Тақырыбы «Төрлет,төрлет -Жаңа жыл!» (Ертеңгілік)


Ергазинова Жазира Турсынбаевна

КМҚК №3 «Балбөбек» бөбекжайы.

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға әуенмен балалар шығады орындарына тұрады. Тәрбиеші әуенмен шығады.Тәрбиешінің құттықтау сөзі.

1 бала.

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

2 бала.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

3 бала.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4 бала.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

5 бала.

Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды

6 бала.

Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

7 бала.

Жаңа жылын мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле Жаңа Жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Тәрбиеші: Балалардың орындауында «Жаңа жыл» әні

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Балалар орындарына отырады.
(Мерекелік әуен ойналады.)

Қоянның келуі:

Шыршаның артынан әуенмен қоян ceкірiп шығады. Ой-ой-ой қорқыққан кейіп таңытады.Балалармен амандасады.Саламатсыңдар ма кішкентай балақайлар мен қонақтар!Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендерде жаңа жыл мейрамы болып жатыр деген соң,құттықтауға келгенмін.
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.

Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.

Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутындап тулкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі

Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық!
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын ! Достығымыз мықты болсын! Барлығы жанып тұрған отқа бәрі жақындап,жылынған сияқты боп,бір бірін құшақтап отты айналады.
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Аңдар жаңа жыл мерекесіне қош келдіңдер.Біздің балалардың мерекеге дайындаған өнерлерін тамашаларыңыздар.Біздің балалар тек қазақша тілде қана емес өзге тілде де таппақтар біледі.

1 бала.

Слайд,слайд

Зі айс из строн

Куиклы,куиклы

Слайд і лоң

2 бала.

Ит из уиті

Ит из строн

Фазі фрост

Из вэри олд

3 бала.

Хэппи ню е ту ю

Хеппи ню е май френд

Хеппи ню е ту ю

Тәрбиеші: Ән ағылшын әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Аңдар сіздер біздің кішкентай аңдармен би билегілеріңіз келе ме?

Аңдар: Ия,әрине.

Тәрбиеші: Ондай болса аңдар биін қабыл алыңыздар.

Би:Аңдар биі.

Аңдар: Жарайсыңдар балалар,өнерлі екенсіңдер.Балалар жаңа жыл Аяз Ата мен Ақшақарсыз қалай болмақ?!Шыршамыз жарқырау керек емес пе?!

Біз оларды іздеп келейік.Әзірше қош сау болыңдар!Аңдар кетеді.

Тәрбиеші:Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. Аяз Ата
Тәрбиеші:
Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз — Ата! Аяз — Ата! — деп айғайлап шақырады.

Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Жанып тұрған отты көріп,қасына жақындап жылынып алмақшы болады да жан-жағына қарап,
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен? Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді.
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды).Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздің шыршамызға! Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу! Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түсіп қалады.
Тәрбиеші: Балалар мыстанның кетіп қалғаны дұрыс болды ғой, әрі қарай мейрамымызды жалғастырайьқ, Аяз — Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!
Балалар қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де тақпақ,әнде айтады.Таппақтар орыс тілінде.

1 бала.

На верху звезда,

Бусы в два ряда.

Пусть не гаснет елка,

Пусть гарит всегда.

2 бала.

Где живет Дед Мороз?

Удивительный вопрос!

Не в лампе,не в будильнике,

Посмотрим в холодильнике!

3 бала.

Дед Мороз,Дед Мороз,

Елку из лесу принес.

А пока я в сад ходила,

Мама елку нарядила.

4 бала.

Снег идет,Снег идет!

Значит,скоро Новый год!

Дед Мороз к нам придет.

Всем подарки принесет!

Тәрбиеші:«Маленький елочка» әнің қабыл алыңыздар.
Балалар отырады,әуенмен Аяз — Ата Ақшақар келеді.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз — Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз — Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,орманға кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар: Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, орманға қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз мерекеге келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Ардақты ұл-қыздарға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Балалармен амандасады.
Тәрбиеші:Сәламатсыздар ма! Аяз Ата мен Ақшақар! Қош келдіңіздер Жаңа – жыл мерекемізге.
Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. Ақшақар басын көтермей тұрады.
Аяз Ата: Қызым қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым әдеміленіп кеткен.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып,Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: А – ия жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, абайсызда қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды ау, сол емес пе екен іздегендей болады.(Таяқшаны шыршаның түбінен тауып алады.)

Тәрбиеші:Іздеген сиқырлы таяқшамыз мынау емес пе?
Ақшақар: Иә,дәл өзі.
Аяз Ата: Жақсы болды гой,немеремнің сиқырлы таяқшасының табылғаны!

Тәрбиеші: Кәне,балалар бізде шыршаның жануына көмектесейік, ән орындайық,сонда шыршамыз жылдам жарқырай түсер.Аяз Ата Ақшақар біздің балалардың әнің тамашалаңыздар.

Аяз Ата: Әрине тамашалаймыз.

Тәрбиеші:Аяз-Ата шаршаған шығарсыз,отырып дем алыңыз,орындыққа отырып,балалардың өнерін тамашалайды.
Ән «Ақшақар» әнін қабыл алыңыздар!

Аяз Ата балаларды мадақтайды.

Тәрбиеші:Ақшақар сіз біздің кішентай қаршаларымызбен би билегіңіз келмей ме?!

Ақшақар: Әрине,билегім келеді.Ондай болса келе қойыңдар кішкентай қаршалар.

Тәрбиеші: «Қаршалар» биін қабыл алыңыздар.Мақтау.

