«Ахметтану» Авторлық бағдарлама


Алматы облысы, Алакөл ауданы «Көктұма,қазақ орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Тлеубердиева Гүлнәрдің «Ахметтануға»

қатысты жасаған авторлық бағдарламасы

Түсінік хат

Қазақ ұлтының рухани жаңғыруы жолында еліміздің жыр жауһарларын, әдеби шығармаларын оқыту түсіндіру, халықтың салт- дәстүрлерін төл туындылары арқылы ұрпақ санасына жеткізу ең басты мәселе болып табылады. Қазіргі жас жеткіншектер кітап оқып, жыр жаттаудан гөрі интернет бетіне үңіліп, гаджеттен ойын ойнағанды артық көреді. Балалардың заманауи технологияларды меңгеруіне қарсылық жасамай-ақ, олардың санасына ел арасынан шыққан ақын-жазушылардың туған жер, өскен өлке туралы туындыларын оқыту арқылы әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамытуға болады. Ол үшін осы өз өлкемізден шығып, қазақ әдебиетіне танымал болған ақындардың өлеңдерін оқыту, талдату, тіпті жаттату керек. Өйткені ақын сол балалар туған, өсіп жатқан мекеннің табиғатын, көркемдігін, жері мен суын, барлық әсем келбетін жырға қосады. Ал оны оқыған балалардың жүрегінде өзінің Отанына, туған өлкесіне деген құрмет оянады. Бұл Отанды сүю деген ұлы сезімге ұласады.

Сондай қадірлі ақындардың бірі – жерлесіміз Ахмет Кендірбекұлы. Алматы облыстық және Алакөл ауданының құрметті азаматы, көптеген жыр кітаптарының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ақын А.Кендірбекұлының жырлары – өз аймағымыздың сұлулығы мен байлығын суреттеген көркемдігі жоғары қайталанбас туындылар. Ақын өлеңдерінен қазақ жеріндегі ғажайып өлке Алакөл аймағының, оның ішінде біздің Көктұма ауылының көркем келбеті, тамаша табиғаты, еңбекқор адамдары, арманшыл жастары, қазақы қалпы керемет көрініс тапқан. Сондықтан біз ақынның өлеңдерін оқытуға арналған авторлық бағдарлама жасадық. Аптасына 1 сағатқа арналған бұл курс жыл бойы жүргізіледі. Мақсаты — халқымыздың біртуар перзенті, қазақ сөз өнерінің айтулы саңлақтарының бірі, жерлес ақынымыз Ахмет Кендірбекұлының өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту, ақынның жыр өнеріне қосқан үлесін меңгерту, шығармаларында кездесетін ауыл адамдарының прототиптерін анықтау, кейіпкерлер әлемімен танысып, өзіндік ой түйіндеу. Бағдарламада көрсетілген шығармалар оқуға, көркем мәтінді меңгерту үшін, оқушыны оқырман ретінде қалыптастыру мақсатында ұсынылды. Сонымен қатар елдің мұңы, жұрт қамы жөніндегі ойлары және ақын туралы замандастары мен қаламдастарының лебіздері беріледі. Бағдарлама екі түрлі бағытқа негізделген. Бірінші бағытта ақын өлеңдерінің мәні, сипаты туралы теориялық білімдерін қалыптастыру. Екінші бағытта – оқушының мәнерлеп оқу дағдысын, өлең құрылысына талдауын, көркемдік ерекшеліктерін таба білу дағдысын практикалық тұрғыда қарастыру. «Ахметтану» курсы 34 сағатқа жоспарланды. Теориялық материалдарға – 29 сағат Шығармашылық, зерттеу жұмыстарына – 4 сағат Қорытынды – 1 сағат

Күтілетін нәтиже:

Ахмет Кендірбекұлының өмірі, оның поэзиясы туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу туралы ақындық болмысын, авторлық ұстанымын түсінуге баулу. Оқушының өз бетімен ізденушілік – зерттеу қабілеттерін дамыту.

Мақсаты:

Жерлес ақынымыз Ахмет Кендірбекұлының жырларын жас ұрпақ санасына сіңірту арқылы, оның ақындық бейнесін таныту.

Міндеті:

Оқушыларды азаматтық құндылықтарды білдіруге, адамгершілікке, тіл шеберлігін қалыптастыруға, сауатты жазып, өз ойын анық, толық жеткізе білуге үйрету.

