«Үлгілі басшы»


«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің информатика
пәні оқытушысы Халилаева Ақерке Абдуллақызы

Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққатәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан, осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Біздің басшымыз да еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Барлық мәселеге жауаптылықпен қарайтын жан.

«Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп Мәлік Ғабдуллин ағамыз жақсы айтқан. Расында да, оқушы мұғалімге қарап бой түзейді, тәрбие алады.

Білім ордасы — қай кезде де киелі орда. Болашақтың іргетасын қалайтын осынау киелі шаңырақтың табалдырығын аттамаған жан жоқ, сірә. Мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір де осы білім ошағы. «Адамзаттың екі анасы бар. Бірі –туған анасы, екіншісі – білім анасы. Осы екі ананың жүрегі бірге соға білсе, ел сүйер азаматтың өскеніне сүйсінетін ел боламыз» деген болатын ұстаздардың ұстазы Ахмет Байтұрсынов.

Иә, бұл білім ордасы — өз тарихында мамандығына шынайы берілген ғұлама ұстаздар — Ыбырай мен Абайдың өнегелі ісін адал жалғастырып, шәкіртіне білім берген, ой берген, ақыл берген білікті ұстаздарға бай білім мекені.

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.