Аяз Ата:Жарайсыңдар,балалар,өнерлі екенсіңдер.Ал,Ақшақар қызым балаларға шыршаны жағамыз деп уәде беріп едік қой, сол уәдемізді орындайық, сиқырлы таяқшамен шыршаны сиқырлап жағайық.

Ақшақар: Бір,екі, үш шырша шамы жаңа түс.Шырша жанады.

Аяз Ата: Жарайсың,қызым шыныменде таяқшан сиқырлы екен.Шыршаны жарқыраттық.

Тәрбиеші:Рахмет,Ақшақар

Тәрбиеші:Аяз Ата біздің балалар сізбен ойын ойнағылары келіп тұр.Балалармен ойын ойнайсыз ба?

Аяз Ата: Әрине,ойынба балалармен ойнаймын.«Қатырмақ»- деген ойын ойналады.Әуен ойналады.
Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Өте жылдам екенсіндер.Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар қызым сандықтың кілті қайда ? (Ақшақар білмедім, иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Аяз – ата қандай кілтті сұрап тұрсыз? Шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Енді не істесек екен- деп Аяз-ата ойланған кейіп жасайды.

(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.Менде өте жақсы көрем сыйлықты.
Аяз-Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.

Аяз-Ата: «Сыйқырлы таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ,мені қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр екі тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.Менімен ойын ойнасын.

Аяз Ата:Балалар Мыстанның тілектерін орындаймыз ба?!

Балалар:Ия

Аяз Ата ондай болса мыстанды қалпына келтірейін. (Осы кезде мыстанды қалпына келтіреді)

Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.(Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте (Шырша)
Балалар жұмбақ шешеді.
Мыстан:Жарайсыңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Аяз — Ата мадақтайды.

Енді ойын ойнайық. «Паравоз» әуенді ойын.Балаларды мадақтау.

Мыстан: Жақсы сергіп қалдым ғой.Ал енді сандықтың кілтің қайтаруға болады. Мыстан кілтті Аяз-Атаға қайтарады.

Мыстан: Аяз мені қайтадан қатырмай тұрғанында жылдам кетіп қалайын.Сау болыңдар балақайлар! Әуенмен шығып кетеді.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.Солай емес пе қызым?

Ақшақар: Ия ата.

Аяз-Ата:Ал қызым енді қайтайық,менің көңілімді көтеріп тастады ғой балақайлар!

Тәрбиеші:Аяз Ата қалай қайтасыздар,балалардың көптен күткен сыйлықтарын бермей кетпексіз бе? Іздеген кілтті таптық,балаларды сыйлықсыз қалайша қалдырмақсыз?

Ақшақар: Дұрыс айтасыз,ия Ата балаларды сыйлықсыз қалдыра алмаймыз?

Аяз-Ата: Ой- қу басым-ай кәріліктің белгісі ғой,ұмытып бара жатырмын,шынымен де балаларды сыйлықсыз қалдырмақпын ба жоқ,жоқ.Олай болмайды,Сандықтағы сыйлықты балаларға әкелдім емес пе,кәне ашып балаларға тарту етейін.

Ақшақар сандықты Аяз атаның алдына қояды.

Аяз-Ата:Кілтпен бір,екі,үш. Сиқырлы кілтім сандықты аш.

Сандықты ашқанда ішінен жіп шығады.

Аяз-Ата: Ай-ай мына сыйлық емес жіп болып шықты ғой, неде болса мына мыстан мені алдап соқты,енді не істесем екен?

Ақшақар: Ата уайымдамаңыз бұл сіздің сиқырлы жібіңіз ғой, Мыстан сізді алдамады,сіз ұмытып қалған боларсыз,бұл жай жіп емес сиқырлы жіп.

Аяз-Ата:Ой айналайын ақылдым менің дұрыс айтасын, бұл сиқырлы жіп.Мына менің сиқырлы жібім,еш қиындықсыз қапты табады.

(Жіпті айналдырып,сиқырлы сөзді айтады)

  • Сиқырлы сөзді айтамын,қармақ құсап лақтырып.
  • Қажетті жерге түседі,керектіні тауып береді.

Аяз-Ата:

  • Сиқырлы жібім,домала
  • Домалай бер домалап,қапты табуға көмектес.

(Ақырындап тартып байланған ожауды тартып алады.)

Аяз-Ата: Ай менің қалжынбас жібім-ай,осы ма еді менің қабым, менімен қалжындайын дедің бе, кәне атаңды алдамай қабын қайтар. (Жіпті қайтара лақтырады)

  • Сиқырлы домалақ жібім,домала
  • Домалай бер домалап,қапты табуға көмектес.

(Ақырындап тартып байланған пиманы тартып алады.)

Аяз-Ата: Ай-ай менің сиқырлы жібім-ай,менімен ойнамай қапты қайтар,ақырғы рет байқап көрелік.

  • Сиқырлы домалақ жібім,домала
  • Домалай бер домалап,қапты табуға көмектес.(Жіпті қайтара лақтырады)

(Ақырындап тартып байланған қапты тартып алады.)

Аяз-Ата: О-о міне енді жарайсың сиқырлы жіп,Міне көптен күткен сыйлықты да әкелдің.Ақшақар қаптың ауызын ашып сыйлықты алып Аяз атаға береді, Аяз-Ата тәрбиешіге сыйға тартады.

Тәрбиеші: Рахмет Ата.

Аяз-Ата: Балалар біздің сендерге тағы бір сыйлығымыз бар.

Келер жыл әуенмен Ит кіреді.Ит құттықтау сөзін айтады.

Аяз-Ата: Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2018-шы жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.