Daily Archives: 12.09.2017

ТУҒАН ТОПЫРАҚ. Ертегі


Жүсіп Әдина Әбдібайқызы 1981 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамыстыбас ауылында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Қазір республикалық «Ертегілер елінде» балалар журналында редактор.

Ертеде бір бағбанның алма бағы болды. Көктемде бағбан алманың әр түрінен қиып алып көшеттер отырғызды. Бүршік жарып көктей бастаған жас шыбықтар бой түзеп, айналасына көз тікті. Алма көшетінің орта тұсында саптын шыға бір шыбық өсіп келеді. Сыртқы пошымы да басқаша. Ұзын бойында тікенек секілді түктері бар. Бойы тез өсіп, ұшар басына томпиып бірдеңе пайда болды.
Бір күні таңертеңгісін Жас шыбық өз көзіне өзі сенбей таң қалды. Оны таңдандырып жүрген томпиған нәрсе әп-әдемі гүлге айналып кетіпті. Түсі қып-қызыл. Ал қызыл гүлге көзі тоймаған Жас шыбық Үлкен талдан:
— Үлкен тал, бізге еш жері ұқсамайтын мынау қандай ағаш. Гүлі қандай керемет, — деп тамсана сұрады.
— Бұл ағаш емес, — деп түсіндірді Тал, — Әлемде теңдесі жоқ таңғажайып гүлдер бар. Мынау соның бірі, аты — Раушан, жұпар шашып, айналасын хош иіске бөлейді, — деді. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР