Қыздарға әсемдік жарасады «Көктем аруы-2015»


Индер аудандық білім бөлімі оқушылар шығармашылық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы, Индер аудандық қоғамдық ата-аналар кеңесі төрағасы, қосымша білім беру педагогі Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы

Көгімізде бейбітшілік нұрындай болған Наурыз айында, көктем шуағы жер бетіне төгілгенде, адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына Өмір, Жылылық, Әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі де келеді. Ана, осы қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, жақсылық, асып төгілер мол қуаныш бар!

Міне, бәріміздің тағатсыздана күткен, сағындырған көктем де келіп жетті. Айнала бір жайма-шуақ күйге еніп, мерекелі де берекелі күндердің бастауына себеп болып тұрғандай. Өйткені, шаруасын шыр айналдырып, ары-бері ағылып жатқан адамдардың көңіл-күйі мерекелік күнге арналған болатын бүгін. Себебі биылғы жылы Елбасымыз көктемнің алғашқы күнін елімізде «Алғыс айту»күні деп белгілеген еді. Көшеде болсын, кабинеттен болсын, амандық сұрасқасын, «Көктемнің алғашқы күнімен» деп бір-біріне деген ыстық лебіздерін білдіріп, құттықтап жатқан елді көресің. Тіпті қоңырау шалып, құттықтап, көктемнің құдіретін сезіндіріп жатқандарға да ырза боласың да. Хош, мерекеге ұластыра берсін дейік!

8 наурыз мерекесі! Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні тамаша әйел –аналарды даңққа бөлеп тұрғандай.

Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген қалаларының көшелерінде, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Ақ тілеуін ата –ананың аялаған,

Баласының шапағына саялаған.

Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ

Ақ батасын арулардан аямаған

Көктем келгенде — тылсым табиғат түрленіп, жер ананың жайқалып, жасыл баққа орануы бір ғажайып жаратылыс! Дала маңы у-шуға толып, бар тіршіліктің дүркіреп бір сала беретін шағы. Бәйшешегінайтсаңшы, шұрқырап барып теретін. Талдар бүршік атып, жайқалған дала көздің жауын ала бастайды, бұйырса!

Көктемнің тағы бір әдемілігі қыздар- құлпырады, келісіңіздер. Тіпті, қыздар — көктемнің символы деуге болатын шығар. Ару қыздар одан сайын сұлулана түседі. Күлім қағып, сыңғырлап-сықылықтап жүрген қыздарды аялайтын азаматтарымыз тұрғанда «Көктем», «Қыз» ұғымдары қатар аталады деп білеміз! Міне осы мерекеге байланысты, Индер аудандық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымы «Көктем аруы-2015» сайысын ұйымдастырған. Басында ойланып қалғанымыз рас, біздің ұжымда жас қыздар бар болғанымен, тәжірибелі мұғалімдердің қатарына қалай қосамыз. Бірақ орталық басшысы Есенғали Мақсотұлы, Бұқаралық бөлім меңгерушісі Айнагүл Жанғалиева қолдап жас та болса іс-шараларға белсенділікпен қатынасып, өзінің жақсы қырларын көрсетіп жүрген Аққу Ешибаеваны қолай көргенді. Бес бөлімнен тұратын сайысымыз уақытында басталып кетті, аруларымыз бір-бірінен өтеді. Таныстыруда жоғары көрсеткішке жеткен Аққу Бақтыбайқызы, Салт-дәстүр, өнер, қолөнер, сән үлгісі бөлімдерінде өзінің шеберлігімен, инабаттылығын, парасаттылығын көрсете отырып, әділқазылар тарапынан өте жақсы деген бағаларға ие болды. Аққу Бақтыбайқызының рухани құндылығының мол болуы, бойындағы жақсы қасиеттерін ақылмен, ішкі нүрының шеберлігімен, дарынымен, жүрек жылуын жан-жағына тарата білген ерекше сезімталдығымен ерекшеленіп әділ қазылар бірауыздан жоғары дауыс берді. Осының нәтижесінде ұжымның үкілеп қосқан үміті ақталып жас ұстаз Аққу Бақтыбайқызы

«Бас жүлде» иеленіп мерейімізді асырды. Аналар мерекесі қарсаңында өткізілген сайыста таланттар ашылып, көркемсөз шеберлері, әншілер, биші қыздар бала тәрбиесімен жүрген ұстаздарымыздың тағы бір көрінбей жүрген жақтарын анықтап берді. Осымен, көктемнің алғашқы Қарылғашындай болған бір күн өзінің жайма шуақтығымен, жылылығымен өтті.

Аналар, апалар, қыр қызғалдақтары қарындастарым, қыздарым сіздерді 8-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!!! Жыл бойы осы бір көктемгі мерекелік көңіл-күйден арылмағайсыздар! Сіздердің жүректеріңіз жылылық пен қуанышқа толсын және сәттілік пен махаббат тілеймін!

Оставьте комментарий

Filed under Акция-3

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.