«Алтын күз»


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы

ЖШС «Нұр Бала Би» балабақшасы

Музыка жетекшісі

Мамитова Гулжахан Елубаевна

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата — аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде» әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен, ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық. Тақпақтар
Расул

Шоғы толан гүлдей жайнап

Жарқырайды Алтын күз.

Сайрандап күліп ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.
Еркежан

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалаған

Заңғар көкке қол соғып

Құстар ұшып барады.
Жандаулет

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар сезгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

Дияр

Біреу астық түсірді

Біреу астық ұшырды

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

Айару

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті Алтын күз

Кемелденсін халқымыз.
Бибінұр

Сара ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.
Әсел

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.
Айнель

Алтынға тимеймін танғала

Судырап жапырақ түскенде
Жыл сайын тосамын ұнатамын
Еркеназ

Алтын сары қызы, қызыл , көк
Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап.
Ксюша

Жер берді жемісті

Күз келді келісті

Күз — байлық береке

Алтын күз — мереке.
Диляра

Еңбек қызыл қырларда

Бидай толды қырманда

Алтын таулар секілді

Сап — сары болып тұрғанда

Бекнұр

Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп гүл солды

Қараша ызғары басталды.
Ән «Күз »
Музыка.
Жүргізуші; Балалар бұл не?
Біреу жылап тұрған сияқты. Өйткені күн суытты ,құстар жылап жатыр. Құстар тонды, олар жылы жаққа ұшып кетеді ғой.
Жүргізуші. Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар
Балалар. Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып жаңбыр жауады.
Жүргізуші. Біз көңілімізді түсірмейік.Күз мезгілі тамаша бізге молшылық береке әкеледі.

Жұмбақ жасырады
Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығады.
Баспағын бойын шөпке жасырады,
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.
Балалар. Қарбыз
Жүргізуші: дұрыс, балалар
Ойнаймыз күзде біз,

Достықты білеміз.

Айырып болмасың,

Туғандай боламыз.
Күз мезгіліне сән көрсету үлгісін қабыл алыңыздар.

Күзім –ау, күзім – ау.

Мінезін бұзық — ау

Жаңбырын сіркіреп

Тұрғанын қызық –ау.
Ән. «Жаңбыр»
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балалар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі — түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз ханшайымы: Балалар, билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата — аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата — ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.

Жүргізуші: Күзде жаңбыр жауады. Ойнатпайды біздерді,

Қолымызда қолшатыр ойнауға біз барамыз.
«Қолшатыр»биі
Күз ханшайымы: Мен, сендердің өнерлеріңді тамашаладым. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын: «Сылдырмақты кім бірінші алады»
Жүргізуші: Күзде, күзде жаңбыр жауады. Ойнатпайды біздерді.

Күзде, күзде жапырақтар, желмен бірге ұшады.

Күз ханшайымы: Мен ойын ойнағым келеді, бірақ ата — аналармен

Ойын: Дәміне қарай ажырат
Күз ханшайымы: Ал балалар мен сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім. Рахмет өнерлеріңе, енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеге дейін сау болыңыздар!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.