АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ТУРАЛЫ


Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің мұғалімі: Казиева С.О

Атырау облысы білім беру саласында облыстық білім беру басқармасы, 8 білім беру бөлімі, оның ішінде — 1 қалалық, 7 аудандық.
Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы – Сайлауова Нұрсәуле Сайлауқызы
Атырау облысы Білім беру басқармасының орналасқан жерi: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, тел.: 35-49-65
Электрондық мекен-жайы: uoatyrau@mail.ru

2015 жылдың 1 қазанындағы есептілік мәлімет бойынша
Атырау облысының білім беру саласында 158 балабақша, 138 мектепке дейінгі шағын орталық, 192 орта мектеп, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы, 33 қосымша білім беру, 3 арнайы түзету білім беру ұйымы, 2 балалар үйі, 1 балалар денсаулығын оңалту орталығы, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 2 педагогикалық-психологиялық-медициналық консультациясы, 7 түзеу кабинеті, 1 аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы, 1 облыстық әдістемелік кабинеті жұмыс жасайды.Облыста 2015-2016 оқу жылында 10241 педагог жұмыс жасайды. Олардың жоғары білімдісі – 9083 (88,6%), орта арнаулы кәсіптік білімдісі — 1145 (11,1%), жоғары санаттысы – 1745 (17%), бірінші санаттысы – 3233 (31,5%) құрайды. Жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлес салмағы 48,6% құрап отыр.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инженер-педагог қызметкерлердің саны – 1410, оның ішінде жоғары білімді – 1200, орта кәсіптік – 210; санаттары бойынша: жоғарғы – 252, бірінші санатты – 200, екінші санатты – 510.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиеОблыста 158 балабақша мен 138 шағын орталық жұмыс жасайды. Оларда 31 647 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Оның ішінде 30 жекеменшік балабақша, 4 жекеменшік шағын орталықта, 1637 бала бар.Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту:- 1-6 жас аралығында – 54,5%- 3-6 жас аралығында – 86,2%Облыста 5-6 жастағы балалар мектепалды даярлықпен 100% қамтылған.Жалпы орта білім беруОблыста 192 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 166 орта (оның 5-уі – дарынды балаларға арналған облыстық мектеп), 15 негізгі, 11 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 57-сі қала мектебі, 135-і – ауыл мектебі; 135-і – қазақ тілінде, 52-сі — қазақ және орыс тілдерінде, 5-уі орыс тілінде білім береді.Оқушылар контингенті – 103917, оның ішінде 81340 (78,3%) оқушы — қазақ тілінде, 22577 (21,7%) оқушы орыс тілінде білім алады.Бірінші сыныпқа 13378 бала қабылданды.Облыста 1 жекеменшік мектепте 180 оқушы білім алады.2014-2015 оқу жылында 4828 оқушы мектеп бітірді. Оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында білім сапасының орташа балы 61,1 болды, бұл алдыңғы оқу жылындағы көрсеткіштен 1,1-ге төмен. Облыста 25 түлек — «Алтын белгі», 8 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. «Алтын белгіге» үміткер 5 бітіруші бір пәннен бір балл жетпей, «Алтын белгіге» тиісті балл жинай алмады. Нұсқау бойынша олар «Үздік аттестат» алды. ҰБТ қорытындысы бойынша «Үздік аттестат» иегері барлығы 13 түлек.Халықаралық, республикалық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадаларға облысымыздың 143 оқушысы қатысып, 81 оқушы жеңімпаз атанды.Оқушыларымыз Көкшетау қаласында өткен «Зерде» республикалық байқауында — командалық I орын, Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында — II орын, республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 1 орынға ие болды.Жаңа модификациялық кабинетпен қамтылу пайызы — 83,8%, облыс мектептерінде — 164 физика кабинеті, 161 химия кабинеті, 162 биология кабинеті бар.Бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.Облыста187 мектеп (97,3%) — кең жолақты интернетке, 54 оқу орны «Е-learninq» электронды оқыту жүйесіне қосылған.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның тәжірибесін таратушы база ретінде Атырау қаласының Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі және №31 мектеп-гимназия белгіленіп, оларға 20 магниттік мектеп бекітілді.