Танымдық көкжиекті кеңейткен түрлі байқау, конк урстар


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды. Оған алдын-ала жасалған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына бастайды. Шабыт адамның жоғары белсенділігімен, әрекеттің өнімділігімен, шығармашылықтың өзінің шаттығын сезінумен құштарлық пен эмоцияның ұштасуымен сипатталады. Шығармашылық үрдістің санадан тыс тәрізді болып көрінуі шығармашылықтың өзінің барынша саналылығының нәтижесі, сананың ерекше айқындылығының, ойлар мен бейнелердің өзінше бір үлгіде лықси келіп, айшықтана көрінуінің, естің, зейіннің, идеяны орындауға бағытталған құлшыныс пен ерік-жігердің жемісі. Шабытты шақтарында адам бойындағы бар жан күштерін шоғырландырып әрекет етеді. Осы тұрғыда мұғалімдердің шығармашылыққа ұмтылуы – адамға тән әрекет екен.

Түркістан қалалық білім бөлімі бойыншақала көлемінде қыркүйек айында “Ең үздік авторлық бағдарлама” сырттай байқауы ұйымдастырылып, нәтижесі бойынша “Қорқыттану” бағдарламасын ұсынған Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Шерметов І орынға ие болды.

Әдістемелік кабинеттің кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, даталы күндерге байланысты 30 қыркүйек күні С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатында С.Ерубаевтың 100 жылдығына арналған қала көлемінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, іс-шара барысында С.Ерубаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылығы жайлы “Саттар бақыты…” тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, кешті өткізуде С.Сейфуллин атындағы №4, М.Мәметова атындағы №6, Қ.Сәтбаев атындағы №12, №21, С.Ерубаев атындағы №7 жалпы орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары белсенділік танытты.

Сонымен бірге “1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне” орай М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы базасында ұйымдастырылған қалалық іс-шара барысында “Желтоқсанның мұзда жанған алауы” тақырыбында сахналық-композициялық қойылым байқауы ұйымдастырылып, байқау нәтижесі бойынша С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі оқушыларының дайындаған қойылымы бас жүлдеге ие болса, қаламыздағы ақынжанды 10 оқушының “Тербейін тәуелсіздік тал бесігін” тақырыбындағы өлеңдер жинағының тұсаукесері өткізілді.

Желтоқсан айында қала көлемінде тілші мұғалімдердің пәндік олимпиадасы өтіліп, нәтижесінде І орынға ие болып, облыстық олимпиадаға қатысқан Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі К.Исабекова облыстық олимпиадада жүлделі І орынға, М.Мұса атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі жүлделі ІІ орынға ие болды.

2015 жылдың 30 наурыз күні Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясының базасында “Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін модернизациялау – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың кепілі” тақырыбында әдістемелік идеялар фестивалі өтіліп, секция отырысына 21 баяндама ұсынылып, сараптау комиссиясының шешімімен 10 мұғалімнің баяндамасы тамыз педагогикалық оқуына жолдама алды.

5 мамыр күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Қазақ филологиясы” кафедрасымен бірлесе М.Балақаев атындағы жалпы орта мектебі базасында “Балақаев оқулары – 2015” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтілді. Конференцияға Түркия Республикасынан доктор, доцент Эрдал Адай, доктор, доцент Орхан Кылычарыслан, ф.ғ.к., доцент Сердәлі Бекжігіт, ф.ғ.к., доцент Ж.Исаева және бөлімге қарасты барлық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қатысты.

Конференция барысында қатысушы қонақтар және Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының мұғалімі М.Тәтенова, “Балғын” балабақшасының әдіскері М.Қауымбаева құнды баяндама жасап, М.Балақаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі М.Сахова үлгілі ашық сабақ көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция қорытындысы бойынша “Балақаев оқулары – 2015” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына мақала ұсынған ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің материалдары жинақ түрінде жарық көрді.

Оқу жылы соңында Түркістан қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Үрімова Рахила Кенжебекқызының ұйымдастыруымен қала көлемінде “Ең үздік педагог” байқауы өтіліп, “Шобанақ” жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі И.Жұмабаев І орынға, №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қожамжарова ІІІ орынға ие болды.

Сипатталып отырған біліктілікті арттыру жұмыстарында мұғалімдердің толерантты болуы, бүкіл қоғам мен адамзаттың бірін-бірі түсіне алушылығына ұласып жатса, одан тек ұтарымыз мол болмақ.

Ескерту: Мақаладағы мәліметтер Түркістан қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша әдіскері Үрімова Рахила Кенжебекқызынан алынып пайдаланылды.

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.