ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ


«Bilimnur» білім порталы атынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау мақсатында өңірлердегі білім саласының жетістіктерін таныстыру үшін «Білім жетістіктері» тақырыбындағы сұхбат сұрақтары облыстық, аудандық білім бөлімдеріне ресми хат ретінде жолданды.

Сұхбатымызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жетістіктері туралы жарияланды.

1. Облыс көлемінде білім беру жүйесінде қандай жетістіктер бар?

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев білім беруді – экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны ретінде жасауға міндет қойған. Аталған бағытта инфрақұрылымдық дамуға және Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін толықтай тарату жұмыстарына аса назар аударылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста «Менің мектебім» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба шеңберінде облыс мектептері пән кабинеттерімен (химия, физика, биология, робототехника) жабдықтандырылуда.
Білім саласында жүргізілен жұмыстардың нәтижесінде жыл сайын қорытынды аттестациядан жоғары нәтиже көрсететін түлектердің саны артуда. 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде облыс бойынша орта балл 82,2 құрады. Облыстың 1685 түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден 100 балдан жоғары алды.
Білім басқармасымен апаттық жағдайдағы мектептер санын азайту және үш ауысымдық оқытуды жою бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша апатты жағдайдағы мектептердің саны 3 бірлікті құрады, оның ішінде 1 мектеп үш ауысымды.
Ағымдағы жылы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында апатты мектептің орнына 1 мектептің және Аягөз қаласында үш ауысымды оқытуды жою мақсатында 1 мектептің құрылысы жоспарлануда.
Жоғарыда аталған мектептерді пайдалануға беру 2018 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған.
Сонымен қатар 2017 жылы Күршім ауданындағы апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешу мақсатында шағын мектептердің құрылысы бойынша облыстық бюджеттің есебінен «Шағын мектептер» жобасының ЖСҚ әзірленуі басталды. Жобаны аяқтау 2018 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысында дарынды жастарды қолдауға басты назар аударылады. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен жүйелілік, сан түрлілік және сабақтастық принциптерінен құралған дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін жағдай жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. Оған облыстың барлық білім беру мекемелері қосылған.
Жыл сайын түрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар арқылы дарынды оқушыларды анықтауға, іріктеуге, қолдауға және дамытуға, дарынды балалармен жұмыста педагогтардың құзіретіліктерін арттыруға арналған 150 астам шаралар өткізіледі. Облыс оқушыларының түрлі зияткерлік олимпиадаларға, конкурстарға және ғылыми жарыстарға қатысу бойынша анализі, оқушылардың олимпиадалық қозғалысқа қатысуға қызығушылықтарының артқанын дәлелдейді.
Өткізіліп жатқан жұмыстар жарқын жеңістер мен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. 2016-2017 оқу жылында біздің облысымыздың дарынды балаларының командасы халықаралық және республикалық дәрежелі зияткерлік жарыстарда 179 медальді иеленді, оның ішінде 44 алтын, 53 күміс, 82 қола.
Соңғы он жылда республикалық зияткерлік олимпиадаларда, ғылыми жарыстарда облыстың командасы дәстүрлі түрде 1-ші орындарды иеленіп, республикадағы «Үздік олимпиадалық команда» атанады.
Облыс оқушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік құрамасында Ресейдегі, Америкадағы, Ұлыбританиядағы, Оңтүстік Кореядағы, Үндістандағы маңызды халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлер атанады.
Кәсіптік және техникалық білім беру студентері 2017 жылдың 2-5 мамыры аралығында Астана қаласының Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі және ««Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ бірлесіп, 30 құзыреттілік бағыты бойынша «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатына қатысып, 3 студент жүлделі орындарға ие болды.
2017 жылдың 3-5 мамырында «Ақниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мектеп-интернаты» КММ DeafSkills Kazakhstan чемпионаты өткізіліп, «Инженерлік дизайн» құзыреттілігі бойынша Ерзат Набиев және Владислав Лахно 3-ші жүлделі орынды иеленді.
2017 жылдың мамырында Краснодар қаласында (WorldSkills Russia) «Жас мамандар» чемпионаты өткізіліп, «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Хабатай Айбек 3-ші жүлделі орынды иеленді.
Өткен жылдың 15-18 қазанында Абу-Даби қаласында өткен (ОАЭ) Worldskills Competition чемпионатына «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша Алексей Климков және Вильгельм Лиманский, «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Александр Сагель, қазақстан құрамасында қатысты.
2017 жылғы 15-18 қазан айында «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ студенті Зарылқанова Аяулым есту қабілеті мүмкіндігінен айырылған балалар арасында Абу-Даби қаласында өткен Deafskills International чемпионатына қатысуға шақырту алды.
2017 жылдың 9 маусымында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік педагог — 2017» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

