«Ізденіс- жүйелі жұмыс негізі»


№103 Жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Турсунжанова Ляззат Назиржановна

Шымкент қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері Халиева Бағила Ермекқызы

Шымкент қалалық білім бөлімінің
бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері
Халиева Бағила Ермекқызы

«Сабақ беру- жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп Ж.Аймауытов айтқандай, оқыту жүйесі әр түрлі әдіс-тәсілдермен толығып, білім берудің жүйелері жаңаша түрде көрініс табуда. Қазіргі таңда ұстаздар қауымы алдында білім жүйесін жаңа заман талабына сай жаңа үлгіде жүргізу міндеті тұр.

Осындай талаптарды қойып, оны бақылап,бағыт-бағдар беруші білім бөлімі әдіскерлерінің еңбектері орасан зор. Осы орайда Шымкент қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері Халиева Бағила Ермекқызы жайында айтып өтейін.

Бағила Ермекқызы білім беру саласындағы педагогикалық профессионализм мен озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, шығармашыл тұлғаны қолдау мен ынталандыру үшін, шеберліктерін арттыруда күн сайынғы өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесіп, бүгінгі күннің мұғалімінен көп ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етіп отырады.

Бағила Ермекқызы 1974 жылы табиғатының әсемдігімен көз тартатын Төлеби ауданы Қасқасу елді мекенінде жайма шуақ көктем мезгілінде дүниеге келді. Орта мектепті ойдағыдай аяқтап,жоғары оқу орнына түседі. 1997 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ Түрік Университетін, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастап, Сайрам ауданының білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері болып қызмет жасады. 2013 жылдың 3- ақпанынан бастап Шымкент қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері қызметімен жалғастырып келеді.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында әлі күнге дейін өз білімін жан-жақты жетілдіру үстінде. Жыл сайын бастауыш сыныптар бойынша аудандық, қалалық, облыстық семинарлар, конференциялар өткізіп тұрады.

18. 04. 2014 жылы « Оқу мен оқытудағы зерттеу мен кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ұйымдастырған қалалық семинары өте жоғары бағаланды.

Осындай жетістіктерінің арқасында ҚББ-нің, ОББ-нің, «Өрлеу» БАҰО, қала, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған. Және «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі, ОҚО мен Шымкент қаласы бойынша білім және спорт қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті қоғамдық бірлестігінің «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері.

Өзінің іскерлігімен, шеберлігімен, тың жаңалықтарымен бізді таң қалдыратын Бағила Ермекқызынан үйренеріміз көп.

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.