Бөкен Қазбек Маратұлы


Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин тірек мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, магистрант
Бөкен Қазбек Маратұлы

  • Сабақ тақырыбы: Отбасы — шағын мемлекет.
  • Сабақ тақырыбы: «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы.
  • Сабақ тақырыбы: Бабамның киген киімі.
  • Сабақ тақырыбы: Адам және жыртқыш аң
  • Тақырыбы: Тіл тағдыры – Елбасы тағылымы. Баяндама.

Сынып: 5 Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин тірек мектебі

филолог, Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, магистрант Бөкен Қазбек Маратұлы

Сабақтың тақырыбы Отбасы — шағын мемлекет
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Сюжетті суреттеудің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру. (Ж3)

Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. (Ж5)

Сабақтың мақсаты Негізгі ақпаратты сақтай отырып, суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыру арқылы отбасы мен мемлекеттің байланысын анықтау.
Бағалау критерийі 1. Мәтіннің құрылымы сақталған 1-3 балл

2.Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

3. Сұрақ нақты болады.

Тілдік мақсаттар Әдеби тілде мәнерлеп сөйлеуге үйрету.

Түсініп оқуды қалыптастыру.

Шығармашылығын дамыту.

Пәнаралық байланыс АКТ-ның көмегімен информатика, сюжетті суреттердің желісімен өзін –өзі тану, мақал-мәтелдер беру арқылы әдебиетпен байланыс.
Тақырып бойынша алдыңғы білім Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыра алғандықтан, жаңа сабақ бойыншаәңгіме құрастырып, мәтін жаза алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

(7 мин)

Психологиялық ахуал.
«Сөзді тап» Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.

Топқа бөлу. Түрлі-түсті тастар арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. «Білімді отбасы»

2-топ. «Үлгілі отбасы»

1-тапсырма: Фотосуреттер арқылы өз ойларыңды айтыңдар.

Ой бөлісіп, жетекші сұрақтарға жауап береді.

Қобдиша, түрлі-түсті тастар, маркерлер, стикерлер, интербелсенді тақта, постерлер
Сабақтың ортасы 2 -тапсырма: Оқылым дағдысы бойынша мазмұнын түсіну.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: «Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, — деген екен.

Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтау, сырын шашпау, т.б. отбасы мүшелерінің қарым-қатынасына байланысты.

Дискриптор:

1.Фотосурет пен мәтіннің ұқсастығын айтады.

2. Отбасы туралы өз ойларын білдіреді.

3. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер қолданады.

Сабақтың соңы 3-тапсырма:Жазылым дағдысы бойынша жинақы мәтін жазады.

Дискриптор:

1. Негізгі ойды сақтай отырып, мәтін жазады.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Критерийі

1. Мәтіннің құрылымы сақталған 1-3 балл

2.Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

3. Сұрақ нақты болады.

Саралау: Оқушылар тақырыпты меңгеріп, топтық жұмыста белсенділік танытып, тапсырманы жауапкершілікпен орындайды. Тақырыптың мағынасын ашып талдауда өзіндік пікірлерін айта алады. Бағалау: Топтардағы өзара бағалау.

Топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды.

Бағалау шкаласы арқылы қорытынды бағаны шығарады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақбойынша
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Тапсырманы орындауы сәтті шықты.

2: Уақытты үнемді пайдаланды.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сыни ойлантатын сұрақтарға құрылған шығармашылық тапсырманы көбірек беру керек.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Өз көзқарасы тұрғысынан баға бере білу керектігін түсіндім.

Филолог БӨКЕН Қазбек Маратұлы

Мектеп:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин тірек мектебі

Сынып: 5

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 2-бөлім: Киім, сән, талғам
Сабақ тақырыбы Бабамның киген киімі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын

сақтап,хат,жарнама,хабарландыру құрастырып жазу.