1 А.Кендірбекұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Кітаптарынан көрме жасау. Ақын өлеңдерін жатқа білетін мұғалімдерді, ауыл адамдарын шақырып, поэзия сағатын өткізу. 1
2 ЖМУ-дың профессоры филология ғылымының докторы Қанипаш Мәдібайдың «Адам болып ғұмыр кешу мұраты» атты зерттеу мақаласымен танысу. 1
3 Туған жер туралы жырлары: « Алакөл»,Көктұма, Көкиірім. 1
4 Адам тіршілік тақырыбында қозғаған «Жақсы болсаң» өлеңін оқу, талдау. 1
5 «Сағыныш» өлеңін оқу, әнімен орындап үйрену (Алакөл саған асығып жеттім) 1
6 Мен сөйлеймін, Өмір,өмір, Шығыс өлеңдері. 1
7 Туыстық қарым-қатынас, сыйласым туралы «Аға» өлеңімен танысу. 1
8 Қоғам және отбасылық келісім туралы жазылған «Әкім, от, әйел» өлеңі.
9 Адамгершілік, жан тазалығы жайында жазылған «Еңлік» өлеңі. 1
10 Үлкенге құрмет, ата-бабаға тағзым тақырыбында «Ардагерлер» өлеңі. 1
11 Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері, қолданған көркемдік құралдар. 1
12 Ақындық қабілет жыр құдіреті жайлы жазылған «Жырым менің- сырым менің» өлеңі. 1
13 «Атамекен» өлеңіндегі ақын сезімі. 1
14 Ақын таңданысы мен толғанысы жайлы «Таңым бар» туындысымен танысу. 1
15 Автопортрет деген не? Бұл туралы ақын не дейді. «Автопортрет» өлеңін оқу. 1
16 «Абай шыңы» өлеңімен танысу. 1
17 «Желтоқсан» өлеңін оқып тарихи сәттерді еске алу.
18 «Досқа сөз», «Төбе мен тау» өлеңдерін оқу. 1
19 Шығармашылық зерттеу, талдау жұмыстары. 1
20 «Ұлылармен үндесу»- «Жылдар сөйлейді кітаптан» 1
21 Отбасылық құндылықтар туралы жырлаған «Үш шырша» өлеңі ( Ақылия әженің әңгімесі) 1
22 Алакөлді жырға қосу- ақын өлеңдерінің негізгі өзегі. «Алакөлім, армысың», «Алакөлдің азаматтары» өлеңдері. 1
23 Өмірдің қатал сындары жайлы жазылған «Қамшы», «Қараша» өлеңдері. 1
24 Ақын туралы замандастары мен қаламдастарының лебіздері. 1
25 А.Кендірбекұлы жыр арнаған қазақтың ақиық азаматтары туралы арнау өлеңдері. 1
26 Аұынның ұлттық дәстүр салт- сана туралы жырлары «Дәстүрім – тағдырым», «Айт», «Өре» т.б. өлеңдері. 1
27 Ақын және тарих тақырыбы. 1
28 «Алашқа айбын Аңырақай» «Ерлік» туралы толғау. 1
29 Ақын өлеңдерінің құрылысы көркемдігі туралы зерттеу, шығармашылық жұмыстар. 1
30

31

А.Кендірбекұлының шығармашылығы жайлы ғалым зерттеушілердің, журналистердің еңбектерімен танысу. 1
32 А. Кендірбекұлына арналған (Т.Молдағалиев, С. Иманасов). 1
33 Ахмет Кендірбекұлына «Алакөлдің айбынды арнасы» атты шығармашылығына арналған поэзиялық кеш 1
34 Қорытынды сабақ. «Алакөлдің қоңыр үнді қоңырауы» эссе жазу 1

