Daily Archives: 26.03.2018

ДAMЫTА OҚЫTA OTЫРЫП OҚУШЫЛAPДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТ У


ҚУАТОВА ГУЛЬСАРА ТЕМИРКУЛОВНА

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы №47 ЖOББM

бастауыш сынып мұғалімі.

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс – тәсілдері.

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалан у ерекшеліктері


Куанышкереева Айгул Женискалиевна

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,А.Байтұрсынов атындағы

19 ЖББ I санатты бастауыш сынып мұғалімі.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИ ЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


Туктарова Раушангуль Максутовна

Атырау облысы Атырау қаласының №17 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі

Бүгінгі күнде білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағдарланған тәсіл кеңінен қолданылып жүр.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім, даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда түйінді мәселені шешу бағыты шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет — баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерін, даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Бала оқу үрдісінде субъектіге айнала отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шы ғармашылық қабілеттерін арттыру жолдары


ДОСКАЛИЕВА АЙСЛУ АМАНТАЕВНА

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,А.Байтұрсынов атындағы

№46 ЖOББM бастауыш сынып мұғалімі.

«Бала дамуының ең шарықтау шегі –

бұл тіл мен ойдың шығармашылығы » Л.С.Выготский

Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

«Қош келдің, Әз Наурыз»


Наурыз мерекесін қарсы алу әрбір азаматтың борышы деп есептеген халық жыл сайын өз дәрежесінде, лайықты тойлайды. Биылғы жылы ашылғанына екі жыл ғана болған Екібастұз қаласының № 36 мектеп-лицейінде де Наурыз мерекесі өте жоғары дәрежеде өтті. Оқушыларымызға қазақтың тәлім-тәрбиесі мен салт-дәстүрін насихаттау мақсатында: әрбір сыныпта дәстүр түрлері, жөн-жоралғылар, қазақтың ұлттық билері, ойындары нақышты дәріптелді. Сонымен қатар тәрбие сағаттарында тарих пен әдебиетке, Астананың 20 жылдығы мен Павлодардың 80 жылдық мерейтойларына да өте тұшымды сабақтар көрсетілді. Жалпы мектептегі әрбір шара оқушыға нәрлі, жүйелі бағдар берері сөзсіз.

Қазақ тілі мұғалімі Дулат ТЫНЫБЕКОВ

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР