Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы «Бейнеу» мектеп – интернаты» КММ – нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атшыбаева Қамажай Нұржаубайқызы
Тақырыбы: Өмірдің мәні-отбасы
Мақсаты;жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,жанұя құндылықтарының маңыздылығын оқушы бойына сіңіру,өз жанұясына деген сүйіспеншілігін, сенімін арттыру.
Міндеті:отбасының негізі өмірдің ұйтқысы,ата-ана,ата-әже,жанұя ұғымдарының маңыздылығын түсінеді. Оқушы өз жанұяларын,ата-анасын сыйлайды,дәріптейді. Болашақ жанұя жайлы өз көзқарастарын қалыптастырады.
Бағыты:Отбасы бағыты
Табыс критерийлері:Оқушы отбасының маңыздылығын біледі түсінеді.Оқушы отбасы мүшелерін сыйлайды.Өз көз қарастарын қалыптастырады.Отбасының маңызын түсінеді.
Әдіс-тәсілдер:Топпен жұмыс.Суретті болжау стратегиясы,сұрақ-жауап.
Көрнекілік: Интерактивті тақта,плакаттар,маркерлер,үлестірме қағаздар
№ | Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
I | Ұйымдастыру
Ойтолғаныс: |
Амандасу,оқушының назарын сабаққа аудару | |
I | Суретті болжау
Стратегиясы Ынтымақтастық орта қалптастыру |
Оқушыларға слайдтан сурет көрсетіледі,өз ойларын айтуға мүмкіндік беру
Тренинг «Тамаша екен!»жаттығу |
Оқушылар тақырыпты табады
Өзгенің бойындағы жақсы қасиетін «тамаша екен»деу арқылы өз бойына сіңіреді. |
II | Топқа бөлу
Cурет құрастыру |
Оқушылар қима қағаздарды суырып,сол бойынша топқа бөлінеді.
1топ «Отбасы» тобы 2топ «Шаңырақ» тобы |
Түрлі түсті қағаздан үй суретін құрастырып алған түстеріне байланысты топқа бөлінеді. |
III | Ой қозғау | «Ата-ана алдындағы қарызың» тақырыбында бейне көрініс беріледі.Кейіпкердің табысын үшке бөліп жаратуы үлгі етіледі. | Оқушылар өз ойларын айтады, өмірмен байланыстыра қорытады. |
Әңгімелесу | -Отбасының тірегі кім?
-Сен отбасында кімсің? -Өзіндік орның қандай? -Отбасында сен үшін ең қымбат жан? Отбасы-тәрбие негізі дегенді қалай түсінесіңдер? Жанұя мүшелерінің арасындағы ынтымақтастық дегенді қалай түсінесіңдер? 2. «Отбасы-ынтымақ мекені» Психологиялық тренинг ұйымдастыру Түрлі түсті ілгектер таңдау арқылы отбасы мүшелерінің ынтымағы, қарым-қатынасы туралы анықтау |
Оқушылар сұраққа жауап береді, жауабы тыңдалады
Оқушылар жанұя мүшелерінің санына қарай ілгек түстерін таңдайды. Мұғалім сол бойынша психологиялық талдау жасайды. |
|
V | Ой толғаныс | Өмірдің өзі новелла
«Жетім» киносынан қысқаша бейне көрініс көрсетіледі. |
Оқушылар өз ойларын түйіндеп айтады,бүгінгі өмірмен байланыстырып , өз көзқарастарын айта білуге үйрету |
VI | Қорытындылау
Топтық тапсырма |
Тапсырмаларды ұсыну:
1-топ«Біз бақытты баламыз» шығармашылық тапсырма 2-топ «Бақытты отбасы» постер қорғау 3-топ Ата-аналар тобы «Бала-өмір мәні» постер қорғау |
Барлық оқушылар бірігіп тапсырмаларды орындайды,ойын еркін жеткізеді,топтағы бір оқушы постерді қорғап,түсіндіреді. |
VI1 | Кері байланыс
Қорытынды |
«Үлгілі шаңырақ» сөзіне топтастыру жасайды.
«Тілек шамы» тренинг арқылы Отбасы-ұшқан ұя-жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» шынында бұл сөзде оттың да үлкен маңызы бар. Сондықтан оттың басы ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын жүргізіледі. Мұғалім жинақтай қорытады. |
Барлық оқушы өз ойларын стикерге жазып,плакатқа іледі.
Оқушылар өз ойын айтып,сабаққа қорытынды жасайды Оқушылар өз ойы,алған әсері,тілегін айтады. |