Игенбаева Динара эссе


Игенбаева Динара Маратовна
Сайрам ауданы №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы
орта мектебінің тарих,құқық пәндерінің мұғалімі

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет». Ш.Уәлиханов.
Аллаға шүкір, ата-бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздігіміздің ақ таңы атып, Қазақстан әлемде өзіндік сара жолы бар мемлекетке айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білімді ұрпақ тәрбиелеу, мемлекетімізді биік шыңдардан көрсету, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлы қадам бастады.Болашақ ұрпақ білімді болсын десек, сол ұрпаққа өмірде адаспай өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздардың біліктілігін арттырудан бастағанымыз өте орынды деп білемін. Осы бағытта жүзеге асырылған игі шаралардың бірі – еліміздің білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізетін мұғалімдер қауымын қайта даярлау курстарының қарқынды жұмысы көңілге қонымды.
Курсқа келгенге дейін үздік мұғалім болу үшін ең бастысы – оның білімі деп білдім. Берген біліміңді оқушылардан талап ете білсең, балалар да білімді болады деп санадым. Алайда осы курсқа келгелі,жаттанды,дәстүрлі білім балалардың шығармашылық қабілетін, сыни ойлау тұрғысын тежейтінін, алған білімдерін көп жағдайда, өмір белестерінде қолдана алмайтынын түсіндім.Қазір жеткен жетістігім десем болар, әлде түйгенім,түсінгенім-балаларды қызықтырып,берілетін тақырыбыңды сан түрлі әдіс-тәсілдермен түсіндіру оқушыларыңның білім сапасын ғана емес,сонымен қатар олардың өзіндік терең ұстанымдарын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ұғындым.
Курста жаттықтырушым Ұлжамал Жақсылыққызының терең ізденіспен сапалы өткізген коучингтері арқылы әр адамның өзіндік ой-пікірін ашық айтып дәлелдеуі, тақырыпты игертудің түрлі әдістерін терең ұғындыруы, рефлексияның құндылығын дәріптеуі,бағалау техникаларын тиімді пайдалануға жетелеуі мені жаңа серпіліс пен қарқынды дамудың дара жолына жетеледі.Алғашқы бетпе-беттегі теориялық білімімді мектептегі тәжірибемен ұштастыру кезінде жаңа форматтағы сабаққа сапалы жоспар құру, «Lesson Study»тәсілімен тізбектелген 5 сабақ,коучингтер өткізу барысында мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың оң көзқарастары қалыптасты. Мен үшін жеті модульдің ішінде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ең маңыздысы деп ойлаймын. Жаһандану ғасырында мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің нақты мақсатқа қалай жетуі, мақсатқа жетудің табыс критерийлерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.
«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген Әл-Фараби бабамыз сол дәуірдің өзінде-ақ, білім арқылы әр адам заман көшіне ілесе алатынын айтып кеткен. Мен де өзімді рухани жетілдіре түсіп, жетістікке жеткім келеді.Оқушыларым мен әріптестерімді жаңашылдыққа бағыттар,Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, «мектебімнің күні» болғым келеді!

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.