Туған жерім –Туғанбай Tuganbay – is my Motherland


Қатысушы; Қызырова Жанерке

Жетекшісі: Шынасылова Г.Ж.

Туған жерім – Қазақстан. Иә, туған жерден жыраққа кетсең сағынарың рас. Демек әр адам туған жерінің тасы мен топырағынан жаратылған деген ұғымға осы бір сағыныш дәлел болмайма?! Кіндік қаның тамған жеріңе деген шексіз махаббат алдымен отбасында білінеді. Отан отбасыннан демекші, кішкентай кезіңнен еңбектеп өскен жерің қымбат,әрі еш айырбасқа тең емес. Ал менің туған жеріме,еліме деген мақтаныш , махаббат сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Туған жер дегенде санадан төгілетін жыр-моншақ , әсерлі сөз оның барлығы менің туған жеріме ыстық махаббат.

Әу демейтін қазақ болмайды. Яғни әрбір қазақ қанында ақындық қасиет бар. Сонау тарихқа көз жүгіртсек Абылайханды құтқарған да сол біздің теңдесі жоқ сөз маржанымыз емеспе?! «Тарихын жоғалтқан жұрт-жоғалған жұрт»- деген Міржақып Дулатов. Біз мәңгілік тарихымыз бен тілімізді, дінімізді қастерлеген халықпыз. Халық тәжірбиесі бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де аса қымбат. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі» — деп айтқан атамыз Бауыржан Момышұлының осынау сөзі, жүрегі елім соққан әрбір жанды ойландырмай қоймайтыны рас. Мен өз отанымның – патриотымын. Туған жерімнің әр тасы қымбат.

Дәл осы сәтте ғарышқа ұшқан аталарымызды атап айтуға болады. Олар Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Қазақстанның атын әлемге шығарған аға-апаларымызда аз емес. Мәселен, Париж сахнасында Қазақстанды әлемге паш еткен халық әншісі Әміре Қашаубаев,осы жолмен Майра Мухамедқызы сынды тарихта өз орындарын ойып қалдырған тұлғалар елінің өркендеуіне үлестерін қосқан.

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.

Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру — әке міндеті болып есптелген.
«Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиеленген.
Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.

Қазақстаным – егеменді елім! Қорытындылай келе, осы елде тұрып жатқан, туып-өскен әрбір жан өзінің еліне деген борышын ұмытпаса екен деп тілеймін. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздікті бағалай білейік!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.