Жуманбекова Айнур Рахметовна


Алматы қаласы Наурызбай ауданы

«174 мектеп –гимназия» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

Жуманбекова Айнур Рахметовна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тарих жолы-Тәуелсіздік айғағы»

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру,от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

  • Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну

Көрнекілігі: Желтоқсан қахармандарының суреттері, тақырып желісі бойынша слайдтар, нақыл сөздер

Қазақ биі: Қыздар тобы

1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

2 жүргізуші Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тарих жолы-Тәуелсіздік айғағы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1 жүргізуші Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.

2-жүргізуші

26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

1-жүргізуші

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті емес пе

2 — жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов атамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.

1 Жүргізуші Дүрыс айтасын Жасмина Талай қиындықты бірлесе шешкен қазақ халқының батырларымен, бабалар тарихына кері шегініс жасап еске түсірейікші! …..

Төле би: Ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да , дау да ала алмайды, Ел іргесі мықты

Қазыбек би. Біз қазақ халқы

Мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жәй жатқан елміз.

Елімізден құт береке қашпасын деп,

Еліміздің жерін жау баспасын деп ,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз,

Досымызды сақтай білген елміз.

Дәм тұзды ақтай білген елміз,

Атадан ұл туса құл болмын тумайды,

Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды,

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Сен қалмақ болсаң,

Біз қазақ

Тартысқалы келгенбіз!

Сен темір болсаң ,

Біз көмір,

Еріткелі келгенбіз.

Қазақ-Қалмақ баласы

Табысқалы келгенбіз.

Абылайхан Ерасыл

Танымайтын жат елге

Танысқалы келгенбіз

Сен қабылан болсаң мен арыстан

Алысқалы келгенбіз.

Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз,

Берсең жөндеп бітіміңді айт

Не тұрысатын жеріңді айт!

Батырлар: Уа халайық. Жақындаңдар, бері жиналыңдар, жар саламын! Борышымызды өтегенше бұл оқиға бізге маза бермес, Елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмайық!Бірлік қайда болса , ерлік сонда дейді бәріміз бірігіп дұшпанды жерімізден қуып шығайық,

Уәзірлері: дұрыс айтасыз, өте дұрыс! Оларды да көріп шаппаймыз ба ? дұрыс айтасыз, Әскер жинау керек, Аттарыңа мініңдер кәне! Жарайсыз батыр деген осындай болу керек! Алға

Абылайхан сөзі

Алия мен Мәншүк

Әлия мен Мәншүк кезектесіп, залға қарап сөйлейді)

Мәншүк:

Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт,елге бақыт тіледік

Отан ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Әлия:

Отан –ана жылағанда шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедікте

Қолымызға қару алдық ерленіп

Мәншүк

Қыздың жанын біз білмесек кім білер ,

Көктем келсе құлпырмайма мұңлы жер

Үстімізге біз кимедік ақ көйлек

«Жар-жар» жырын естімедік,сіңілілер

Әлия:

Күліп қарсы ап бал бақыттың ақ таңын,

Айтпадық біз махаббаттың тәтті әнін

Бізге жылы хат жазатын жігіттер,

Қаныменен қарға жазды хаттарын

Мәншүк:

«Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Әлия,Мәншүк:

Қатар тұрмыз қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз,

Біздер өлдік,өлмесіндеп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз

Жетсек деген арманымыз көп еді.

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

Біздің туған күнімізді құттықтап

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

Қолымыздан осы болды келгені

Біздердей ерте солмау үшін басқа қыз.

Ләззат: Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!”

Қайрат: Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Аламдесең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол таңдарым

Көре алмай мен өтермін!

1 оқушы

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

2 оқушы

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Елім менің! әні

3 оқушы-Рауан Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан — алтын бесік Отаным,

Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.

  1. Оқушы-Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге самғады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

  1. Оқушы-

Тәуелсіздік — рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен — тәуелсізбін азатпын!

  1. Оқушы : Енді міне қазағымның таңы атты,

Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

  1. Оқушы :
  2. Оқушы : Білесің бе, бауырым, білесің бе,

Санаңменен бұл уақыт күресуде.

Туған жердің сен басқан топырағы,

Құндақ болған қаншама ұлы есімге.

  1. Оқушы :

1986 жыл 16 желтоқсан – бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

Қазақ биі

10 оқушы

  1. жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.

12 оқушы :

1991 жылдың 1 желтоқсанында Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақтан Республикасының Президенті етіп сайлады.

13 оқушы

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.

14 оқушы

1992 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.

15 оқушы

1992 жылы 8 мамырда елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

16 оқушы

1992 жылы 4-ші маусымда ел президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңға қол қойды.

17 оқушы

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

18 оқушы

1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

19 оқушы

1995 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

20 оқушы

1997 жылы Дүние жүзі картасында жаңа «Астана» қаласы пайда болды.

21 оқушы

1997 жылы 1-ші шілдеде «Тіл туралы заң» қабылданып, оның 4-ші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылды.

22 оқушы

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүруде.

23 оқушы

: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы мен гүлденуі 9 бөлімнен, 98 баптан тұратын Ата заңның орындалуына байланысты. Ата Заңымыз – Қазақстан азаматарының құқықтарын, бостандықтарын, олардың әлеуметтік дамуы мен гүленуін қорғайды

1-Жүргізуші Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам

2. Жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір, —

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!

Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!

«Көк тудың желбірегені»

1 Жүргізуші

Бүгінгі «Тарих жолы-Тәуелсіздік айғағы» атты кешімізді жүректен шыққан жақсы тілектермен аяқтайық.

Намысты

Жігерлі

Сабырлы

Шыншыл

Зерделі

Салмақты

Ержүрек

Әділ

Сүйкімді

Сезімтал

Елжанды

Хормен Отаншыл болайық!

«Жаса Қазақстан» Орындайтын Айша

  1. Жүргізуші

Асқақ та, абыройлы мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын!

2.Жүргізуші Баршаңызды тәуелсіздік күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Нұрлы отанымыз- Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін!Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Мұғалімнің сөзі: Елбасымыз «Ұлы таулар аласармайды, Ұлы есімдер ұмытылмайды» дегендей қазақ елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ата бабаларымыздың есімі қазақ тарихынан мәңгі өшпейтін орын алды.Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында « Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді « Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Бабалардың ерлігі бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз « Мәңгілік Ел» боламыз.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.