§ 30 – 31 Республиканың рухани өмірі: білім және ғы лым. Әдебиет және өнер.


Шалқар қалалық № 3 орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі Айтымбетова Лаззат

Сынып 9 А/Б Күн
Пән Қазақстан тарихы
Сағат 1 сағат
Тақырып § 30 – 31 Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым. Әдебиет және өнер.
Мақсаты 1970 – 1980 жж білім беру, ғылым, өнер, көркем әдебиеттің даму деңгейін анықтай отырып, басқа кезеңдермен салыстыру және оларға тарихи баға беруге үйрету.
Көрнекілік Қазақстан картасы, оқулық, 1970 – 80 жж оқу орындары сызылған кесте, плакаттар, шағын кітап көрмесі
Әдіс-тәсіл:
Ассоциация, сұрақ – жауап, ауызша баяндау, салыстыру, талдау.
Өткен сабақты қайталау:
Сабақтың барысы :
  1. Қызығушылықты ояту.

А) Жаңа сабақты хабарлау. «Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қол жеткізер» Ж. Баласағұн

Ә) «Білім беру» дегенді қалай елестетесіз, ассоциация жасаңыз.

Мектепке дейінгі Бастауыш білім беру

Аспирантура Орта білім беру

докторантура

Кәсіптік білім беру

Оқулықтар,

оқу құралдары Негізгі білім беру

Жоғарғы оқу

орындары

  1. Мағынаны тану.

А) Оқулықты ашып, мәтінді жауапкершілікпен оқып шығу.

Ә) Мәтінді оқып болғаннан кейін мәтін бойынша «Үш жақты түсіндірме күнделік» кестесін толтыру тапсырылады.

Р/с Сен үшін мәтіннің ең маңыздысы Неге? Сұрақ
1 1970 жылы жалпыға бірдей орта білім беруге көшті. Кешкі мектеп мұғалімдері өндіріс орындарына барып, орта білімі жоқтарды іздеп жүретін болды. Мектептерде еңбекке баулуды тереңдете жүргізу, кабинеттік жүйені енгізу шаралары атқарылды. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін тарату, түрлі әдістемелік жаңалықтарды енгізуге деген құлшыныстардың артуы Кезекті мектеп реформасы қай жылдан басталды?
2 1960-1970 жылдары Қазақ КСР ҒАкадемиясының КСРО – дағы ірі ғылым орталықтардың біріне айналуы Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні бар салаларда жетістіктерге қол жеткізді, олардың кейбір еңбектері шетелдерге белгілі болды. У.М. Ахметсафин ғылымның дамуына қандай үлес қосты?

Б) Дәптерлеріне жазып болған соң, топта өзара талдауға уақыт беріледі, бір-бірін тыңдайды. Топ ішінен өздері үздік деп санаған 2-3 маңызды оқиғаны 1 оқушы айтады. Әр топ осылай жауап береді. (3-бағандағы сұрақтарға топтың немесе басқа топ оқушылары жауап береді, оқушы жауап бере алмаған сұраққа мұғалім жауап береді).

В) Тақырып мазмұнын ашу үшін оқушыларға қосымша әр топқа әр түрлі материал таратылады. Үлестірілген қосымша материалды әр топ мұқият оқып шығады. Барлығы оқып болған соң, әр топқа тапсырма беріледі.

Тапсырмалар:

1 – топ. 1970-1980 жылдары білім беруді 1950-1960 жылдары білім берумен салыстыру (Венн диаграммасы арқылы).

1970-1980 жж білім беру

ортақ ой 1950-1960 ж ж білім беру

2 – топ. 1970-1980 жж. ғылым дамуындағы жетістіктер мен олқылықтарды жазу.

Ғылымның дамуындағы жетістіктер Олқылықтар
Академик Д.В. Сокольский катализаторды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтерді.

У.М. Ахметсафин республикадағы гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті.

Академиктер Ә.Х. Марғұлан, Е.А. Букетов есімдері ғылыми ортада емес, көпшілік қауымға танылды.

Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылыми академиясының шығыс бөлімі нәтижелі зерттеулер жүргізді.

Қазақстанда медицина ғалымдары аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жеткен.

Отырарда, т.б. өңірлерде қазба жұмыстарын жүргізген археологтар зор табыстарға қол жеткізді. 1970 ж. Есік қаласы жанындағы қорғаннан б.з.б. IY-III ғғ өмір сүрген алтын киімді сақ жауынгерінің табылуы көпшіліктің назарын аударды.

Республикалық ғылыми қызметкерлерінің үлесі одақтағы деңгейден екі есе кем болатын.

Қазақтар ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларын меңгерді.

Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтардың үлесі аз болды.

Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі, яғни 95%-ы орыс тілінде жазылды.

Тоқырау жылдарында қоғамдық ғылымдар зардап шекті.

Ғылымдардың ғылыми еңбектерін әкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде жазатын болды.

Ғылыми еңбектер Мәскеуде бағаланып, шешілді.

