Оқушылар шығармашылығы


БКО, Орал каласы № 30 ЖОББМ

Жетекшісі: Шаймарданова Шынар Сагындыковна
Алжапар Әділет 2 сынып окушысы
Хамзин Алинур 2 сынып окушысы

Жетекшісі: Умирзакова Галия Даулеткызы
Зәкәрия Айкөркем Нұрбекқызы 2 сынып оқушысы

Тәуелсіз Қазақстан менің елім!

Әр адамның туған жері, Отаны болады. Сол сияқты менің туған жерім, Отаным-Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан!

Тәуелсіздік! Қазақстан халқы үшін өте бір жағымды, мақтанышпен айта алатын сөз деп білемін. Мен де өз елім туралы мақтанышпен айта аламын.

Тәуелсіз Қазақстан – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы болған. Сол арманға деген ұмтылыс және өшпес қайсар рухтың арқасында елім тәуелсіздікке қол жеткізді. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткенін ата-анамның, ұстазымның айтқан сөздерінен білемін. Халқымның тәуелсіздігі үшін отқа түсіп,жер жарып ата-бабаларымыз Қазақстан елімізді қорғап,тәуелсіз алуымызға көп үлесін қосқан. Сондықтан бүгінгі күні болашақ ұрпақтар, біздер, өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты, патриоттық сезімді жоғалтпай, әрі қарай дамытуға ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жыл. Сол сәттен бері, міне, 26 жылға толып отыр. Қазіргі Қазақстан әлемге мақтанарлықтай беделге ие. Мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін біліп,оқып келемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік оңай жолмен келмегенін білдім.Сол себепті еліміздің тәуелсіздігін болашақта нығайту біздердің қолымызда екенін түсіндім.

Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев- дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының арқасында Қазақстан әрқашанда өз тәуелсіздігінен айырылмайды.

Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз — Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары.
Ақыр соңында, әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанды қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

2 В сыныбы Зәкәрия Айкөркем Нұрбекқызы

№30 ЖОББМ Орал қаласы

Қыстың күні көңілді

Аппақ қарда ойнаймыз,

Оған ешбір тоймаймыз.

Салқын тиіп қалса деп,

Қой, — десе де, қоймаймыз.

Шаңғыменен сырғимыз,

Ұлпа қардың үстінде.

Шанаменен зулаймыз,

Тау басынан түскенде.

Қысқы күнгі аппақ қар,

Жердің сәні емес пе?!

Таза ауа мен самал жел,

Жанға шипа емес пе?!

Хамзин Алинур

БҚО облысы Орал қаласы

30 ЖОББМ

2г сыныбы

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.