«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»


«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің
информатика пәні оқытушысы Халилаева Ақерке Абдуллақызы

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба, сен, мені,
Мен – қазақтың баласы!  Қасым Аманжолов

Қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылу баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс.

Ұлы ойшыл әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Ата-бабамыз қалыптастырған қалыпта тәрбиесі түзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық!

Қазіргі таңда біз жастарды бақылауымыздан жіберіп алып отырмыз. Жастар үлкендерді, үлкендер жастарды түсінбейді. Басқаша сөзбен айтқанда ұрпақтар сабақтастығы жойылуда. Осындай себептердің арқасында бізде адам шошынарлық жаман әдеттер белең алуда. Осындай жаман әдеттердің бірі баласын туып, айдалаға тастап кету, өлтіріп кету. Бұл қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бұл мәселеге байланысты қазір жұмылып жұмыс жасамасап, тамырына балта шаппасақ, ертеңгі күні бармақ тістеріміз анық. Егер біз өскелең ұрпақты түсінуге ұмтылмасақ, олар бізді түсінуге өмірлік тәжирибелері жетіспейді. Егер ұрпақ тәрбиесі біз үшін маңызды болса өзіміздің ұрпақтарымыздың жүріс-тұрысын біліп отыруымыз қажет. Қазір қандай ата-ана баласының қандай интернет сайтта, жолдастарымен қандай тақырыпта сөйлесетінен мүлде бейхабар. «Білмеймін, әйтеуір құрғыр компьютер мен телефоннан басын алмайды» — деп қолымызды бір сілтей саламыз. Ал оның салдары қазіргі кезде жақсы жағдайларға алып келіп жатқан жоқ. Өскелең шақтың тәрбиелілігінің аздығына біз жастарды кінәлап жатамыз. Үлкен қателік! Ата-аналар кінәлі. Қай қоғамда болсын өзінің «опасыздары» мен «жарайсыңдары» болады, бірақ қазақ жастары қазіргі кезде ай санап емес күн санап құлдырауда. Білім бар, тәрбие аз. Ол күн сайын жүріп жатқан үрдіс.

Өнегелі ел боламын десек, әр бір отбасыдағы кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәрбиесіне мән беріп, тәрбиенің маңызын жете түсіндіріп, түзу жолға түсуіне ықпал жасауымыз қажет. Қалай десек те, қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел болды. Заманды жасайтын адамдар екенін ескерсек, мәселенің барлығы отбасылық институттың құлдырауынан шығып жатқандай көрінеді. Сондықтан, біздің алдымызда отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасылық институтты нығайту, ата-ананың балалар алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелері тұр. Әйтпесе, жағдай бұлай жалғаса түсетін болса, ұлт болашағына үлкен қауіп төнеді.

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.