Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы әдіскерлердің рөлі. Oблыстық тұңғыш рет өткен әдіскерлер семинары туралы


ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғырту, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу қарастырылады.

Әдіскерлердің кәсіби шеберлігін арттырудың маңызды құралы әдістемелік кабинеттің барлық жұмыс жүйесін бір арнаға тоғыстыратын әдістемелік жұмыс болып табылады.Сол себепті жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында әдіскерлердің рөлі арта түспек.

Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты- педагогтың  іс-әрекетін қолдау негізінде талап етіп отырған білім сапасына жету үшін жағдай жасау. Сондықтан әдістемелік қызметтің мазмұнын саралау кезінде педагогтың қажеттілігі мен қиындықтарынан шығуы, білім беру ұйымдарының ерекшелігін ескеруі, сондай-ақ, әдістемелік қызметтің функциялары жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін ресурстарды құруға негізделуі қажет.

2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңға 2015 жылғы 13 қарашада өзгерістер енгізілген болатын, соның ішінде «әдістемелік кабинет-білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік камсыздандырылуын, нәтижелерін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі» деп атап көрсеткен.

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті өз қызметін 2012 жылдан бастаған болатын. Директоры Аягөз Орынбаевна Хамзина содан бері аянбай еңбек етуде. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап, талап қоя білетінімен құрметке ие болуда.Облыстық әдіскерлер командасымен бірге барлық аудандардағы мектептерді аралап, әдістемелік көмегін беріп келеді.Облыс көлемінде іс-тәжірибе таратуымызға мүмкіндік беріп, ұстаздарымыздың сапалық құрамы жылдан-жылға артып келеді.Әсіресе, шағын жинақталған мектептер мен шалғайдағы бастауыш мектептерге әдістемелік қолдау жасап, көптеген семинарлар өткізіп, әдістемелік нұсқаулығын таратты.

Қазіргі әдістемелік кабинет қызметінің негізі құзыретті тәсілдеме болуы керек. Осыған орай 2016 жылдың 14-16 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен әдіскерлерге арналған «Заманауи әдістемелік қызмет: мазмұны, құрылымы және ұйымдастырылуы» тақырыбындағы семинар-практикумының маңызы зор болды.

Әдіскерлерге арналған бұл семинарға ауданның барлық әдіскерлері шақырылды. Семинарда әдістемелік кабинет жұмысын қалай жоспарлайтыны мен жүзеге асыруда қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алатыны туралы толыққанды мағлұмат берілді. Педагогикалық шеберлік орталығымен, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен тығыз байланыс жасалып, оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жаңашылдықпен қарауды ұсынды.

Семинардың әр күні еркін микрофонмен қорытындыланып, әдіскерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тәжірибе алмасылды.

Бастауыш сынып әдіскерлеріне арналған секция жұмысында облыстық әдістемелік кабинеттің бастауыш сынып әдіскері Д.Сағынаеваның жетекшілігімен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастыру» тақырыбында жаңа 2016-2017 оқу жылында басталатын жаңа білім мазмұны туралы айтылып, әдіскерлер мен ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.

Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алатыны сөзсіз.

Семинардың үшінші күні «Карусель» әдісі бойынша топтарға бөлініп, практикалық жұмыс өткізілді.

Әдістемелік кабинет өзінің бағыты бойынша көпфункционалды және педагогикалық үдерісті ұйымдастыру барысында мұғалім нақты әдістемелік көмек алатын әдістемелік жұмыстың бірден-бір кең тараған түрі болып табылады.

Сондықтан әдіскерлерге артылатын жүк те салмақты.Ал, әдіскер қызметіне арнайы оқу болмағандықтан, мұндай тағылымы мол семинардың әдіскерлерге берері мол болды деп есептеймін.

«Ұстаздарға үйрете жүріп үйренетін,

Қиын да қызық маман- әдіскерлік», демекші әдіскерлер қызметіне жаңашылдық, сәттілік тілеймін.

Темірғалиева Шынар Бақтыгерейқызы,

Қазталов аудандық білім беру бөлімінің

жоғары санатты бастауыш сынып әдіскері

К этому письму приложены ссылки на следующие файлы:

1. IMG_4497.JPG (4.5 Мб)

Ссылка для скачивания файлов: http://files.mail.ru/38B2D677E0B34AEA99AA2DD66A92523E

Файлы будут храниться до 24.04.2016

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.