Натурал сандар және нөл саны. Натурал санды қолд ану


Ильясова Гулбаршын Шарафудиновна

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы

Жаңақала ауылы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

4 сынып № 3 сабақ ІV тоқсан
Сабақ тақырыбы Натурал сандар және нөл саны. Натурал санды қолдану
Жалпы мақсаты Натурал сандар қатарымен таныса отырып, оларды оқуға, салыстыруға, есептер шығаруға үйрену.
Күтілетін нәтижелер А) Натурал сандар қатарымен танысады.

В) Сандарды оқып, жазып, салыстыра алады.

С) Бірнеше амалдармен шығарылатын, логикалық есептерді шығара алады.

Сабақ түрі Топтық, жұптық, жеке жұмыс.
Керекті жабдықтар Парақтар, ауызша жаттығулар, кестелер, жинақ
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Сыныпты топарға бөлу

(3 топқа бөлемін)

Көктемде өсетін ең әдемі көпжылдық өсімдіктің бірі – қызғалдақ. Мен сіздерге бүгінгі сабағымызда әрқашан қызғалдақтай жайқала беріңіздер деп, қызғалдақ сыйлағым келеді. Енді қызғалдағымыздың күлтешелеріне үңілсек, оларда сандар жазылған. Кімде сандардың қосындысы – 10 болса, олар 1-ші топқа, кімде 20 болса 2-ші топқа, кімде 30 болса 3-ші топқа отырады.

10 20 30

САБАҚТЫҢ ЖЕТІСТІК ӨЛШЕМДЕРІМЕН ТАНЫСАЙЫҚ

Критерийлер Дискриптор Рубрикатор
1 тапсырма Үй тапсырмасы Барлығы дұрыс болса 2 ұпай
2 дұрыс 1 ұпай
2 тапсырма Өлең есеп пен логикалық есептер, натурал сандар құрамы Әрбір жауапқа 1 ұпай
3 тапсырма №1 мысал 4 — 6 дұрыс болса 2 ұпай
2 – 1 дұрыс болса 1 ұпай
4 тапсырма № 2 мысал 5 – 6 дұрыс болса 2 ұпай
2-3 дұрыс болса 1 ұпай
5 тапсырма №3 2-3 дұрыс болса 2 ұпай
1 дұрыс 1 ұпай
6 тапсырма №4 Белгіленуі, шешуі дұрыс болса 2 ұпай
Тек шешуі немесе белгіленуі дұрыс болса 1 ұпай
7 тапсырма №5 Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы дұрыс болса 3 ұпай
Шарты, сұрағы дұрыс емес, шешуі дұрыс 2 ұпай
Шешуі дұрыс болмаса 1 ұпай
8 тапсырма №7 Ұзындығын дұрыс тауып, дұрыс салыстырса 2 ұпай
9 тапсырма Карта 2 карта дұрыс 3 ұпай
1 карта дұрыс 2 ұпай
10 тапсырма Лездеме және түйінді ой Лездемені түсіндіруге шықса, түйінді ойға қатысса 2 ұпай
Лездемеге белсенді қатысып отырса 1 ұпай

Үй тапсырмасын тексеру

Ойы шоғырланады, топтарға бөлінеді.

Жетістік өлшемдерімен танысады.

Үй тапсырмасын бір – бірін тексереді.

Тұсау

кесер

Өлең — есеп

1. Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

3. 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

4. Қолымда 55 алма
15-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

Логикалық есептер

1. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, велосипед) дөңгелектерінің саны — он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр? (2 машина +1 велосипед )

2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

3. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

4. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

5. Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)

6. Алматтың 20 теңге ақшасы бар.Гүлденнің ақшасы одан 3 есе көп. Екеуінде қанша ақша бар? (80)

Өлең есептерді оқып, шешуін табады.

Логикалық есептерді шешеді.

Негізгі бөлім Бір, екі, үш, …, он, …, жүз, …, мың, … миллион, …, миллиард … – натурал сандар. Нәрселерді санау үшін натурал сандарды пайдаланады.

Нөл – натурал сан емес.

Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, .., натурал сандар натурал қатар немесе натурал сандар қатарын құрайды. Қатарда алғашқы сан бар; ол – 1, бірақ ең соңғы сан жоқ, әрбір натурал саннан кейін одан 1 бірлікке артық келесі натурал сан келе береді.

Енді натурал сандар құрамын еске түсірелік:

1) 123 259 236 – бұл санда неше класс бар?

