Акцияның бескүндігі


Құрметті Ұстаздар! Акция-2 бескүндігі өтті. Енді бес күн қалды. Осы ретте онкүндіктің аралық қорытындысын шығарып, келесі бескүндігінде сапалы нәтижелерге жеткіземіз деп есептеймін.

Акция мақалалары деп Редактор почтасына жүздеген хаттар келуде. Хаттарды оқып, акция шарттарына сәйкестігін нақтылау, жариялауға жіберу жұмыстары жүргізілді. Көптеген хаттар «Акцияға қатысамын, қатысқым келеді» сипатында. Акция шарттарында жазылғандай акцияға қатысу үшін бұл мәтіндегі хат жіберудің қажеті жоқ. Акция шарттарымен танысып, шарттарға сәйкес мақала жібересіз. Мақала жарияланады.

Акцияға мақала деп көптеген сабақтар, баяндамалар, презентациялар келуде. Әрине, ұстаздар көпшілігі Интернетте материал жариялауда үйренген және қалыптасқан жағдай. Бірақ, акция өзгеше. Акция шарттарында жарияланғанындай сабақ материалдары жарияланбайды. Сондықтан Акция шарттарымен танысып шығуды ұсынамын.

Акция мақалаларының суреттері туралы ескеретін маңызды мәселе. Суреттерді Word документ ішінде жібермеңіздер. Редакция ол суреттерді ала алмайды және сайтқа жариялауға келмейді. Және суреттерді бір бөлек, мақаланы бір бөлек жібермеңіздер. Мақала мен суреті бірге жарияланады.

Акция қатысушылары туралы. Акция қатысушылары тізімі толықтырылды және қанша мақаласы жарияланды белгіленді. Акцияның бескүндігінде белгілі тақырыптар берілген еді. Сол тақырыптар бойынша мақалалар санын толықтыруларыңыз керек. Сондықтан таблица толықтырылады және әрбір қатысушы бес күндегі тақырыптар бойынша мақалалар санын жеткізіңіздер.  Акцияда мақалалар саны толықтырылмаған ұстаздарға қатысушы сертификаты берілмейді. Акцияға толықтай қатысқан деп есептелмейді. Акция-2 қатысушылары нақтыланды. Тізімдегі ұстаздар ғана қатысады. 

Ал күнделікті акция шарттарын толық орындап жүрген ұстаздарымыз да бар.
Олар, Казиева Салтанат және Молдағалиева Айнагул.

Акция-2 тақырыптары: 
01. 02. 2016 ж — «Мектеп жаңалығы»
02. 02. 2016 ж — «Оқушы жетістігі»
03. 02. 2016 ж -«Үлгілі ұстаз»
04. 02. 2016 ж -«Ата-ана мен Ұстаз байланысы»
05. 02. 2016 ж — «Тәрбие және Білім»
06. 02. 2016 ж — Еркін тақырыпта баяндама және Акция мақаларын толықтыру
07. 02. 2016 ж —Еркін тақырыпта баяндама және Акция мақаларын толықтыру
08. 02. 2016 ж — Мектеп ұжымы және жетістіктері
09. 02. 2016 ж — Үлгілі мектеп басшысы
10. 02. 2016 ж — Біздің білім бөлімі… (Облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімі қызметі туралы)

Акция-2 қатысушылары: 

  1. Жухан Ақгүл — 1 мақала
  2. Молдағалиева Айнагүл — 6 мақала
  3. Имантаева Гүлшат — 1 мақала
  4. Казиева Салтанат- 7 мақала
  5. Имантаева Гүлшат- 1 мақала
  6. Бижанова А.С — 1 мақала
  7. Қожағали Жеңісбек — 1 мақала
  8. Санжар Ғұламов — 2 мақала
  9. Өскенбаева Гулжан — 3 мақала
  10. Жайлаубаева Индира — 1 мақала
  11. Даулетова Гүлмира — 2 мақала
  12. Халилаева Ақерке — 3 мақала
  13. Игенбаева Динара — 3 мақала
  14. Қуанова Ләззат — 4 мақала
  15. Қалуова Раушан — 1 мақала

Акцияға қатысуға талаптанушы ұстаздар Акция-3 қатысуға әзірленулеріне болады.
Акция-1,2 шарттарын оқып танысып, акция қатысушылары мақалаларын оқыңыздар.
Акция-3 басталу уақыты 15 ақпан.

Акция шарттары туралы мақалалар: Акция-1 қорытындысы,  Редактордың қорытынды мақаласыАкция № 2 туралы

1 комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

One response to “Акцияның бескүндігі

  1. Уведомление: Акция-2 қорытындысы | БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.