Жаңашылдық – заман талабы!


Ақтөбе облысы, Сазды орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жолдасбаева Әсел Бахитқызы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміз үшін нәтижелі де жемісті болмақ. Елбасы баршамыздың назарымызды тарихи сананы қалыптастыруға аударды. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі. Ол – әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Рухани жаңғыру тек бүгіннен басталған немесе бүгіннен басталатын жұмыс емес. Мемлекет басшысы бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқарды.

Елбасымыз «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт – дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген болатын. Осы тұста «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел болашағын, ұлт болашағын сақтап қалу мақсатында жарыққа шыққандығын аңғаруға болады. Біз мақсатымызға жету жолында белсене атсалыссақ, сіз бен біз бағындырмайтын белес жоқ деп ойлаймын. Рухани жаңғырудың барлық алты бағыты бұрын қабылданған ұзақ мерзімді әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларды қолдауға және жүзеге асыруға бағытталған. Еліміздің болашақта дамуының негізгі басымдығы мен бағыты ретінде мәдени – адамгершілік құндылықтарды сақтауға және білім беруді жаңғыртуға ерекше назар аудартылған. Осы орайда жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрімен сусындатуда ұстаздарға үлкен жүктеме артылып отыр. Алдыменен ұстаздарымыздың өзі бәсекеге қабілетті, жан – жақты, жаңашыл, ой өрісі кең, сауатты болмақ керек. Қазіргі дамыған дәуірде өмір сүріп жатқан біздерге, баланы таң қалдыру мүмкін емес дүние. Оның кілті тек – білімде. Президентіміздің өзі, құндылықтар жүйесінде білімділік ең маңызды болатынын атап айтты. Сонымен қатар, білімнің жалпыға ортақ болуы тиіс басымдығының рөлі айтылды. Ал бұл рухани құндылықтар мен басымдылықтар дұрыс қойылған қоғамда ғана мүмкін болады.

Президентіміз 2012 жылы желтоқсан айында «Қазақстан – 2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісетіндігін» мәлімдеген болатын. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, баспасөзді, оқулықтарды , барлығын латынша басып шығару керек екендігі туралы да айтқан болатын. Демек, еліміз осы жоспарланған мерзім аралығында латын әліпбиін түбегейлі толығымен меңгеріп, қоғамдағы бізге қажетті және бізбенен байланысты құралдар да латын әліпбиінде сайрап тұруы қажет. Латыншаға көшудің де терең логикасы бар екендігін аңғарған боларсыздар. Бұл заманымызға сай заманауи технологиялық ортаның, коммуникацияның, ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты туындаған дүние. Мектеп қабырғасындағы оқушылар ағылшын тілін үйреніп, оқып жатыр. Сондықтан да латын әліпбиі мәселесі жас буын үшін проблема болмақ емес. Дей тұрғанмен, жаңа әліпбиді үйрететін мамандар және оқулықтар даярланады деп күтілуде. Елімізде қолға алынған іс ешқашан жүзеге аспай және асырылмай қалған емес. Сондықтан да мен еліміздің алға қойған мақсат – міндеттерінің жүзеге асатындығына кәміл сенімдімін.

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деп, Нұрсұлтан Әбішұлы нық айтып кеткендей, ешқашан кейінге шегінуге болмайды. Адам баласы үнемі жаңашылдыққа ұмтылуы керек. Әр азамат өзіне қойылған міндетті жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Елбасымыздың ұсынысы мен салиқалы саясатын қолдауға мен әрқашан да дайынмын. Себебі, мен ұрпақ тәрбиелеп, шәкірт тәрбиелеп отырған, бақытты әрі тәуелсіз қазақ елінің азаматшасымын. Мен текті әрі рухты елдің ұрпағымын. Мен болашағымының жарқын боларына сенімдімін!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.