Білім берудің жаңарту және болашаққа бағдарлану жолдары


Киябаева Салтанат Сансызбаевна

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

«Новоильинов орта мектебі»КММ.

Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі пайда болады. Жаңартудың басты мәселесі білім мазмұны толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын , базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ. Стандарттар барлық жақтағы оқу құралдарының қай түріне жататынына қарамастан , кадр даярлаудың жоғары біліктілік сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс.

Бұл күнде заман өлшеусіз өзгереді . Қазақ халқы өз еркіндігін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға бағдарлайтын әдістер ұсынуда. Солардың бірі:

— Өз мүддесі мен қоғамдақ мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу .

— Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру.Сондай -ақ тілі мен әдебиетін , тарихы мен өнерін қастерлеп , салт дәстүрін меңгерту.

— Әр оқушыны дара тұлға деп танып , олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту

Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады.Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.

Педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында ізденіп көптеген мағлұматтарды оқып және деңгейлік оқыту курстарынан оқып келген әріптестерімнің оқыту коучингтарынан түйгенім:

– Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Қазіргі таңда сабақ беру барысында өз пәнім қазақ тілі мен әдебиет бойынша кездесетін негізгі қиындықтар:

-Оқушылардың сөздік қорының аздығы;

-Ойлау қабілеттерінің саяздығы;

-Өз ойын толық жеткізе алмауы;

-Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарының төмендігі;

-Өмірден,ғаламтордан алынған мәліметтерді күнделікті өмірде пайдалана алмауы;

Осы мәселелерді жеңу барысында мен осындай жұмыстар атқарамын.

Оқушылардың сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін арттыру үшін сабақты түсіндіруде,бекітуде,қорытындылауда диалогтық әдісті көбірек қолданамын.

Ойлау қабілеттерінің саяздығын жою мақсатында сабақ үстінде мәтінге байланысты проблемалық,жағдаяттық мәселелерді қоямын

Өз ойын толық жеткізуге үйрету үшін мақал-мәтелдер,синоним,антоним,фразеологизмдерден тұратын деңгейлік тапсырмалар беремін.

Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру үшін мектеп,ауыл кітапханасымен тығыз байланыста болып,әр түрлі шығармалардан үзінділерді талдап,жаттатып тұрамын.

Ғаламтордан,қоршаған ортадан алған мәліметтердің қажетін,керегін ғана алуға үйретемін.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып,иллюстрация,техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады.Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналған сияқты. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс деп сенемін.


Қолданылған әдебиеттер:

1.Жұмабаев М. Педагогика. А.1992 ж.

2.Тәжібаева Т.С. XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстандағы ағарту ісінің педагогикалық ой-пікірдің дамуы.

3.Ә.Әбілова. Этнопедагогика. А.1997ж.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s