Калмулдин Аяпберген Бердешович


Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы

М.Жүнісов атындағы негізгі мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Калмулдин Аяпберген Бердешович

Сабақтың мақсаты: 1.Мысал мазмұнын түсіндіру, идеялық ұстанымындағы автордың ойына өзінше ой қосу арқылы пікір білдіруге мүмкіндік жасау. 2.Сыни тұрғыдан ойлай отырып, талдау жасауға және бағалауға үйрену. 3.Еңбекке, бірлікке, татулыққа, топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, автор суреті, өмірбаяны.
Күтілетін нәтижелер: Мысалдағы жәндіктердің мінез — құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену. Автор туралы мағлұмат беру.
Жүйелі іс — әрекет нәтижесі: мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қуатын шыңдау.
Тұлғалық нәтиже: еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: басты кейіпкерлердің суреттері, осы мысалдың негізінде түсірілген мультфильм осы мысалдың кітабы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тиянақтап өту. «Күзгі орманның көрінісі» тақырыбында жазған шығармаларын оқиды. /Әр топ шығармасын бармақпен бағалайды./
1. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу:
Екі басты жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)
Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,
Қос қанатты,
Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті. (Шегіртке)
— Кейіпкері жан — жануар болатын шығарманың түрін қалай айтамыз?
— Мысал дегеніміз не?
— Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез — құлқын жан — жануарлардың іс — әрекетімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
— Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
— Өзіміз оқыған қандай мысалдарды естеріңе түсіре аласыңдар?
— Ал бүгінгі мысалымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?
— Ендеше, біз бүгін, И. Крыловтан Абайдың аудармасы «шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқимыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының авторы Kрылов Иван Андрейвич 1796 жылы 2 ақпанда Мәскеуде туылған. 1844 жылы, 21 қарашада Санк — Петербург қаласында дүниеден озған. Сатерик. Ұлты орыс. Жазушы — аудармашы. Ақын – жазушы.
1. Аудармашы, ақын А. Құнанбаев туралы. Хронологиялық кестемен жұмыс. 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Қара сөздері бар. Өлең жинақтары бар. Бірнеше әндері бар. 1904 жылы дүниеден өткен.

Ендеше балалар шегіртке неге жылады екен? / Интерактивті тақтадан «Шегіртке мен құмырсқа» мультфильмін көрсетемін./ Оқушылар мультфильм көру арқылы мысал мазмұнын түсінеді.
2.Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс жасау.Құмырсқа мен шегіттке тұстарын тауып оқып оқып топта талдайды. /Ойлан, Бірік, Бөліс әдісі/
Сұрақтар:
— Құмырсқаның орнында болсаң, сен не істер едің?
Жұптас, ойлан, топтас, ортаға сал
— Кейіпкерлердің қайсысы ұнады. Неліктен?
— Шегіртке жазды қалай өткізді? Оқып беріңдер.
— Қыс түсісімен шегірткенің өмірі қалай өзгерді?
— Кімнен көмек сұрады? Құмырсқаға қандай өтініш айтты?
— Сендер Шегірткені аяйсыңдар ма? Жауабыңды түсіндір.
Оқушылардың жұмысын тамашалау.
3.Топтық жұмыс. Жеке жұмыс. Жұппен жұмыс. Оқушылар берілген мысалды әрқайсысы жеке-жеке оқиды. Жұппен талқылайды.Топта ойларын ортаға салып, постер дайындайды, қорғауға орталарынан бір оқушыны шығарып қорғайды.

4.Жеке жұмыс.1-топқа: Өмірде іс әрекеті шегірткеге ұқсас адамдар бар ма ? 2- ші топқа: Шегіртке сияқты қиналып қалмас үшін не істер едің? 3-топқа: Шегіртке мен құмырсқаның іс әрекетін сипаттайтындай мақал мақал-мітел айту.

Оқушылар »екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы әр топ бір –бірін бағалайды.

5. Кейіпкерге хат. /Өлеңдегі негізгі кейіпкердің біріне хат жазады . Оқушылар өз ойларын жазып тақтаға іледі
Сабақты бекіту.
1. Шегірткені қиыншылықтан құтқаруға көмектес. Оқушылар өз ойларын жазып тақтаға іледі. 5.Сабақты қорытындылау

6.Кері байланыс./Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.
7. Үйге тапсырма. Әңгімелеу. Шегіртке мен құмырсқа жайлы ақпараттар жинау.

Арманым

Иманова Дана Даниярқызы.

3-сынып оқушысы. Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы. М.Жүнісов мектебі.

Жетекшісі: Калмулдин А.Б.

Мен арманым мұғалім болу. Мен мүғалім болғанды жақсы көремін. Маған қазақ әдебиеті пәнінің мүғалімі болған ұнайды. Мен оқушыларға мазмұндама жазғызып, жаттау жаттатқанды жақсы көремін. Маған мәнерлеп өлең оқыған қатты ұнайды. Мен Абай атамның «Қыс», «Жазғы тұры», «Күз» туралы жазған өлеңдерін жатқа білемін. Мен өзімнің ұстазыма мынадай жыр жолдарын арнадым.

Ұстазым менің ақылшым,

Болғаныңа қуанам.

Бірде сурет салады,

Бірде ақын болады.

Бірде менімен ойнайтын,

Жақсы көрем ұстазды.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.