Тулепбергенова Сагадат Алибаевна


Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы

Никонор бастауыш сынып мұғалімі

Тулепбергенова Сагадат Алибаевна

Сабақ тақырыбы: Ондықпен санау Мектеп: Никонор бастауыш мектебі
Күні : Математика Мұғалімнің есімі:

Тулепбергенова Сагадат Алибаевна

СЫНЫП: 1 -сынып Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңды-лықтарын анықтайды;

cанның жаңа бірлігі — ондық туралы түсінігі болады, 100-ге дейін ондықтармен санайды, жазады, салыстырады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: cанау таяқшалары (бірнеше қорап);

кеңсе резеңке баулары;

10-нан 90-ға дейінгі дөңгелек сандар жазылған парақшалар (4 топтама).

Тірек сөздер ондық.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ондықты шығарып алу жолын түсіндіру, ондықтармен санауды үйрету, оларды дөңгелек ондықтардың атауымен таныстыру.
Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер
Ондық — он бірліктен тұратын сандық өлшем бірлігі.

1 онд. = 10 бірл.,

2 онд. = 20 бірл.,

3 онд. = 30 бірл.,

4 онд. = 40 бірл.,

5 онд. = 50 бірл.,

6 онд. = 60 бірл.,

7 онд. = 70 бірл.,

8 онд. = 80 бірл.,

9 онд. = 90 бірл.,

10 онд. = 100 бірл.

Нөлмен аяқталатын сандар дөңгелек сандар деп аталады. Ондықтар бойынша санауға, дөңгелек сандарды тура және кері ретпен санауға және кез келген ондықтан бастап санауға ерекше көңіл бөлу.

Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан бас-таңыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Қандай сандар бір таңбалы сандар деп ата-лады? Мысал келтіріңдер.

— Екі таңбалы сандар дегенміз қандай сандар?

— Өткен сабақта қандай санмен таныстың-дар? (10)

— 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарынан ол санның айырмашылығы қандай?

Үй салуға көмектес. Тапсырманы сыныптағы барлық оқушыларға орындатыңыз. Тапсырма заттарды жаңа тәсілмен өз беттерінше санауды бекітуге және ондықтармен санау дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Оқушылардың дөңгелек ондық сандардың атауын нақты айтып жаттығуларын ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

20 немесе екі ондық бөрене және 40 немесе төрт ондық шеге.

Түсіп қалған сандарды ата. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Тапсырмада сандар қатарын реті бойынша ондықтармен толықтыру керек. Тапсырманы орындау барысын бақылаңыз. Бұл бақылау арқылы ондықпен санау дағдысының қандай дәрежеде екенін байқауға болады.

Жауабы:

20, 40, 60, 80.

Шығарып көр. Мүмкіндігінше көп оқушының ой-пікірлерін тыңдаңыз.

Оқушылардан осыған ұқсас есептерді өз бетінше құрастыруды өтініңіз.

Жауабы:

әкем 20 шеге сатып алды.

Сен білесің бе? Оқушылар дөңгелек сандар туралы біледі. Олар неге олай аталатындары туралы өз пікірлерін айтады.

Кім дұрыс санады? Оқушылардан жұпта жұмыс жасай отырып, дұрыс жауабын табуды сұраңыз.

Тапсырмада анасы мен қызының қолындағы па-рақшалар жазылған цифрлар мен жұмыртқа салынған науалардың санын салыстыру керек. Қиыншылық туындаған жағдайда санау таяқшаларын, яғни буылған ондықтарды пайдалануды ұсыныңыз.

Дөңгелек сандарды ата. Тапсырма дөңгелек сандарды анықтау машығына жаттықтырады. Оқу-шыларға тапсырманы өз беттерінше орындауларына уақыт беріңіз де, одан кейін өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

20, 80, 50, 10.

Орындап көр. Оқушылар заттардың санын ондықпен санауына болады. Санаудың нәтижесін олар ламинатталған қағазға жазып, өзара тексеру кезінде бір-біріне көрсетулеріне болады.

Ойлан. Оқушылар сурет бойынша аяқкиімдердің жұп санын анықтап, аяқкиімдердің жұп саны мен оқушылар саны бірдей екеніне көз жеткізеді. Дәл осылай оқушылар баскиімдер саны мен балалардың санын салыстырады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Қосымша тапсырмалар
Оқушылардың “ондық”, “дөңгелек сандар” ұғымдарын дұрыс пайдалануына көңіл бөліңіз. Ондықтармен тура және кері ретпен санап кө-ріңіздер. Жұмыртқаларды қалыбына сал. Әрбір қалыпта неше ондықтан жұмыртқа болды?

Оқушылар алғашында қалыптар санының қанша екенін санайды да, жұмыртқалардың санының да сонша болатынын ұғады. Жұмыртқалардың санын ондықпен тауып, жауабын бос торкөзге жазады.

Жауабы:

бірінші қалыпта — 2 ондық жұмыртқа; екіншіде — 1 ондық жұмыртқа.

Кинотеатрдағы орын саны неше ондық болады? Орындардың нөмірі көрсетілмеген. Сондықтан да оқушылар өздігінен санап, орын санын бос торкөзге жазуы керек.

Жауабы:

бес ондық орын бар. Барлығы 50 орын.

Керіктің бойы. Оқушылар ондықтармен тура санай отырып, түсіп қалған сандарды жаза алады. Олар бұл сандарды суреттегі бос торкөздерге жазады. Осы сияқты тапсырманы оқушылар ауа шарында да орындайды. Мұнда олар ондықтармен кері бағытта санау дағдысын тексере алады.

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

ондықты шығарып алуды;

ондықтарды атауды;

ондықтармен санауды;

дөңгелек сандарды атауды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

— Бір ондықта неше бірлік бар?

— Ондықтармен сана.

— Дөңгелек сандарды ата.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.