Алматыда Түркия және Қазақстан кәсіпкерлерінің 2 00-ге жуық кездесуі өтті


2018 жылғы 26 сәуір АСТАНА. ҚазАқпарат

Түркияның тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы (MUSIAD), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «ҚазИнвест» компаниясы өкілдерінің арасында сауда келісімшарттарына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР ОҚО әкімі Қытаймен туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылады Қазақстанда Delta Bank жұмысын тоқтатты Асқар Мамин Тәжікстан президентімен кездесті «Қазіргі таңда, жалпы көлемі 1,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын түрік капиталының Қазақстан нарығына келуімен 32 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың басым бөлігі құрылыс, жеңіл және көлік өнеркәсібі салаларын қамтыған. Бүгінгі меморандумға қол қою аясында екі ел арасында осыған дейін байланыс болмаған өзге де бизнес секторлары жұмылдырылады», — дейді МЮСИАД-тың Конья қаласындағы бөлімшесінің төрағасы Өмер Фарук Окка.

Түрік кәсіпкерлері делегациясының төрағасы Өмер Фарук Окканың айтуынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы бизнестің нығаюы екі елдің саяси және экономикалық серіктестігін де нығайтады. «Шетелден инвестиция тарту — Қазақстан үшін өте маңызды. Осыған орай, үкімет тарапынан Қазақстандағы шетел кәсіпкерлеріне де субсидия қарастырылған. Ал бүгінгі ортақ кездесуден кейін инвестиция көлемінің артатынына сенеміз», — деді «ҚазИнвест» АҚ Алматы қаласы бойынша аймақтық директоры Арсен Насырханов.

ҚазИнвест өкілінің айтуынша, өткен жылы Түркияның 12 ірі инвесторы Қазақстанға 660 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы салып, еліміздегі 15 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуына септігін тигізді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Ыстанбұл қаласына сапарындағы түрік кәсіпкерлерімен кездесуінің табысты нәтижесі. Бүгінгі шара аясында B2B форматында екі ел арасындағы сауда қатынасын нығайтуға бағытталған 200-ге жуық кәсіпкерлік кездесу ұйымдастырылды.

Айта кетсек, Түркиядан келетін сауда делегацияларының секторлық қызметтері құрылыс, машина жасау, металл, автомобиль, қосалқы бөлшектер, зергерлік бұйымдар жасау, электроника, есептеу техникасы, жиһаз, тұрмыстық техника және ауаны баптау салаларын қамтымақ.

Жолдас Өрісбаев

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
http://www.inform.kz/kz/almatyda-turkiya-zhane-kazakstan-kasipkerlerinin-200-ge-zhuyk-kezdesui-otti_a3232340

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.