«Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» Тәрбие сағаты


ШҚО. Аягөз қаласы, «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахиянова Эльмира Канатовна

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Құрметті балалар бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн орындалады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 26 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші,өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінг біз бүлдіршінбіз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Қ.Айару: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Аружан: Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік!
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік!
Қасырет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік!

Іңкәр: Алып дүлей күштің зәрі ұшқынын
Алаулатып жылатты бір қыс күнін
Сабирадай қайран қара көздерім
Тас тағынан елге ерлік ұшқынын

Жан: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелс здік алған кұн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Балалардың орындауында
Ән «Желтоқсан желі»

Аружан: Қайраттай қайсар ұлдарың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасырет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Қанағат:Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату – тәтті бірлік болсын қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Айым:Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық.
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,
От ан үшін болуға да құрбандық

Ж. Нұрсұлтан: Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елімен
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Тәрбиеші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.
Сұрақ – жауап;
Балалар, Біздің отанымы з қалай аталады?
Қазақстан
Қазақстан Республикасының Ел басшысы кім?
-Назарбаев Нұрсұлтан Әбішүлы
Қазақстан Республикасының Астанасы қалай аталады?
-Астана

Айша: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Адемі: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні – бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.

М. Нұрсұлтан: Елдігімнің – реңі,
Теңдігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!

Таңат:Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныш тықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

Нұралы: Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл – күні!

Жүргізуші
Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О,халайық Құтты болсын қуаныш!
Хор : «Менің Қазақстаным»

Аяулым:Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным – Қазақстаным!

Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Отан – оттан да ыстық
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
Отан – отбасынан басталады.
Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Би:» Қаражорға» Аружан, Айару, Айым, Айша,

Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрм тті қонақтар ересектер тобының дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.