ҮЛГІЛІ БАСШЫ


Түркістан қаласы,Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті 
Өскенбаева Гулжан Центрханқызы

‘Көшбасшылық дегеніміз дұрыс қадам жасау, ал басқару – қадамды дұрыс жасау.’ Беннис

Мектеп басшылығы мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасы мен мүмкіндігіне, сондай-ақ мұғалімдер жұмыс істейтін, ал оқушылар білім алатын жағдай, ахуалға ықпал ету арқылы мектеп нәтижелерін жақсартуда басты рөл атқарады. Мектеп басшылығы ықпал ететін негізгі салалар: мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету;• барлық мұғалімдер үшін тәлімгерлік пен коучинг өткізу және ұйымдастыру; мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау;•командалық жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру.
Индустриялық заманға арналған мектеп директорының рөлі ХХІ ғасырдың күрделі міндеттерін еңсеруге жеткілікті дәрежеге жетпеуіне байланысты алаңдаушылық туындауда, ал мектептер балалар мен жастарды осы міндеттерді шеше білуге дайындайды емес пе.Мектеп басшылары өзгеріс жүргізеді деп күтілуде.Жалпы жағдайдың жылдам өзгеріп тұруы мектептердің алдына бірқатар проблемалар қоюда, бұларды шешу үшін мектеп басшылығы тиісті стратегиялар мен жүйе құруға тиісті екені айтылып отыр.
‘Көшбасшылықты мен қажетті нәтижеге қол жеткізу мақсатында басқалардың әрекетіне ықпал ету қабілеті деп танимын.Көшбасшылар — басқалардың мақсаты, уәжі мен әрекетін қалыптастыратын адамдар.Бекітілген және жаңа мақсатқа қол жеткізу үшін олар түрлі өзгерістерді енгізуге бастама жасайды.Көшбасшылық шығармашылық, қуат пен біліктілік дегенді білдіреді.’
Ал басқару.Ұйымның қазіргі құрылымын тиімді әрі оңтайлы түрде сақтап тұру. Табысты басқару көшбасшылық дағдылар мен қасиеттердің болуын көздейтініне қарамастан, оның жалпы қызметі өзгеріс енгізу емес, оны қолдау болып табылады.
(Кубан,1988)
Міне осы қолдауды мен мектебіміздің басшысынан көріп отырмын.Мектепті дамыту жұмысыма қолдау көрсетіп,басқарушылықтағы иериархиалық кедергіні жасамай мектеп көшбасшыларының жұмысының алға ілгерілеуіне тікелей ықпал етіп отыр.Мәселен, айтып өтсем мектеп басшысы өткізіп отырған коучингімізге тікелей өзі қатысып,мұғалімдермен етене жақындасып білім жүйесіндегі өзгерістерге жаны аши араласуда.Мектептегі іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымызға бағыт-бағдар беріп,Елбасымыздың көрегендік саясатын ары қарай жалғастыра үлгі аларлық насихат жұмысын жүргізіп отыр.Мектеп басшымыз мұғалімдерге қолдау көрсетуінің арқасында ұстаздар қызметінің биікке шарықтауына сенімім мол.«Керуенбасы білікті болса,түйе азбайды»деген сөзді тілге тиек ете,Басшымыздан үлгі алсақ,білек сыбана қызу кіріскен тірлігіміз өз нәтижесін беріп,алынбас қамал болмасы анық.

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.