Салахидин Жанаргүл Есетқызы


Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдыапан ауылы.

Талдыапан орта жалпы білім беретін мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі Салахидин Жанаргүл Есетқызы

8 сынып

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Қазақ хандығы

Мақсаты: Қазақ халқының мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, 1465-1466 жж. Құрылған хандықтың қалыптасу тарихын түсіруге бағыт беру, ой салу. Қазақ хандарының шығу тегін анықтау мен жүргізген саясатына баға беру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Қазақ хандығының құрылған уақытын білді, хандарының шежіресі мен тізімін білді, әр ханның билігінің тұсындағы өзгерістермен танысты. Және оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланды, тақырыптың маңызды ақпараттарын еске түсіреді, ізденеді, сөйлеу, бірін- бірі тыңдауға үйренеді.

Сабақтың көрнекіліктері: Хандардың суреттері, шежірелер кітабы, Түркістан қаласы мен ондағы Қ.А.Иассауидің кесенесінің суреттері, М.Шахановтың «Түркістан аңызы» атты шығармасынан үзінді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың әдісі: Болжау стратегиясы, диалог, сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс, «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі

І Қызығушылығын ояту

ІІ Мағынаны тану

ІІІ Ой толғаныс

Оқушыларды Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан суреттері арқылы үш топқа бөлем.

І Оқушылар назарына Түркістан қаласында орналасқан Қ.А.Иассауи кесенесінің суреті интербелсенді тақта арқылы ұсынылады. М.Шахановтың суреті мен оның «Түркістан аңызы» шығармасы бойынша мәлімет беріп, тақырыпты өздеріне болжау сұралады.

Оқушылар сонымен бүгінгі тақырып не туралы болмақ деп ойлайсындар? (Оқушылар көргендері, естігендері бойынша мәлімет беріп тақырыпты болжауға тырысады.)

Сабақ барысында қолданған «Түркістан аңызы» өлең жолдарынан үзінді.

Мизам түсіп, күз қызығы қалған кезде азайып,

Түркістанда бір ескерткіш бой көтерді ғажайып.

Күннен-күнге келбеттеніп, күннен- күнге сән құрып,

Нән ескерткіш бой көтерді жұртты өзіне таң қылып…

Хас шеберлер арасында болатын бір жас шебер.

Ол туралы жұрт айтатын:

«Өнерінің өрті бар,

Құдай қалай жарылқаймын десе, әрине, еркі бар.

Саусағының салымы бар, сосын, әттең, бөркі бар..

Ал әйтпесе, қызда сирек кездесетін көркі бар»..

Түркістанды түрлендіріп ән бастайтын сол жігіт.

Жігіт боп-боз. Қаны қашып сөзін өорға бастады,

(Бедерсізін бұрын қалай сезбей келген достары)

Туысқандар қамданайық, амал- айла жасайық!

Келісілді. Бірақ, бірақ.. жөн болды ма қашқаны?

Хан әскері қуып ұстап зынданға әкеп тастады.

Енді ненің мәні қалды. (Мұн)дан, мейлі мұнданба?!)

Ертеңгілік Мәрзиядан хат кеп түсті зынданға.

Жігіт жылдам оқып шықты дір-дір етіп қолдары,

Қыздың хаты мынау еді сондағы:

«Бір күнде ашып мінезінің бар қырын,»

Тез сөндірдің жігеріңнің жарқылын.

Ұнап едібатылдығың алғашқы

Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?

Жарылардай саған құштар сезімнен,

Өзімді- өзім тұсаулаушы ем төзіммен.

Өлімнен де қаймықпаған тілекті

Қалай оқи алмағансың көзімнен?

Өнерің бар қараған жұрт қанбаған,

Әнің анау аспанымда самғаған.

Құдай саған бәрін беріп

Тек қана ерлік бермей қойғанына таң қалам.

Енді бәрі өшті, сөнді. Далбаса.

Амал қанша өз сенімім алдаса?!

Сен өлді деп өкінбеймін.

Әттең-ай, бітпей қалған мына ескерткіш болмаса!

Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз

Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз?

Жүрегінде ерлігі жоқ адамның

Барлығы да махаббатқа тұрақсыз!» М.Шаханов

Оқушылар ерлік, батырлық, кесене, қасиетті жер және Түркістан қаласының қазақтың көптеген ханының астанасы болғанын айта отырып, бүгінгі сабақ тақырыбын табады.

ІІ Мағынаны тану бөлімі:

Түркістан қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жағында орналасқан. Оның «Шабғар», «Ясы» деген атаулары да бар. ХV ғасырдан бастап, Түркістан деп аталды. «Түркістан» деген сөз «түріктердің мекені, елі» дегенді білдіреді.

Бұл жерде Қожа Ахмет Иассауидің кесенесі бар, онда 18 қазақ хандары, 28 батырлары, 8 биі жерленген екен. Олардың ішінде белгілілері: Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Жолбарыс, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілпейіз, Қазыбек би, Бөгенбай батыр.