Пікір

Мұғалімнің «Ахметтану» авторлық бағдарламасы бір жылдық оқу курсына арналған, 34 сағаттан тұрады. Алматы облысының және Алакөл ауданының құрметті азаматы, мәдениет қайраткері, бірнеше жыр жинағының авторы, ақын Ахмет Кендірбекұлының шығармашылығын оқыту, меңгерту, талдау, зерттеу бағытында құрастырылған. Бағдарламаға арнайы түсінік хат берілген, онда бұл курсты не үшін, қандай мақсатпен алып отырғанына жан-жақты түсінік беріліп, мақсаты мен күтілетін нәтиже көрсетілген. Ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектері мен сан пікірлерді, арнау өлеңдерді де орынды қолдана алған. А.Кендірбекұлының шығармашылығы арнайы топтарға бөліне қарастырылып, бала ұғымына қонымды өлеңдерін алу жолға қойылған. Өлеңді оқып, мәнерлеп жатқа айтумен қатар, көркемдік тәсіліне қатысты сабақтар да қарастырылған. Көрме сабақ, ән сабақ, талдау сабақ, поэзия сағаты, тіпті балалардың шығармашылығына керекті эссе жазу жұмыстары да қамтылған. Ақынның туған жер тақырыбына қатысты өлеңдеріне басымдылық бере отырып, шығармашылығын тұтастай қарастыру жүзеге асқан. Бағдарлама барысында А.Кендірбекұлының «Ойтұмар», «Көкпар», «Зер», «Өмір, өмір», «Қос қағыс», «Ғиззат», «Жылдар сөйлейді»,»Бесін», «Қарашада өмір тұр» кітап- жинақтары пайдаланылған. Балалардың өз бетімен интернет арқылы жұмыс істеуіне де бағыт берілген. Бағдарламаны мектепте пайдалануға болады. Мұратхан Иманғазинов І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің профессоры ф.ғ.докторы.

Алматы облысы Алакөл ауданы «Көктұма қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тлеубердиева Гүлнәрдің Абайтану курсына арнаған «Абай тағылымы – өміршеңдігімен құнды» тақырыбында жасаған авторлық кітапшасы.

Пікір

Абайтанудың негізін қалап «абайтану» атты ғылым жүйесін қалыптастырушы әрі көшбасшысы болғандықтан М.Әуезовтың «Абай жолы» романын зерттей оқыту мұғалімдер мен оқушылар үшін үлкен парыз.Осы бағытта эпопеядағы халықтың тағлымдарды әр кітабы бойынша тақырыпқа топтастырып талданған. Өйткені осы роман – эпопеяға алғаш пікір жазған жазушы Қ.Шанғытбаев «Абай жолы» романы «Қазақ халқының ұлттық энциклопедиясы» — деген еді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, оқу-тәрбие ісіне арқау ету – борышымыз. Жаңа форматта өткізілген сабақтар — ғылыми жоба, дебат сабағы, XXI ғасыр көшбасшысы, «Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында сабақтар түрін қамтиды. Оқушылар тапсырма бойынша көркем текстен эпизодтар, сөйлемдер тереді. Кітапшаның әр беті тақырып бойынша ретімен толықтырылып отырған. Сабақта Абайдың өнегелі өмірбаяны, өскен ортасы, шығармашылыққы бастау алуы жайында нақты деректер алады. Таным қабілеті артады, кітапшаның әр бетінде қамтылған жайларды даралап оқиды. Бұндай сабақтар оқушылардың көркем шығарманы талдап оқуына, ұлттық тәрбие туралы терең мағлұмат алуына тигізер әсері мол. «Артық ғылым кітапта Ерінбей оқып көруге…» Абай.

Мұратхан Иманғазинов І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің профессоры ф.ғ.докторы

«Ахметтану» курсының күнтізбелік жоспары (6 сыныпқа арналған)

Мазмұны Сағат Мерзімі Қосымша оқу

Пайдаланатын әдебиет

1 А.Кендірбекұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.. 1 Ақын жинақтары «Ойтұмар», «Көкпар», «Зер», «Өмір, өмір», «Қос қағыс», «Ғиззат», «Бесін», «Қарашада өмір тұр», «Жылдар сөйлейді»
2 Қанипаш Мәдібайдың «Адам болып ғұмыр кешу мұраты» атты зерттеу мақаласымен танысу. 1 «Әдебиеттану ғылымы және білім беру» жинағы. Талдықорған 2017
3 « Алакөл»,Көктұма, Көкиірім. 1 «Ойтұмар», «Көкпар»
4 «Жақсы болсаң» өлеңін оқу. 1 «Қарашада өмір тұр»
5 «Сағыныш» өлеңін оқу, 1 «Бесін» жинағынан
6 Мен сөйлеймін, Өмір,өмір, Шығыс өлеңдері. 1 «Өмір, өмір», «Қарашада өмір тұр», «Бесін» жинақтары
7 «Аға» өлеңімен танысу. 1 «Жылдар сөйлейді»
8 «Әкім, от, әйел» өлеңі. 1 «Жылдар сөйлейді»
9 «Еңлік» өлеңі. 1 «Бесін» жинағы
10 «Ардагерлер» өлеңі. 1 «Зер», «Қос қағыс» жинақтары
11 Ақын өлеңдерінің көркемдік