2. Үш тілде білім беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

Шығыс Қазақстан облысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған, үштілділікті енгізу бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізілуде.
Аталмыш міндеттерді асыру аясында 2015-2019 жылдарға арналған Үштілділікті дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданған.
Кешенді жоспардың Бірінші кезеңін іске асыруға 1,275 млрд теңге бөлінген.
Кешенді жоспардың екінші кезеңін іске асыруға облыстық бюджеттен 504,4 млн теңге бөлінді.
2017 жылғы 1 тамыздан бастап 2460 тілдік пән мұғалімдеріне — қазақ, орыс және ағылшын тілдері әдістемесі бойынша курстар ұйымдастырылып өткізілді.
ТКТ емтиханының қорытындысы бойынша, төмендеңгей көрсеткен және қайта жұмысқа қабылданған ағылшын тілі мұғалімдеріне тікелей тіл тасымалдаушыларды шақыртуымен курстар ұйымдастырылды.
Халықаралық ТКТ емтиханында жоғары нәтиже көрсеткен 21 мұғалімнен тікелей тіл тасымалдаушыларды тарту арқылы тренерлік құрам дайындалуда.
Облысымызда тілдік пәндерді оқытатын, табысты жұмыс істейтін мұғалімдерге материалды түрде сараланған көтермелеу жүйесі енгізілген.

3. Оқулық мәселесі де жыл артқан сайын бір жүйеге түсіп келе жатқан сыңайлы. Биыл оқулық жеткілікті болды ма?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кестесіне сәйкес биылғы жылы 2, 5, 7 сыптардың оқулықтары жаңартылды. Біздің облыста барлық оқушыларды жаңартылған оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету мақсатында 1 667,3 млн. теңге бөлінді. 2017-2018 оқу жылында облыстың барлық оқушылары 100%-ға қамтылған.

4. Елбасы мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару керектігін айтқан еді. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде осы «Күнделік» жүйесіне облыстың 391 мектебі қосылды. Бүгінгі күнде жүйеде 10 738 мұғалімнің, 42 534 оқушының, 31 645 ата-ананың аккаунттары тіркелді.
«Күнделік» ақпараттық жүйесі сапалы енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында білім басқармасы оқыту вебинарларын өткізді. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығы негізінде білім басқармасының «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылған мектептердің электронды есеп беру мүмкіндігі туралы 2017 жылғы 28 ақпандағы № 79 бұйрығы жарияланды.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде электронды журналдарды енгізген мектептер желісін арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар мұғалімдерді қағазбастылықтан босату мақсатында республикада Ұлттық білім берудегі деректер қоры ашылды.
Аталған қор арқылы барлық статистикалық есептер бойынша ақпаратты алуға болады. Барлық бастауыш білім беру мекемелері қорға деректерді енгізіп, қағаз жүзінде есеп тапсырмайтын болды.

5. Мұғалім мамандығын алып, жұмыс таба алмай жүргендер бар. Жалпы мектептерде қандай пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі бар?

2017-2018 оқу жылында облыста 22 647 мұғалім жұмыс істейді. Бүгінгі күні білім беру мекемелеріне 144 мұғалім қажет. Мұғалімдердің тапшылығын жою мақсатында білім басқармасы мен жергілікті атқару органдарымен бірлесіп жұмыстар атқарылады.
Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру мақсатында биылғы жылы ауылдық жергерге 125 жас педагог жұмысқа қабылданды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қабылданған жас мамандарға жыл сайын 70 АЕК мөлшерінде көтерме ақы және үйді сатып алуға арналған 1500АЕК мөлшерінде несие беріледі.

6. Ұстаздарға көрсетілер құрметпен қатар қойылар талап та көп. Бүгінгінің мұғалімі қандай болуы керек?

Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.
Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде бірін кем, бірін артық көрмегені абзал. Мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де алады. Рухани бай болу керек. Зияткер мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек. Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды.

7. Ұстаздар педагогикалық тұрғыдан тәлім-тәрбиеде нақты қандай қағидаттарды ұстану керек?

Ұстаздар балаларға тек білім берумен ғана шектелмей, сонымен қатар, олардың дені сау, ақыл-ойы толысқан, ізгі ниетті, мәдениетті де әдепті, дүниетанымы жоғары тұлға ретінде кемелденуі үшін берер тәрбиенің ықпалы да зор болмақ. Ол үшін, ең алдымен, мұғалімнің білім беру ісін рухани дамыта отырып, инновациялық ізденіспен жұмыс істеп, өзгеге өнеге боларлықтай тұлға болуы шарт. Қазіргі заманға лайық мұғалім болу үшін бірнеше түрлі қасиеттер әркез біздің бойымыздан табылып отыруы тиіс. Ол үшін мұғалім мейірімді де қамқор және талап қоя білуі керек, ұстаз бен шәкірт арасында ынтымақты қарым-қатынас орнығуы тиіс, мұғалім мен оқушы бір-біріне құрметпен қарауы керек, мұғалім өз кәсібінің маманы болумен бірге, өзге де пәндерді жақсы меңгеруі қажет. Мұғалімнің балалар алдындағы беделі жоғары, бейнесі жарқын болуы тиіс.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР, ЖАҢАЛЫҚТАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.