. Сондықтан да: «Жаңалық мақаласы дегеніміз күнделікті өміріміз. Оның ішінде көп уақытын мектепте өткізетін ұстаздар үшін жаңалық тіпті де толып жатыр. Жаңалық форматында мақала жазу ең оңайы. Білім мекемелерінде күнделікті болатын іс шаралар жеткілікті. Іс шарадан бірнеше сурет жəне қысқаша ақпарат» — деп хабарлап мақала жариялауда жаңа жетістікке қол жеткіздік.

Сонымен, акция қорытындыланды. Белсенді қатысушылар белгілі болды. Жақында, акция қорытындысына сәйкес сертификаттар мен алғыс хат, дипломдар жіберіледі. Барлығымызға да жағымды әсер сыйлаған акция апталығы болды деп сеніммен айта аламыз. Барлығымыз бір ұжым ретінде бірлесе жұмыс атқардық және жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Акцияның негізгі мақсаты ұстаздарымызға БАҚ жұмыс істеуді үйрету және ақпараттармен жұмыс туралы мағлұматтар беру еді. Мақсатымыз орындалды және барлығымыз да жұмыс атқара отырып тәжірибе жинақтадық. Редакция атынан алғыс білдіреміз.

Ресми хабарландыру: Республикалық 45minut.kz басылымы атынан Акция-2 басталғанын хабарлаймын.
Акция-2 атауы: «Білім жаңалықтары»

Акция-2 қатысушы ұстаздарға нақты тапсырмалар беріледі. Акция 10 күнге жалғасады. Тапсырма тақырыбы күнделікті алдын-ала жарияланып отырады. Сол тапсырма бойынша ұстаздар жаңалық форматындағы мақала жазулары керек. Мақала көлемі шектеусіз. Суретке байланысты талаптар белгілі. Мақала жіберу және сурет шарттары Акция-1 де жазылған шарттар (Сілтеме. Оқып шығыңыз)  бойынша. Ерекшелігі, ескі жаңалықтар қабылданбайды. Яғни, жаңалық мерзімі 25.01.2016 жылдан басталуы керек.

Өткізілу уакыты: 01.02.2016 ж — 10.02.2016 ж аралығында. Қорытындысы 11.02.2016.

Тіркелу шарты: Акцияға қатысу үшін 30-31 қаңтар 2016 күндері redaktor@45minut.kz Редактор почтасына түйіндеме және алғашқы мақаласын жіберу керек. (Басқа почталарға жіберілгендер есептелмейді)

Алғашқы мақаласы жарияланған соң қатысушы тізіміне енгізіледі. Акция-1 қатысушылары да қатысуына болады. Түйіндемелерін екінші рет жіберу қажет емес.

Арнайы ұсыныс: Акция-2 қатысушы барлық талапкерлер акция туралы өзге де ұстаздарға кеңінен хабарлауға ұсыныс білдіреміз. Яғни, почта, ватсап, интернет, агент, смс, телефонмен хабарлау, кездескенде әңгіме барысында хабарлау т.б барлық қолжетімді формада  хабарласаңыздар екен. Белсенді хабарлаушылар да атап өтіледі.

Алғашқы тапсырма: «Мектеп жаңалығы» тақырыбында мақала жазу. Күнделікті мектептегі жаңалық туралы жазуға болады. Өткізілген ашық сабақ, іс-шаралар т.б жаңалықтар

Іске сәт! Барлық ұстаздарды қатысуға шақырамыз!

3 комментария

Filed under АКЦИЯ

3 responses to “Редактордың қорытынды мақаласы және Акция № 2

  1. Уведомление: Акция № 2 басталды…. Іске сәт! Барлық ұстаздарды қатысуға шақырамыз! | БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ

  2. Уведомление: Акцияның бескүндігі | БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ

  3. Уведомление: Акция-2 қорытындысы | БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.