Акция № 2 басталды…. Іске сәт! Барлық ұстаздарды қатысуға шақырамыз!


Құрметті Ұстаздар! Редактордың қорытынды мақаласын (Сілтеме) оқып және өткен Акция-1 (Сілтеме) шарттарымен танысқан ұстаздарымыз Акция-2 қатысуға өтініштерін білдірді. Редактор почтасына көптеген хаттар келді. Келген хаттармен танысу барысында кейбір ұстаздарымыздың акция туралы ақпараттары жеткіліксіз екенін байқадым. Негізінен акция шарттарын оқып, таныспағандар да бар екен. Әрине, акция шарттары сайтта жарияланған және таратылған ақпараттық хатта да жазылды. Дегенмен, акцияға қатысуға талаптанушыларға (Сілтеме деп белгілеулі) шарттармен танысып шығуды ұсынамын.

Хаттар туралы: Келген кейбір материалдардың ақпараттық мерзімі ескірген. Яғни, Акция-2 шарты бойынша  жаңалық мерзімі 25.01.2016 жылдан басталуы керек.  Кейбір хаттарда мақала мерзімі туралы «Жуырда, жақында, кеше, бүгін»  т.б (Уақыты жағынан мағынасы әртүрлі уақыттарға көрсетеді ) деп жазылған. Ондай жағдайда мақаладағы суреттерді зерттеп қарап, суреттің түсірілген уақыты жариялауға сәйкес келсе жариялауға жіберілді. Сонымен қатар, жарияланған мақалаларға аз ғана редакторлық түзетулер енгізіп, сөйлем құрау жағынан реттестіріп, нақтыланды. Мақалалары жарияланған ұстаздар мәтіндегі өзгерістерді байқай алады.

Акция-2 алғашқы қатысушылары: Казиева Салтанат Оржановна, Қуанова Ләззат, Молдағалиева Айнагүл, Имантаева Гүлшат Сағитбекқызы.

02. 02. 2016 күнге тапсырма: «Оқушы жетістігі» тақырыбында мақала жазу.

Акция-2 қатысу жалғасады. Талапкерлер акция шарттарын оқып шығып мақалаларын жібереді.   Акция-2 —  10 күн бойы жалғасады. Соңынан қатысушылар күнделікті тақырыптарға сай мақалаларын жариялап толықтыруына мүмкіндік бар. Жақында акция қатысушыларының тізімі және таблицасы жарияланады.

P.S. Редакция жұмысы туралы ақпарат: Акция-2 хаттарын сараптау кезінде Акция -1 қатысушыларына сертификат, алғыс хат, дипломдары жіберілді. Сертификат құжаттарды алғаны туралы Фейзбук желісінде Утебаева Несипкул апайымыз хабарлады. Республикалық 45minut.kz газетінің материалдары әзірленді (жақында шығады), ұстаздар мен оқушылардың топтама жинақ кітабы баспаға тапсырылды. Топтама кітап жақында Казпочта арқылы таралымға жіберіледі.

 

2 комментария

Filed under АКЦИЯ-2

2 responses to “Акция № 2 басталды…. Іске сәт! Барлық ұстаздарды қатысуға шақырамыз!

  1. Уведомление: Акцияның бескүндігі | БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ

  2. Уведомление: Акция-2 қорытындысы | БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.