Ерекшеліктеріне талдау

1
12 «Жырым менің- сырым менің» өлеңі. 1 «Қарашада өмір тұр»
13 «Атамекен» өлеңі. 1 «Ойтұмар» кітабы
14 «Таңым бар» туындысымен танысу. 1 «Зер» кітабы
15 . «Автопортрет» өлеңін оқу. 1 «Жылдар сөйлейді» жинағы
16 «Абай шыңы» өлеңімен танысу. 1 «Көкпар» кітабы
17 «Желтоқсан» өлеңі 1
18 «Досқа сөз», «Төбе мен тау» өлеңдерін оқу. 1 «Қарашада өмір тұр»
19 Шығармашылық зерттеу, талдау жұмыстары. 1
20 «Ұлылармен үндесу» 1
21 «Үш шырша» өлеңі ( Ақылия әженің әңгімесі) 1 «Қарашада өмір тұр» жинағы
22 «Алакөлім, армысың», «Алакөлдің азаматтары» өлеңдері. 1 «Жылдар сөйлейді» кітабы
23 «Қамшы», «Қараша» өлеңдері. 1 «Бесін» жинағы
24 Ақын туралы замандастары мен қаламдастарының лебіздері. 1 Интернеттен іздестіру
25 А.Кендірбекұлы жыр арнаған қазақтың ақиық азаматтары туралы арнау өлеңдері. 1 «Ғиззат» жинағын оқу
26 Аұынның ұлттық дәстүр салт- сана туралы жырлары «Дәстүрім – тағдырым», «Айт», «Өре» т.б. өлеңдері. 1 «Қарашада өмір тұр» жинағы
27 Ақын және тарих тақырыбы. 2 «Бесін», «Қарашада өмір тұр», «Ойтұмар» жинақтары
28 «Алашқа айбын Аңырақай» «Ерлік» туралы толғау. 2 «Бесін», «Қарашада өмір тұр», «Ойтұмар» жинақтары
29 Ақын өлеңдерінің құрылысы көркемдігі туралы зерттеу, шығармашылық жұмыстар. 1
30

31

А.Кендірбекұлының шығармашылығы жайлы ғалым зерттеушілердің, журналистердің еңбектерімен танысу. 2 Газет-журнал материалдарын, кітаптар және интернет басылымдары
32 А. Кендірбекұлына арналған (Т.Молдағалиев, С. Иманасов). 1 Басылым беттерінен
33 Ахмет Кендірбекұлына «Алакөлдің айбынды арнасы» атты шығармашылығына арналған поэзиялық кеш 1
34 Қорытынды сабақ. «Алакөлдің қоңыр үнді қоңырауы» эссе жазу 1
Сабақ 1

Сабақ:Ахмет Кендірбекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған

Бекітемін:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Тлеубердиева Г.
Сынып: 6 — сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Тақырыбы:

Ахмет Кендірбекұлы

ның өмірі мен шығармашылығы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары. Қазақ ұлтының рухани жаңғыруы жолында еліміздің жыр жауһарларын, әдеби шығармаларын оқыту.
Сабақ мақсаттары: Жерлес ақынымыз Ахмет Кендірбекұлының жырларын жас ұрпақ санасына сіңірту арқылы, оның ақындық бейнесін таныту.
Критерийлері 1 .Өзіндік көзқарастарын білдіреді.

2.Кейіпкер бейнесін ашады.

Құндылықтар Оқушыларды азаматтықжауапкершілікке, адамгершілік, ашықтыққа, үйрету.
Жоспарланған уақыт есебі
Сабақтың басы

5 минут

Слайд арқылы көрсету, АКТ пайдалану
Білу

Түсіну

Сергіту сәті

1минут

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Ахмет Кендірбекұлы – ақын , өлең сөздің дүлділі. Туған жері –Алматы облысы , Алакөл ауданы ,Бұлақта ауылында 1956 жылы дүниеге келген. Ол бозбала кезінен бастап ,өлең шығарып жырға кенелтіп жүрген

Ақын жинақтары «Ойтұмар», «Көкпар», «Зер», «Өмір, өмір», «Қос қағыс», «Ғиззат», «Бесін», «Қарашада өмір тұр», «Жылдар сөйлейді»
«Әдебиеттану ғылымы және білім беру» жинағы. Талдықорған 2017
«Ойтұмар», «Көкпар»

Әні (Алакөл саған асығып жеттім)

Кітаптар көрмесін жасап көрсету , өлеңдер жинағымен таныстыру. Өмірмен байланыстыра отырып, жағдаяттық жағдайлар құру арқылы өмірде, белгілі бір шешім қабылдау .