Қазақстан тарихы бұрмаланды.

Тарихшылар Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды.

Кеңес билігі тұсындағы ауыр нәубеттің сырын ашуға, зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.

3 – топ. 1970-1980 жылдары қазақ көркем әдебиеті мен өнерінің дамуында қандай кедергілер болды деп ойлайсыздар? (Болмаса оны дәлелдеу).

Қазақ тіліндегі туындылардың үлесі кеміп, орыс тіліндегі кітаптардың үлесі артқан.

Қазақша кинодраматургиясының тапшылығы сезілді.

Цензурадан өтпей, көпшілікке жолдама ала алмай қалған қойылымдар да болды.

1975 жылы жарық көрген О.Сүлейменовтың «Азия» атты кітабы, тағы да басқа жазушылардың шығармалары тауар айналымынан алынып тасталды, кітапханалардан аластатылды, жаңа басылымына тыйым салынды.

4 – топ. 1970-1980 жылдары білім беру мен қазіргі білім беруді «Т» кестесі арқылы салыстыру.

Ескі Жаңа
  • 1970 жылы жалпыға бірдей орта білім беруге көшу басталды, 1980 жылдың басында жүзеге асқандығы туралы жарияланды.
  • Мектептердің материалдық-техникалық базасы төмен болды;
  • Қазақ тілінің қолданыс қызметі шектелді;
  • Мамандар аз, жеткіліксіз болды;
  • 1970 жылы ірі агрокешендер құрылып, «болашағы жоқ» мекендер қараусыз қалғанда олардағы жүздеген мектептер жабылды. Көбі қазақ тілінде оқытатын шағын комплектілі мектептер болды.
  • Жалпы білім беретін 7989 мектептің 3632-сі қазақ тілінде оқытады;
  • Мемлекеттік тілде оқитын балалар саны өсуде;
  • Үстіміздегі оқу жылында мектептердің 55 %-ы қазақ тілінде оқытады;
  • Қазақ тілінде оқытатын мектептер жаңа типті оқу орындармен толығуда;
  • Дарынды балаларға арналған 30 мамандандырылған мектеп бар;
  • Сабақ беру барысында түрлі әдістер, стратегиялар пайдаланылады;
  • Компьютер, интернет, мультимедиялық кабинеттер жұмыс жасайды;
  • Көптеген түлектер шетелдерде білім алып, білімдерін жалғастыруда;
  • Түрлі басылымдар жарық көруде;
  • Жаңа буын оқулықтары шығуда;
  • Пәндер қосылуда;
  • Пәндер тереңдетіліп, сыныпқа бөлініп оқытылуда.

Тапсырманы әр топ өз топтарында талдап, ортаға 1 оқушы шығып, топ пікірін қорғайды. Қалған топ тыңдап, сөйлеген топқа 1 пікір, 1 сұрақ қояды.

3. Ой — толғаныс.

А) 1970 – 1980 жылдары ақын – жазушылар, сазгерлер, әншілер туралы кестені пайдаланып, сәйкестікті табу.

ақындар жазушылар сазгерлер әншілер
Ж. Молдағалиев

Қ. Мырзалиев

М. Мақатаев

Ф. Оңғарсынова

М. Хакімжанова

М. Шаханов

Т. Молдағалиев

Т. Айбергенов

Ғ. Мүсірепов

Ғ. Мұстафин

Ә. Әлімжанов

О. Сүлейменов

Б. Момышұлы

М. Мағауин

Ә. Нұршайықов

және т.б.

Е. Рахмадиев

Ғ. Жұбанова

К. Қожамияров

Ш. Қалдаяқов

С. Бәйтереков

Ж. Нәжімеденов

және т.б.

Е. Серкебаев

Ә. Дінішев

Р. Жаманова

Р. Бағланова

Р. Рымбаева

Н. Есқалиева

М. Жүнісова

Н. Нүсіпжанов

Б. Төлегенова

Е. Хасанғалиев

М. Ералиева

Мысалы: М.Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» өлеңіне әнін жазған Ш.Қалдаяқов, орындаған – М.Ералиева. Қ.Мырзалиевтің «Тамды аруы» әнін Ш.Қалдаяқов шығарған.

Сабақтыбекіту :
Топтар бір – біріне сұрақ қою арқылы, алған білімді бекітеміз.
Үй жұмысы :
§ 30 – 31 тақырыптарды оқу.

  • оқулықтан «1970 – 1980 жылдары халыққа білім беру, ғылым, көркем әдебиет тақырыбын» оқу.
  • 1970 – 1980 жылдары Қазақстанның және өз өлкеміздің ғалымдары, ақын – жазушылары туралы қосымша материалдар әкелу.
  • Жоғарылағы Ж.Баласағұнның «Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қол жеткізер» дегендей, «Білімнен артық нәрсе жоқ» тақырыбына шағын эссе жазу.

§ 29 – 31 тестке дайындалып келу.

Сабақты бағалау :
Оқушыларды бағалау.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s