1-тапсырма:

1.1. Түркістан қаласы – көптеген қазақ хандарының орталық қаласы болғанын да біз айтып өттік. Қазақ хандығының негізін қалаушы керей мен Жәнібектен астап, 1680-1715 жж билік құрған Тәуке мен оның мирасқоры Қайып ханның аралығындағы барлық хандардың тізімімен жұмыс жасауға тапсырма бермес бұрын, келесі «Қазақ хандарының шыққан тегі туралы не білеміз?» деген сұрақ төңірегінде пікірлер сұралады.

Ата-салтың асыл қазынаң: Бір аңызда көрші отырға қазақ тайпалары мен Цинь империясы жиі соғысыпты. Нешедүркін қырып-жойып, қаншама жерін басып алып алса да қазақтың жас буыны өсіп жетіле келе жанкешті ұрыс салып, ата-қонысын қайтарып ала беріпті. Цинь патшасынан көп жыл қазақ арасында жансыз болып жүріп, бүтін халықтың құдірет күші неде екенін зерттеген бір ғұлама.:

«Бұл халықта шежіре деген қасиетті кітап бар. Ол құрымай бұл халықты құрта алмайсыз. Өйткені ұрпақтан- ұрпаққа рух беріп, ұлттық қасиетін сақтап, ата- бабаларының жерін, тілін, дәстүрін содан үйреніп, қуат алып отырады» деген екен. Халық ешбір халықта жоқ осы асыл қазынасын жадында сақтап, ұрпақтан- ұрпаққа ауызекі көшіріп отырған. Өкінішке орай қазір жеті атасын білмейтіндер , немере, шөбере, жиен- нағышылардың өзі бірін- бірі түстеп танымайтындары көбейді.

«Жеті атасын білген ұлт, Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер»- деген халық даналығы.

Қазақ не үшін «жеті атасын білмеген жетесіз» деген?

Жеті атаға дейін адам қаны сақталадыекен. Оны ғылым дәлелдеген. Мысалы: Адамның өзінде 100 % қан болса , баласында 51,6 % , немереде 25 %, шөберенде 12,5%, шөпшегінде 6,3%, неменеде 3,1%, туажатында 1,5% қаны болады екен.

1.2

Енді хандарымыздың тұқымын зерттеп көрейік. Оқушылар төмендегі хандардың жеті атасын анықтауға тырысады.

Шыңғысхан- Жошы хан- Орда Ежан- Ұрыс хан Болат пен Барақ, Болаттан- Керей, Барақтан- Жәнібек, Керейден- Бұрындық, Жәнібектен – Қасым, Қасымнан- Хақназар, Шығай, Шығайдан – Тәуекел мен Есім, Есімнен Жәңгір, Жәңгірден- Тәуке, Тәукеден-Қайыпхан

2- тапсырма:

2.1.Қандардың атын тақтаға іле отырып билік құрған кезенің анықтау.

2.2Қазақ хандарының билік құрған жылдары, ұтымды жүргізген ішкі және сыртқы саясатын талқылап, талдау жасай отырып өздері баға беру.

(Оқушылар бұл тапсырманы көршілерімен бірге орындайды.)

Құрылған хандықтың хандары:

1465-1473 Керей 1538- 1580 Хақназар

1473-1479 Жәнібек 1580-1582 Шығай

1480-1511 Бұрындық 1583- 1598 Тәуекел

1511-1518 Қасым 1598- 1628 Есім

1518-1523 Мамаш 1628- 1652 Жәңгір

1523-1532 Таһир 1680-1715 Тәуке

1532-1537 Бұйдаш 1715- 1718 Қайып

3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Авторлардың ойларымен танысу.

Кім туралы?

М.Х.Дулати «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде ………… мен ………… кімдер? Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасты аймақтарын берді.»

«…… Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнаң соң ешкім де ол сияқты жоғары билікке қол жеткізе алған жоқ»,- деп көрсетті М.Х.Дулати . Қай хан туралы айтқан?

П.И.Рычков «Бұл хан хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық , тек ноғайларды ғана емес, Башқұрт елін, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын, Бұхараны, Хиуаны, ташкентті және басқа да көптеген қалаларды өз билігіне қаратты және олардан алым- салық жинатты »- деп қай хан туралы айтты?

Ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбек би, Кіші жүзден алшын Әйтеке билердің қатысуымен дүниеге келген қандай заң және кімнің тұсында?

Қадырғали би ол жөнінде: «…… хан біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді» деп кім жөнінде айтты?

«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман » деп қай ханға баға берілген?

Қазақ хандығындағы жағдай қаншалықты қалыпты деп ойлайсыңдар?

4 тапсырма: Кім жылдам? Сұрақтарға жауап беру.

Қазақ хандарынан қайсысы қайда жерленген?

Жошы хан Қаракеңгірдің сол жағасында, Қасым хан Сарайшықта, Есім хан, Жәңгір, Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай хандар Түркістан қаласында жерленген.

Мына қалалар кімнің тұсында астана болған?

Түркістан қаласы- Тәуке хан, Алматы- Д.А.Қонаев. Астана- Н.Назарбаев.

ІІІ. «Соңғы сөзді мен айтайын»

Әр топ оқушылары өз ойларын айту.

Қорытынды:

Жалпы ұпаймен қорытынды шығару

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.