Сондай қадірлі ақындардың бірі – жерлесіміз Ахмет Кендірбекұлы. Алматы облыстық және Алакөл ауданының құрметті азаматы, көптеген жыр кітаптарының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ақын А.Кендірбекұлының жырлары – өз аймағымыздың сұлулығы мен байлығын суреттеген көркемдігі жоғары қайталанбас туындылар. Ақын өлеңдерінен қазақ жеріндегі ғажайып өлке Алакөл аймағының, оның ішінде біздің Көктұма ауылының көркем келбеті, тамаша табиғаты, еңбекқор адамдары, арманшыл жастары, қазақы қалпы керемет көрініс тапқан.

Бірге қызметтес болған әріптестерінен пікір алу.

Олар мыналар: Әдия апай, Нұржамила апай, Людия апай, Гулмира ,Сәулеш , Асқар ағай. Шәкірттері : Алмас , Алмагул Қасымжанқызы, Күлчан т.б

Ақынның шығармашылығымен таныса отырып,«Алакөлдің айбынды арнасы» тақырыбына өз көзқарасы тұрғысынан дамытып жазу

/Бейне көрініс көрсету\

Рефлексия
Білемін

Білгім келеді

Білдім

Тағыда білгім келеді

Сабақ №2

Сабақ:Ахмет Кендірбекұлының өлеңдері

Бекітемін:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Тлеубердиева Г.
Сынып: 6 — сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Тақырыбы:

Туған жер туралы жырлары: «Алакөл»,Көктұма, Көкиірім»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары. Барлық оқушылар жасай алады .

  • Тақырыбы мен идеясын таба алады

Оқушылардың көбі жасай алады;

  • Өлеңдегі оқушылар тізбегін құрай алады.

Оқушылардың кейбіреуі жасай алады.

  • Өлеңдегі өрнекті, кестелі сөздердің мағынасын дереккөздеріне сүйене отырып, талдау жасай алады.
Сабақ мақсаттары: Жерлес ақынымыз Ахмет Кендірбекұлының өлеңіндегі туған жерге деген сүйіспеншілігін жас ұрпақ санасына сіңірту .
Критерийлері 1 .Өлеңдерді ұлттық қүндылықтар тұрғысынан талдайды.

2. Әдеби эссе жазады, өлең шығарады.

Құндылықтарды дарыту Оқушылардың бір-біріне құрмет көрсету, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Жоспарланған уақыт есебі
Сабақтың басы

5 минут

Слайд арқылы көрсету, АКТ пайдалану
Білу

Түсіну

Сергіту сәті

1минут

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Оқушы іс-әрекеті

Сабаққа зейіні оянады.

Ақын туралы өз білгендерін ортаға салады.

Жаңа сабақ тақырыбын дәптерге жазады, мақсат міндетін, түсінеді.

Бар зейінімен тыңдайды.

Шартына сәйкес талдау жұмыстарын жүргізеді.

Шығармашылықпен айналысатын оқушылар өлең шығарады. «Ішіне –сыртына»әдісі бойынша туған жерге қатысты жақсы-жаман қасиеттерді саралайды.

Мұғалім іс-әрекеті

І. психологиялық дайындық

ІІ .Үй тапсырмасын сұрау

1.»Сандар сөйлейді» ойыны /слайд арқылы берілген сандар бойынша ақынның өміріне қатысты мәлімет айту/.

2. Суретпен жұмыс «Бұл кім?» /суретте бейнеленген жандар Ахмет өмірінде қандай орын алған/.

3. Ахметтің өлеңдері.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Әні (Алакөл саған асығып жеттім)

1.Ақынның өлеңдері

2. Ақынның тақырып жағынан бөлінген сызба

«Алакөл» өлеңі бойынша жұмыстар; түйінін табу,

алакөлдің қасиеттері туралы мағұлмат бер, оқушының көзқарасы. «Көктұма»өлеңіне қатысты «Ой қозғау» әдісі/сұрақ –жауап\ мәтіндік тапсырма».

«Көкиірім» өлеңіне қатысты «Фишбоун» әдісі

Шығармашылық тапсырма .

«Ой толғаныс» сатысы

Кері байланыс .

«Рухани құндылық»

Рефлексия

«Саусақ әдісі» арқылы

Үйге өлең жаттау.

«Бүгін сабақтан өзіме не алдым?

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.