Сонымен бірге, 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізетін — 2 мектеп (Атырау қаласының №17 мектеп-лицейі, Исатай ауданының Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі), 9 сыныпқа арналған «Зайырлық және дінтану негіздері» курсының оқулықтарын сынақтан өткізетін 2 мектеп (№25, №33 мектептер) бар.Облыста 3 арнайы түзеу ұйымында 316 бала қамтылған. 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Атырау қаласында – облыстық және қалалық), 7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және 1 облыстық балалар денсаулығын оңалту орталығы қызмет жасайды.Облыстың 192 жалпы орта білім беретін мектебінің 107-де инклюзивті білім беру ұйымдастырылған.Облыста 0-18-ге дейінгі жастағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар саны — 603. Оның ішінде 445 бала — қамқоршылық пен қорғаншылықта, 16-сы — қазақстандық отбасыларының патронаттық тәрбиесінде, 107-сі — білім беру басқармасына қарасты балалар үйі мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылында және 35-і — денсаулық және әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде (Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған С.Қазыбаев атындағы облыстық балалар үйінде — 47, отбасы үлгісіндегі балалар ауылында – 47, жасөспірімдер үйінде -20)Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру мақсатында патронаттық тәрбиеге беру «Қонақ бала», «Жанашыр» бағдарламалары жүзеге асырылуда.Облыстағы 33 қосымша білім беру ұйымының 31-і – мемлекеттік, 2-уі – жекеменшік. Түрлеріне қарай: 3 — Оқушылар орталықтары, 2 — Оқушылар үйі, 1 – жас натуралистер стансасы, 1 жас техниктер стансасы, 16 – балалар саз мектебі, 9 – өнер мектебі, 1 – қызығушылығы бойынша клуб. Жазғы мезгілінде 4 демалыс лагері жұмыс жасайды.Қосымша білім берумен қамту — 15%.2015 жылы жазғы тынығу, демалыспен 94,1% оқушы қамтылды.Облыста 184 жалпы орта білім беретін мектепте 101254 оқушы тамақпен қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан шыққан 11050 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның 48148-і — 1-4 сынып, 53562-сі — 5-11 сынып оқушылары.Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңірек кіріктіру (интеграциялау) жұмыстары қолға алына бастады.«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимипаданың облыстық кезеңінің жеңімпаз 5 оқушысы «Бөбек» ҰҒПББСО-нда өткізілген Республикалық олимпиадада 2-ші орын алды.Облыстың білім беру ұйымдарында 299 педагог-психолог қызмет атқарады. Олардың 28-і — жоғары білімді; 66-сы — жоғарғы және бірінші санатты, барлығы да курстан өткен.Психолог мамандар өз жұмыстарында облыс әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №109 «Атырау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алады.Білім беру ұйымдарында діни ахуалды жақсартуға бағытталған алдын алу жұмысын іске асыру мақсатында Басқармада 27-07-10 нөмірлі «Сенім телефоны» жұмыс жасайды.Техникалық және кәсіптік білім беруОблыста техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының желісі 1 жекеменшік колледжбен толығып, барлығы 25 ұйым құрайды, оның 18-і — мемлекеттік, 7-уі — жекеменшік.Студенттер құрамы – 18 022 (мемлекеттік колледжде – 12 295, жекеменшік колледжде – 5727).Қабылдау — 5 731 (мемлекеттік колледжде – 3941, жекеменшік колледжде — 1790)Бітіргендер – 4 563 студент (мемлекеттік колледжде – 4066, жекеменшік колледжде -1425 ).Жұмыспен қамтылғандар — 2678 (мемлекеттік колледжде – 1958, жекеменшік колледжде – 720).24 оқу орны Интернетке қосылған, оның ішінде кең жолақты Интернетке қосылғаны – 15 оқу орны.2015 жылы 687 инженер-педагог кадр біліктілігін арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 15-сі шетелде (Германия, Сингапур, Түркия, Ресей) біліктіліктерін арттырды. 171 инженер-педагог пен өндірістік оқыту шебері кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.Аграрлы-техникалық және политехникалық колледжлерінде екі мамандық бойынша оқу бағдарламалары мемлекеттік институционалды аккредиттеуден өтті.Оқу орындарында дуалдық жүйені енгізу бойынша кәсіпорындармен 48 келісім-шарт жасалып, 15 оқу орнында дуалдық оқыту жүйесінің элементтері енгізілді.2015 жылы 28 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізілді.
/Мәлімет интернет желісінен алынды./

білім бөлім.docx

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.