2) 1 250 009 – бұл санда неше ондық бар?

3) 2 879 000 – санның разрядтарын ата

4) 245 698 245 — санының разрядтарын ата

Оқулықпен жұмыс

1

Сандарды салыстыр:

78 945 < 78946 67 090 < 67 190

125 891 > 125 881 259 051 > 250051

2 991 224 > 2 990 224 23 460 748 = 23 460 748

2

Постерге орындайды.

І топ:Сандарды цифрмен жаз: 52 мың; 1 млн 100 мың; 108 мың 20 онд.; 132 мың 6 жүзд.; 7 млн 7 онд мың 10 бірл.; 8 жүзд. мың. 8 жүзд. 5 онд.

52 000, 1000100, 108 0 20, 132 600, 7 070 010, 800 850

ІІ топ: Санағанда мына сандардың алдында аталатын сандарды және артында аталатын сандарды жазыңдар:

52 000, 1000100, 108 0 20, 132 600, 7 070 010, 800 850

ІІІ топ:

Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 4560; 7809; 45 087; 30 654; 899 789; 674 760

3

Әріпті өрнектердің мәнін тап.

1) 39*в-989, мұндағы в = 54; 612; 304;

39*54 — 989 = 2106 – 989 = 1 117

39*612*989 = 23 868 — 989 = 22879

39*304-989= 11856 – 989 = 10867

2) (105*18):d+205, мұндағы d=5; 15; 45;

(105*18):5+205= 1890:5 = 378 + 205 = 583

(105*18):15+205 = 1890:15 = 126 + 205 = 331

(105*18):45+205=1890:45 = 42+205=247

4

Теплоход 8 сағатта 312 км жол жүрді. Егер ол жылдамдығын 6 км/сағ азайтатын болса, 231 км жолды неше сағатта жүріп өтеді?

t = 8 сағ

S = 312 км

V = ? км/сағ — 6км/сағ

231 км = ? сағ

312 : 8 = 39 км/сағ 39 – 6 = 33 км/сағ 231:33= 7 сағ

Сергіту сәті

5

Жоспар бойынша зауыт 5 күнде 920 тігін машинасын жасап шығаруы керек. Бірақ жұмысшылар жақсы жұмыс істеп, күн сайын 16 машинаны артық жасап шығарды. Сонда зауыт 255 жұмыс күнінде неше тігін машинасын жасап шығара алады?

5 күнде – 920 м – 16 м а.

255 — ? м.

Шешуі: 920:5 =184 184+16 =200 255*200 =51 000

Жауабы: 51 000 тігін мащинасын жасап шығарады.

7

F және Е нүктелерінің арасындағы қашықтық пен АВ кесіндісінің ұзындығын салыстыр.

Семантикалық карта

Салыстыр > < =
23 813 * 238 130
23 813 * 23 831
24541*24541
38 000 * 38 001
Қандай цифр қалып қойған? 0 1 2
5 67*< 5671
56 719 >56 7*9
Оқиды, тыңдайды, түсінеді.

Есептейді, ойланады, айтады.

Салыстырады

түсіндіре отырып, шығарады.

Топбасшылары бағалайды

Есептерді шығарады.

Талдайды, түсінеді.

Өз ойларын айтады.

Есепті талдап, қысқаша белгіленуін жазып, шығарады.

Сызғышпен өлшейді, салыстырады.

Салыстырады, ойланып қалып қойған цифрды атайды.

Қорытынды Лездеме

Тақырыптық түйінді ой

1) 1,2,3,4,5 …, … – натурал сандар емес

2) Натурал қатардағы алғашқы сан – бір.

3) Натурал қатарда ең соңғы сан – миллион.

4) Әрбір натурал саннан кейін одан 1 бірлікке артық келесі натурал сан келе береді.

5) Нөл – натурал сан емес

6) Сандарды кластарға екі саннан бөлеміз

7) Бірлік санның оң жағында, бірінші болып тұрмайды.

Ойланады, табады, айтады.

Тақырыпқа қатысты ойды таңдап алады.

Бағалау Жетістік өлшемдерін топбасшылары қорытындылайды.

18 – 20 ұпай – «5»

12 – 17 ұпай – «4»

5 – 11 ұпай – «3»

Бағалайды
Үйге тапсырма Атамұра 2012, 273-274 бет, Ү/т 6, 274 б Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.
Рефлексия «Жұлдыз тамшыларын» белгілейік Өзінің суретін бояйды.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s