Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру


Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге мұғалімдердің өздеріне өте қиын. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр. Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп.

Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс –құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.

Мектептегі психологиялық қызмет– әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.

Қазіргі заманғы ғылым мен технологияның шарықтап даму кезеңінде педагогика әдістемесінің де маңызы күннен күнге артуда. Өйткені, «Мұғалім ең жауапты міндет орындайды – ол адамды қалыптастырады.» (М.И. Калинин) Педагогика әдістемесінің басты ерекшелігі адаммен жұмыс істеуде, білім мен тәрбие беруде болып табылады.Сол себепті психолог мамандармен жұмыстың маңызы зор.

Мұқашева Жарқынай Меңдіғұлқызы – Казталов білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің психологиялық қызмет және өзін -өзі тану пәні әдіскері. Бұл қызметке келгеніне 1 жылдан астам уақыт өтті. 2002-2005 ж.ж. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін «Бастауыш сынп мұғалімі» мамандығы бойынша, кейіннен 2005-2008 жылдары Алматы қаласындағы Орта Азиялық Университетін «педагогика – психология мамандығы» бойынша бітірген. Еңбек жолын осы ауданға қарасты Беспішен бастауыш шағын жинақталған мектебінде бастап, кейін мектеп меңгерушісі қызметін атқарды. 2012-2013 жылы Қоныс ожббм мектебінде мектеп психологі қызметін атқарды.

Проблемалық тақырыбы:Аудандағы педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың өз білімдерін үздіксіз жетілдіруіне, ғылыми –теориялық деңгейін және кәсіби шеберлік әлеуетін жоғарлатуына, әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысын жандандыруға әдістемелік және психологиялық – педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету

Әлеуметтік — психологиялық қызмет мониторингі

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет «Тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың профилактикасы туралы » Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасының «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар қараусыздығы мен қаңғыбастығының алдын алу» туралы заңы, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі және Ғылым және Білім Министрлігінің 2011 жылғы 10 желтоқсандағы №528 бұйрығы, БҚО әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 5 «БҚО –дағы орта жалпы білім беретін мектептердегі психологиялық жұмыс жүйесі» туралы бұйрығы арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Аудандық білім беру мекемелерінде барлығы – 30 педагог-психолог қызмет атқарады. І санаттысы — 1(3,3%), ІІ санаттысы – 11(36,6%) , 2015 жылы 29 педагог- психологтардың І санаттысы — 1(3,4%), ІІ санаттысы – 12(41,3%).

Әлеуметтік педагогтар саны 16 адам. Соның ішінде әлеуметтік педагог ретінде ІІ санатты 5 (31,2%),2015 жылы әлеуметтік педагогтар саны 16 адам. Соның ішінде әлеуметтік педагог ретінде ІІ санатты 5(31,2%) әлеуметтік педагог құрап отыр.

2015 жылдың 26 наурыз күні А.Оразбаева атындағы ОЖББМ –де аудан мектептерінің ата – аналар комитетінің мүшелерімен « Ата – анамның қолдауы арманымның орындалуы!» атты ата – аналарға арналған семинар – практикум оздырылды.

Аудан мектептерінде балалар мен жасөспірімдердің бойында позитивті өмірлік ұстаным қалыптастыру бойынша шаралар жоспары жасақталып, сол жоспар бойынша шаралар өткізілуде. Бұл бағыттағы шаралар жоспарына психодиагностикалық, психоағартушылық, психологиялық кеңес, алдын алу және түзете-дамыту жұмыстары топтастырылған. Мектепте оқушылардың өмірге позитивті көзқарасын қалыптастыруда тәрбие ісі орынбасарлары, психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгер және сынып жетекшілер бірлесіп жұмыс жасайды. Мектептерде сенім жәшігі қолға алынып, сенім телефондары жөнінде оқушыларға ақпараттар берілді.

Мектеп оқушыларына, ата-аналарына суицидтің алдын алу жұмыстары психологтың тікелей жүргізген сауалнама, тренинг, шаралары көмегімен іске асуда.

