Темирова Карагоз Даниярбековна



Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

«Балдырған» балабақшасының тəрбиешісі
Темирова Карагоз Даниярбековна

Армысың Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы:
І Кіріспе
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы- наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Хор : «Наурыз келді»

Илияс: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2.Дінмұхаммед
:

Жылдың басы-Наурыз

Жердің басы-Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз.

Нұржас: Уа,ағайын,халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық

Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
— Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер

Тақпақтар:

1Толғанай: Наурыз тойы жаңаша

Наурыз тойы тамаша

Табиғаты тамаша

Тамылжып тұр жараса

2Жалғас: Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархабат

Шын жүректен ән салып

Шаттандырып шартарап

3Азамат: Наурыз тойы салтанат

Қақсын көкке ән қанат

Думандатып үйіңді

Шаттанады шартарап

4.Бақтияр: Ақыл құйған санаша

Күннен артық расында

Күн алыста,ал анам

Ылғи менің қасымда

5Саян: .Менің әжем гүл әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем

6Айару: Наурыз бесік мереке

Наурыз үйі мереке

Қуанышқа бөлейді

Көңілдерді көлеңке

7.Амина: Наурыз тойын тойлаймыз

Қызығына тоймаймыз

Өлең айтып би билеп

Бал-бұл жанып ойнаймыз

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)

Би: «Домбыра»
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)

Айтыс

Қыз: Қызымы мен қазақтың

Қазақпын деп мақтанам

Ата-анам маған да

Айгерім деп ат қойған

Бала: Аумайсың сен бұлақтан

Бақшадағы гүл атқан

Айгерім сен екенсің

Абай атам ұнатқан

Қыз: Мама деуге болама

Папа деуге болама

Білсең айтшы,кәнеки

Тілге көңлің толама?

Бала: Ана деген дұрыс қой

Әке деген дұрыс қой

Өз тіліңде сөйлесең

Ел бақыты ырыс қой

Қыз: Балдырған атты бағымыз

Наурыз тойын тойлаймыз

Би билеп,ән салып

Қуанамыз бәріміз

Бала: Ойыңды айттың салмақты

Сөзіңнен ел бал тәтті

Ұлыстың ұлы күні

Наурыз тойын тойлайық

Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ,жібермеймін тағы қандай өнерлерің бар?

Би: «Жігіттер биі» (қылышпен)

Қыздар: Апа,енді Кенжебекті жібересіз ба?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар: «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Кім күшті» .
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздар: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барады: Мына телефондарың қай тілде жазылған,түу түсініп тұрған жоқпын

Қыздар: Апа біз тек қазақша емес орыс тілі және ағылшын тілінде де сөйлейміз

Тақпақтар: Мерей-ағыл

Алдияр -ағыл

М.Айару: Наурыз-это праздник веселья

Наурыз-это праздник весны

Наурыз-это праздник цветения

Наурыз-это праздник любви
Мыстан: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер,менің сендерге көңілім толып Кенжебекті жіберемін.

Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қызыр ата батасын береді.

Ала биең құлындап

Ала тауға сыймайсың

Қара биең құлындап

Қара тауға сыймайсың

Еліңнің алды той болсын

Қораң толы қой болсын

Қазаныңда қайнаған

Күлкілдеген май болсын

Айың тусын оңынан

Күнің тусын солынан

Мал мен басы тең өсіп

Кетпесін дәулет қасыңнан

Би: «Қара жорға»

Хор: «Наурыз думан»

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.

1.Тәрбиеші

2. .Әже мен Қыз қонаққа келеді (шашу шашады)

3.Хор : «Наурыз келді»

4.Тақпақтар

5.Ертегі көрінісі

6.Тақпақтар

7.Би

8.Айтыс

9.Ұлтық ойындар «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Кім күшті»

10.Тақпақтар

11.Би

12.Хор: «Наурыз-думан»

13.Қорытынды

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.