Сабақтың атауы: Осы шақ


ОҚО Мақтарал ауданы №112 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Дербисбекова Нурсауле Ерсариевна

Қазақ тілі Уақыты:15.02.18 Кабинет: 217
Сабақтың атауы Осы шақ
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Сабақтың мақсаты: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру, осы шақтағы етітіктер іс әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен жалғауларын таныстыру; сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл — күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық. Рахмет!

— Балалар сабаққа дайынбыз ба? Үй тапсырмасына не берілді?

Үй тапсырмасын сұрау Дәптерлерін тексеру. ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

1.Өткенді пысықтау:

1.Етістік дегеніміз не?

2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Етістіктің қандай түрлері бар?

5.Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

6. Етістіктің шақтары дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту 2.Ойын «Түсін мені»

І топ:үш сөз (жүгіреді,ойланады,оқиды)

ІІ топ: үш сөз (аулайды,төбелеседі, билейді)

ІІІ топ: үш сөз (айтады,жазады,ойнайды)

ІҮ топ:үш сөз (жылады, ұйықтады, барды)

(қағазды жазып тарату,сөздерді қимылмен көрсетеді,келесі топ шешіп,етістікті жіктейді)

І жақ: Мен жүгіремін,билеймін,жүземін,айтамын

ІІ жақ: Сен жүгіресің,билейсің,жүзесің,айтасың

ІІІ жақ: Ол жүгіреді,билейді,жүзеді,айтады

Балалар біз сендермен кеше етістіктің шақтарымен танысқанбыз ия. Ендеше етістіктің неше шағы бар? үш шағы. Қандай?

Осы шақ. Келер шақ. Өткен шақ

Балалар біз өзімізді байқап көрелік. Сандықшадан бірнеше сөздер аламызда ол етістіктердің қай шақта тұрғанын тауып, себетке саламыз.

ІІ. Жаңа сабақ.
— Тақтаға назар аударайық.

Тақтағы сөздерді сәйкестендірейік

Осы шақ Жазып отырмын

Ұйықтап отыр

Келер шақ Бара жатыр

Өсіп тұр

Өткен шақ Ойнап жүрмін

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан 30- жаттығуды орындату арқылы осы шақ етістіктері туралы түсінік қалыптастырылады.

Осы шақ етістіктер іс-әрекеттің, қимылдың қазір болып жатқанын білдіреді: көріп отыр,өсіп тұр.

Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? не істеп жатырмын? не істеп жүрмін? не істеп отырсың? не істеп жатырсың? не істеп тұрсың? не істеп жүрсің? не істеп отыр? не істеп жатыр? не істеп тұр? не істеп жүр?деген сұрақтарға жауап береді.

Мыс: Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр.(етістіктердің астын сызып, оларға сұрақ қой)

отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерін осы шақта айтып, сөйлем құрау

Мен партада отырмын. Мен кітап оқып отырмын.
Дана далада жүр. Айжан институтта оқып жүр.
Сен тақта алдында тұрсың. Ол күліп жатыр.

Осы құраған сөйлемдердегі етістіктерді талдау барысында бұл етістіктер сөйлемдерде іс — әрекеттің қазір яғни сол мезетте болып жатқанын білдіретінін байқату.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Топпен жұмыс.

1 — топ..
31 — жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу.
Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу.

2 — топ.

32 — жаттығу. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.
_________ _________ ________ ойнап жүр.
_________ _________ ________ жинап жатырмын.
_________ _________ ________ жаттап отыр.
3 — топ.

33-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сөйлем мүшелеріне талда. Баяндауыщтың осы шақта тұрғанын дәлелде.

Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой
4-топ.

34- жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын айт. Жұмбақтың шешуіндегі сөз туралы не білесің?

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Шығармашылық жұмыс
І топ ( Шығармашылық диктант)
Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.
Жерге киіз төселген,… көрпе жайды. Оқып жүрсің…?
Осы кезде Қуаныш… Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына… тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ — шақ… тұр.
Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп.
Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой.

ІІ топ мозайка құрастыру. Осы шақта сөйлем құрау.

ІІІ топ 1 — топ: «Ішінде, сыртында» ішкі шеңберге жай етістіктер сыртқы шеңберге осы шақтағы етістіктерді жазу.

ІҮ топ Өлең құрау, етістіктерді тауып 2 сызықпен сызу. Құраған өлеңді осы шақта айту.
Анамызды сыйлаймыз,
…………….. тыңдаймыз
………………………………….
………………… боламыз.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Топпен жұмыс.

1-топ. Жасыл түс. (қағаз)
Осы сөйлемдегі етістіктерді жекеше түрде жікте.
2-топ. Қызыл түс. (қағаз)
Осы сөйлемдегі етістіктерді көпше түрде жікте.
3-топ. Көк түс. (қағаз)
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.
(Оқулықтан ережені оқытып, таныстыру

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті
Ой толғаныс III. Қорытынды.
— Етістіктің неше шағы бар?
— Осы шақ іс — әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?

Дұрыс,бұрыс сұрақтарына жауап беру. Түстерді көрсету арқылы жауап береді. Қызыл, жасыл түстері арқылы.

1.Етістіктің екі шағы бар.

2. етістіктің шақтары осы шақ, келер шақ, өткен шақ

3. осы шақ етістіктерісөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.

4. Мен мектепке келе жатырмын. Етістіктің өткен шағын білдіреді.

5. Етістік сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады.

Семантикалық кестені толтыру
— Мысалдар

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.