Талапты жас маман


Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба…» дейді. Әңгімеме арқау етіп жанына жақын мамандықты игеріп, еңбек жолын жаңадан бастаған Орынгалиева Арайлым Серікқалиқызын алмақпын. Ол Казталов ауданы, Березин ауылындағы Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебін 2009 жылы ойдағыдай тәмамдап, Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығына оқуға түседі. 2012 жылы педагогикалық колледжді үздік дипломмен аяқтады.Ол еңбек жолын 2012 жылы туған ауылы Қайыңдыдағы «Балдырған» балалар бақшасында әдіскер қызметінен бастады. Кіндік қаны тамған туған жеріне табан тіреп, бүлдіршін іні-сіңлілеріне тәлім- тәрбие беріп, жаңадан тәжірибе жинап келе жатқан Арайлым 2013 жылдың қазан-қараша айлары Казталов ауданы орталығындағы 280 орындық «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасындағы тәрбиеші қызметіне ауысады. Ал, 2013 жылы қараша айынан бастап Казталов аудандық білім беру бөлімінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» бойынша әдіскері қызметін абыройлы атқаруда. Арайлымның жас та болса алдына қойған мақсаты да, армандары да асқақ. Ақиық ақын Мағжанның мақамды мадағындағы «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай еркін қанатты» жастар мамандығына деген креативтілікті үмітпен күтеді де іс жүзінде шарықтайтынына сенеді.Сол себепті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен «Балапан» бағдарламасын орындалуын жүзеге асыруға белсене ат салысуда.Аудан бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту ауданда 74,1%-ды құраса, 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 % құрайды.Мұның бәрі тынымсыз еңбектің нәтижесі.Оның еңбекқорлығы әрі талапшылдығы мақтауға тұрарлықтай.

Арайлым Серікқалиқызы өзіне қарасты 16 балабақша, 33 шағын орталық, 47 мектепалды даярлыққа басшылық жасап, әдістемелік көмек беруден аянбайды. Оның ұйымдастыруымен «Мектепалды даярлық тобы оқу-тәрбие іс-әрекетінің үздік жоспары» сырттай, «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі — 2014» кәсіби байқауы, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен оны жобалау ерекшеліктері» семинар-кеңестері, «Мектепке дейінгі ұйымның балаларының шығармашылық қабілетін дамыту бағытында шаралардың ұйымдастырылуы» семинарлары және т.б өткізілді.

Арайлым Серікқалиқызына жол сілтеп, адал еңбектің дәмін сездіріп келе жатқан білім бөлімінің басшысы С.Қ.Джангереева оның аз уақыт аралығында атқарып келе жатқан еңбегіне разы екендігін білдіруде. Білім бөлімінде қызмет еткеніне 1 жыл 3 ай ғана болған«Жас келсе іске!» деп еңбекке құлшына кіріскен жас маман облыста «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Үздік әдіскер» байқауына қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым көбейе береді. Еңбек етуге ұмтылған жастардың қатары арта берсе Қазақстанның гүлденуі нық, әрі табандырақ болмақ. Мен де өз тарапымнан Арайлымға үкілеген үміті ақталып, өз саласының майталман маманы бол, жемісті еңбектің жеңісін көріп, оқ бойы озат бол деп ұжым атынан тілегімді білдіремін!

Шынар Темиргалиева,

Казталов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.