«Аруна «желілік қауымдастықтың жұмысы


Канагат Слямова

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бағдарламасын жаңарту және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай, аудан мектептерінің мұғалімдері Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларында білім жетілдіру курсынан жоспарлы түрде өтіп отырады. Біліктілікті арттыру курстары «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының базасындағы педагогикалық шеберлік орталығында курстық даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер ететін 1-, 2-, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат берілуде. 2012-2014 оқу жылында барлығы 108 мұғалім денгейлік курстан өтсе, 2015-2016 оқу жылында аудандағы 853 мұғалімнің 141 сертификатталып, деңгейлік курстардан өтті. Оның 105-і — 3 деңгей бойынша, 14 мұғалім — 2 деңгей бойынша, 22 мұғалім — 1 деңгей бойынша курстан өтті. 2015 жылы қантар айынан «Аруна» желілік қауымдастық құрылып жұмыс істеп келеді. 2015 жылдың 24 ақпанында ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Оқытудағы жаңа үйлесімділік: диалогтік оқытуға ішкі көзқарас» тақырыбында облыстық он-лайн режимде семинар өткізді. Ауданнан он-лайн режимдегі семинарға №4 Күршім ОМ математика пәнінің мұғалімі Ж.Нұрахметова қатысып, сертификат алды. 2015 жылдың 11 наурыз күні «Тізбектелген сабақтар топтамасының ең үздік орта мерзімді жоспары» атты облыстық сырттай байқаудың аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептерінің мұғалімдері белсене қатысып, барлығы 46 жұмыс қаралды. Байқау нәтижесінде 4 жұмыс облыстық кезеңге жолданды. Олар: Күршім №4 ОМ-нен Р. Ақшабаеваның, Сарыөлең ОМ-нен Ж.Мухитованың, Теректі№1 мектебінен А.Машаеваның, Мөнекей ОМ-нен Б.Сағиеваның жұмыстары. 2015 жылдың наурыз айында «Шығыс» өңірлік орталығының қорытындысы бойынша облыста өткен сайыста Мөнекей ОМ биология пәнінің мұғалімі Бақытгүл Сағиева 1 орын, Сарыөлең ОМ математика-физика пәнінің мұғалімі Женискуль Мухитова 2 орын, Теректі ОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Машаева Асылжан 3 орынды иеленді. 2015 жылдың 21 наурыз күні №3 Күршім гимназиясында деңгейлік курстан өткен мұғалімдер арасында «Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел, 2015 жылдың 16 наурыз күні №5 Күршім орта мектебінде «Факультатив сабақ: бүгіні және келешегі» тақырыбында аудандық коучинг ұйымдастырылды. 2015 жылдың қазанның 10-ы күні Деңгейлік бағдарламаның орталығының жоспарына сәйкес өткен «Орта мерзімді жоспарлау жәрмеңкесіне» Қайнарлы ОМ мұғалімі Ж.Садуанова қатысып, іріктеу турынан өтіп, мектебінің аттестациялвнуына байланысты сайысқа қатыса алмады. ШҚО білім басқармасы мен Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 18 қараша күні өткен «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015» аймақтық педагогикалық жобалар байқауына №5 Күршім орта мектебінен А.Жолжақсынова мен Ж.Каирова қатысып, сертификат алып қайтты. Деңгейлік курстардан өткен ұстаздар «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»,«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модульдерін жете меңгере отырып, оқытудың сапасын арттыруға жұмыс атқаруда.

2015 жылы деңгейлік курстардан өткен 7 қазақ тілінен, 5 орыс тілінен, 7 қазақстан тарихынан, 5 дүниежүзі тарихынан, 6 математикадан, 1 физикадан, 3 биологиядан, 1 географиядан, 1 химиядан, 1 ағылшыннан, 3 қазақ әдебиетінен, барлығы — 35 мұғалімнің оқушылары ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Тест нәтижесі бойынша қазақ тілінен 1 деңгейлі мұғалім Искакова Бақытжанның оқушылары (Сарыөлең ОМ) – 20,7 балл алса, қазақ әдебиетінен – 20 балл, 3 деңгейлі Раханова Толқын қазақ тілінен оқушылары (Қаратоғай ОМ),-20 балл, орыс тілінен 1 деңгейлі Кумаргалиева Зинаиданың оқушылары (№4 Күршім орта мектебі) 17,6 балл, Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихынан 2 деңгейлі Жадыра Байчулакованың оқушылары (Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия)- 20,58 және 21балл, 3 деңгейлі Серік Тұрсынбековтың оқушылары (Қойтас ОМ) – 20,33, 1 деңгейлі Дана Баяндинованың оқушылары (№3 Күршім гимназиясы) -20,02 балл, физика пәнінен 2 деңгейлі Женісгүл Мұхитованың оқушылары (Сарыөлең ОМ) – 23 балл, биология пәнінен 3 деңгейлі Людмила Казицкаяның оқушылары ( №1 Күршім ОМ) – 20,25 балл, география пәнінен 3 деңгейлі Карагаева Рауияның оқушылары (№4 Күршім ОМ) — 23 балл, химия пәнінен 3 деңгейлі Сарғасқаева Айгульдің оқушылары ( Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия) – 23 балл, қазақ әдебиеті пәнінен 3 деңгейлі Құтпаева Раушанның оқушылары (№1 Күршім ОМ) – 20 балл алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Сонымен қатар, аудан мектептері кітапханашыларымен «Мектеп кітапханасының бүгінгі жайы мен дамыту жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып «Елін сүйген, елі сүйген -Елбасы» атты кітап көрмесі барлық мектеп кітапханаларында ұйымдастырылды.

Аудан мектептерінің мұғалімдері облыстық он-лайн режимінде өткізілетін «История становления института Президентства в Казахстане. Н. А. Назарбаев-Лидер нации», «Сопровождение одаренного ребенка в образовательном пространстве», « Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Меры пожаро-безопастности в быту», «Арифметикалық прогрессиялар n- мүшесінің формуласы», «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау», «Меры безопастности при проведения новогодних праздников», «Облыс мектептерін PIRLS-2016 халықаралық зерттеуіне дайындау» тақырыбында өткен интерактивті сабақтарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге белсене қатысты.

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.