2015 жылдың 4 сәуір күні Казталовка ОЖББМ –де аудан мектептерінің орта, негізгі мектеп директорларының тәрбие ісі орынбасарлары, мектеп психологтары, ата – аналар комитетінің мүшелерімен « Жасөспірімдерді суицид қаупінен уақытында сақтап қалу мәселесі» атты араналған семинар – практикум оздырылды.

Мақсаты: суицидтік іс — әрекеттің себептерін зерттеу, алдын – алу шараларының тиімділігін анықтау және жағымсыз жақтарын зерттеу.

2015 жылдың 2-12 ақпан аралығында аудан бойынша 3 балабақша мен 27 жалпы және негізгі орта білім беретін , 17 бастауыш білім беретін мектептерде «Өзін-өзі тану: Махаббат мен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жоспары құрылып, іс – шаралар өткізілді. Білім беру мекемелерінде аталған бағытта көптеген түрлі шаралар, ашық сабақтар, көрмелер мен тренигтер өткізілді.

Аудандық білім беру жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 14 тамызда Г.Бегалиев атындағы ожббм-тің базасында «Білім беру ұйымдарында рухани – адамгершілік білім беруді жүзеге асыру жолдары» тақырыбында семинар оздырылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 30 маусымдағы № 2423 хатына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында «Өзін — өзі тану » адамгершілік –рухани білім беру бойынша Республикалық кеңесінің VII — ші отырысының шешімін іске асыру мақсатында, білім бөлімінің 21 тамыз № 358 бұйрығы негізінде «Өзін -өзі тану» адамгершілік –рухани білім беру бағдарламасын бірыңғай білім беру кеңістігіне енгізуді есепке алып, ата – аналарды адамгершілік-рухани ағартушылықты ұйымдастырудағы ең үздік инновациялық тәжірибені тарату және зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында, аудан көлемінде «Бала тәрбиесінің қалыптасуына септігін тигізетін факторлар: отбасы, мектеп, қоршаған орта» атты сабақ топтамасы 18 желтоқсанға дейін жинақталып, аудан көлемінде таратылатын болады.

2015-2016 оқу жылында жоғарыдағы құжаттарды басшылыққа ала отырып, «Өзін -өзі тану»пәні аудан 43 мектептегі даярлық сыныптарында 1-11 сыныптар аралығында 5096 оқушы оқиды. Оған 54 мұғалім берсе, оның тек өзін -өзі тану пәнінен I санаттысы -5,II санаттысы- 8, қалғаны -41-і санатсыз. 2016 жылдың I жартыжылдығына «Өзін — өзі тану KZ» журналына 30 мекеме, 64 данадан 225,968 тг жазылды.

Қыркүйек айында облыстық білім басқармасының бұйрығы негізінде аудан көлемінде «Өзін -өзі тану» пәні бойынша оқушылардың олимпиадасы оздырылып, оған 27 мектептің 20 мектебінен 7-9 сыныптар арасынан 59 оқушы қатысты. Байқауда орын алған Жас нжббм, К.Меңдалиев ожббм және Көктерек ожббм – нің әр сыныптан 3 оқушысы облыстық кезеңге жолданып, нәтижесінде, Көктерек ожббм – нің 9 сынып оқушысы Сүншалиева Әсем 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қараша айында ауданның өзін — өзі тану мұғалімдері арасында «Ең үздік үлгідегі сабақтар» байқауының облыстық кезеңіне Н.Дүйсенғалиев нжббм – нің пән мұғалімі Жакина Айнұр Төлегенқызы, нәтижесінде «Үздік аңыз — әңгіме баяндаушы ұстаз» аталымына ие болды.

Сонымен мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт. Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет.Сол себепті, Жарқынай Меңдіғұлқызы жас та болса ізденіп, мұғалімдерге, психологтарға арналған психологиялық семинарлар, лекциялар тәжірибе алмасу жұмыстарын өткізуде. Осы уақыт бойы атқарылған жұмыстары көп, әдіс-тәсілдерін жетілдіруге тырысып келеді.Қазақстанда ұлттық психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына өз үлесін қосуға аянбай еңбек етуде.

Шынар Темиргалиева,

Казталов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.