Кәсіподақ кеңесінің төрайымы


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым – білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы. Бүгінде Түркістан қаласында 83 бастауыш ұйымында 9 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері еңбек етуде. Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің төрайымы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әсілбаева Гүлжан Әсілбайқызы осы қалың орман кәсіподақ мүшелері бар ұйымды басқарады. Оның басқарған ірі кәсіподақ ұйымы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатардағы кәсіподақ ұйымдарының бірі. Гүлжан Әсілбаева қалалық кәсіподақ кеңесі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттыру, жұмыстарын жақсартуға тұрақты көңіл бөліп келеді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары семинар жоспарға сәйкес әр тоқсанда өткізіледі. Білім беру саласының қандай түріне болсын, қамқорлық керек. Онсыз білім жолы даңғыл бола алмайды.

Кәсіподақ қызметкері Гүлжан Әсілбаева жайында әңгіме өрбітсек деп,  едім. Өйткені, оның өмір дерегіне үңілсеңіз, саф алтындай сыңғырлаған жолдары бар. Жүзінен шуақ шашып тұратын кейіпкеріміздің парасаттылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, даналыққа толы жүрегі бар, іші толы мейірім-шапағат, ешкімге ұқсамайтын өнегелі еңбек жолы бар.

Гүлжан Әсілбаева 1964-1981 жылдары мұғалім, қалалық білім бөлімінде әдіскер, әдістемелік кабинет меңгерушісі, қалалық білім бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.

1981- 1992жылдары Түркістан қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейінгі жылдары С.Ерубаев атындағы мектеп- интернатының директоры қызметтерін атқарды.

2007 жылдың қаңтар айынан Түркістан қалалық кәсіподақ кеңесінің төрайымы.

1967 — 1969, 1981 -1992 жылдары қалалық кеңес депутаты, 2003 -2007 жылдары қалалық мәслихат депутаты болып сайланған.

— Жоғары санатты оқытушы, “Қазақстан ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері”

— “Еңбектегі ерлігі үшін”, “Еңбек ардагері” , “Қазақстан Республикасы парламентіне 10 жыл”, “Сауап”, “Кеңес Одағының батыры С.Рахимов”, “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жылдық” медальдарының иегері.

— Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай Н.Ә.Назарбаевтың “Алғыс хатымен”, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың грамотасымен,

— “Бейбітшілік әлемі” Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің “Құрмет белгісі — Знак почета” халықаралық орденімен марапатталған.

— Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының “Құрмет грамотасымен

-“Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” белгісімен,

— Халықаралық Психология Академиясының Құрметті Академигіатағымен,

-Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, халық қаһарманы Б. Ертаевтың “Алғыс хатымен” марапатталған. т.б.

— 2002ж. “Оңтүстік әйелдері”, 2004ж. “Аяулы, ардақты…”, 2004ж. “Түркістанның жұлдызды қыздары”, 2008ж. “Оңтүстік элитасы”, 2008ж. “Ордабасы энциклопедиясы”, 2010ж. “Лучшие люди Казахстана” кітаптарында өмір жолы деректері шыққан.

Ұстаздардың бас ұстазы болған Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрайымы Гүлжан Әсілбаеваның қоғамда атқарған игі істері ұшан-теңіз. Еңбек майданындағы әрбір марапаттау мен атақ- даңққа аса мейірімділігімен, кең пейілділігімен, дархандығымен, қайырымдылығымен, мақсаткерлігімен, турашылдығымен, әділеттігімен, өршілдігімен, ұлтжандылығымен, дәруіштей пәлсапалығымен, еңбегінің өлшемімен, тер төге еңбек етуімен, сіңірген жанкешті іскерлігімен қол жеткізген. Еңбек — әр азаматтың өмір ескерткіші, елінің рухани қазынасы. Гүлжан Әсілбаева жайында бір мақалаға сиғызып айту мүмкін емес. Осындай асыл жанның өмірі мен шығармашылығы бәрімізге үлгі-өнеге.

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.