Балалық шақтан бақытты сәттер


М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Райымбаева Бибигүл Сматовна
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Балалық шақтан бақытты сәттер
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру. Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұтуға, бағалай білуге, өзін-өзі қорғай білуге үйрету; Оқушылардың бақытты өмір сүрулеріне ықпал ету; Оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті қалам, ақ парақшалар

Психологиялық ахуал Адамның басшысы — ақыл,

Жетекшісі – талап,

Жолаушысы – ой,

Жолдасы – кәсіп,

Қорғаны — сабыр,

Қорғаушысы – мінез,

Сынаушысы — халық.

Топқа бөлу Бақыт

Шаттық

Мейірім

Қуаныш

Қызығушылықты ояту «Бақыт деген не өзі?», –

деп бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп,

бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: «Бақыт деген –

барлық, байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең,

бақыттысың емес пе?».

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген –

қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ерек,

соның өзі жақсы ат қой».

Бірі айтады: «Бақыт деген –

жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен,

қарын тойса, карта ойнау».

Сергіту сәті
Жаңа сабақ -Сонда оқушылар бақыт дегеніміз сіздің ойыңызша не екен? (Жауаптары түрлі-түсті бояулармен ақ парақтарға жазылады)

Оқушылар

  • Ал енді бақытты отбасы дегеніміз не?

(Жауаптары түрлі-түсті бояулармен ақ парақтарға жазылады)

Оқушылар

  • Отбасы бақытын бұзатын қандай факторлар бар? (ауызша)
  • Қысқаша түсінік

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл — бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Зорлықтың түрлері:

— Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

— Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

— Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

— Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

  • Топпен талқылау

(екі жақты жауап тыңдау)

1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ (Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.)

2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)

3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.)

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? (Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу)

6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен)

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету)

8. Мүмкін зорлық туралы бірден айтпау керек шығар, біраз күте тұру керек пе? (Зорлық туралы бірден айту керек, өйткені ол өрши түседі)

  • Менің отбасымда

Балаларға

  • Толғаныс

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлерінде мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар.

Әрине, бәрі біздің қолымызда.

Рефлексия Сіздердің ойыңызша зорлық-зомбылықты жою үшін…

(Ақ парақтарға балалар оң қолдың суретін салып өз ойларын жазады. Жазылған ойды оқиды. Әр оқыған ортаға шығып шеңбер жасап тұрады)

Үйге тапсырма Тәрбие сағатының соңында оқушыларға үлестіріп беріледі.

Жасөспірімдерге арналған кеңес

  • Үйден қашып кетпе! Егер үйдегі жағдай өте күрделі болса, мұғаліміңмен немесе өзің сыйлайтын адаммен сөйлес.
  • Бөгде адамдардың сені суретке түсіруіне ешқашанда жол берме, тіпті сені атақты етеміз және барлық атақты адамдар осылай бастаған десе де келіспе.
  • Ешуақытта бөтен адамдармен бірге көлікке отырма.
  • Өз досыңмен немесе өз тобыңмен ғана қыдыр.
  • Ата-анаңа достарыңмен бірге қайда жиналатындарыңды айтып отыр және жоспардың өзгергенін ескерт.
  • Бөтен адамдардың саған жанасуына жол берме. Жанасқан адамға ескертуге ұялма.

Егер бойыңды қорқыныш сезімі билесе, оның себебі бар, сондықтан ішкі сезіміңе сен

Кері байланыс

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.