5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу; нақты ақпаратты табу үшін оқу

5.ӘТН4.2.Зат есімнің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаты Ұсынылған тақырып бойынша ресімделуі мен құрылымын сақтап жарнама жазу;

Мәтін мазмұнын түсіну үшін оқу;

Зат есімнің мағыналық түрлерін сөйлемдерде тәуелдік жалғауы арқылы түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі — мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды;

— мазмұнын түсіну үшін оқиды;

— жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді;

-рәсімделуі мен құрылымын сақтайды;

Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:зат есімнің мағыналық түрлері ,зат есімнің тәуелдік жалғауы
Құндылықтарға баулу
  • қарым-қатынас жасау;
  • өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;
  • өмір бойы оқуға дайын болу;
  • жауапкершілік;
  • ұлттық киімге деген қызығушылығын арттыру;

Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады

Пәнаралық байланыс Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, ұлттық киімдерге жарнама жасауда сурет салу бейнелеу өнерімен және желімдеу арқылы еңбек пәнімен байланыс орнатылады.
Алдыңғы білім Оқушылар бұған дейін жарасымды киім стилі мен сән үлгілері туралы ақпаратпен танысып, жетекші сұрақтар арқылы пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіруге

дағдыланды

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы – 15мин. Ширату.«Бес қадам» ойыны

Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып жылдам жауап береді.

Сұрақ үлгілері:

— Ұлттық киімдерді ата.

— Қысқы киімдерді ата.

— Қыздардың ұлттық киімдерін ата.

-« Киім»сөзіне сөз тіркесін айт.

— Киімге қатысты мақал айт.

Жаңа тақырыпқа шығу үшін оқушылар назарына интербелсенді тақтадан қазақтың ұлттық киімдері туралы бейнеролик көрсетіледі.

Балалар, біз бүгін сабақта «Бабамның киген киімі» мәтінімен танысып, оның мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береміз. Мәтіннен зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, жалғанған жалғаулары бойынша грамматикалық өзгерісті анықтаймыз. Ұлттық киімге жарнама жанрында мәтін қүрастырамыз, мәтін құрастыруда зат есімнің жалғауларын түрлендіріп қолданамыз. Алдымен зат есімнің мағыналық түрлері дегеніміз не? Зат есімге қандай жалғаулар жалғанады? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Оқылымға дейін

Ж.Көп нүктенің орнына тиісті зат есімнің жалғауларын қойып жазыңдар.

1. Сәукеле – қалыңдықтың бас киім… .

2. Атамның тон… аң терісінен тігілген.

3. Қазақтың шапан… ұлттық оюмен өрнектелген.

4. Менің байпағ… киізден сырылған..

5. Әжемнің мәсі… былғарыдан тігілген.

6. Сіздің қамзол… қызыл, көйлег… ақ.

7. Біздің тымағ… суықтан қорғайды.

8. Қазақтың ұлттық киім…. қандай әдемі!

Табан іздерінің суреті

Интербелсенді тақта, бейнеролик

https://www.youtube.

com/watch?

v=ZRufTnHq3M4

Кестелер

Сабақтың ортасы – 20мин. Оқылым тапсырмасы

ЖЖ. Жалпы мәтіннің мазмұнын түсіну үшін

оқу.Мұғалім оқушыларға мәтінді өз бетімен толық

оқу үшін уақыт беріледі.

Мәтін:

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де,

үлгісі де аса бай. Оның көркем үлгілері әлемнің

этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен

орын алған. Ертеде халық шеберлері қазақтың

болмысына тән, кигенде ыңғайлы әртүрлі киім

үлгілерін жасаған. Олар:

Тақия – үкілеген, әсем зергерлік бұйымдар

тағылған бас киім.

Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың

бас киімі.

Қалпақ – ер адамдардың бас киімі.

Төбетей – төбеге киетін жаздық шағын бас

киім.

Құлақшын (малақай) – қыстық бас киім.

Жалбағай – малшылардың жаздық бас киімі.

Сәукеле – ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі.

Сәлде – молдалардың орап киетін бас киімі.

Желек – сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата.

(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)

Мазмұнды түсінгендіктерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мәтінде негізгі ойды беріп тұрған кемінде

5 тірек сөздерді ата.

  1. Мәтіндегі негізгі ақпарат беріп тұрған 3

сөйлемді айт.

  1. Мәтіндегі таныс/ таныс емес киім атауларын

ата.

  1. Мәтінде берілген қандай ұлттық киім

атауларын өз көзіңмен көрдің немесе

туыстарыңның кигенін көрдің бе? Қызықты

оқиғаларың болса, ортаға сал.

Сергіту сәті «Жел үрлейді»

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Ортада бір

ойыншы қалады. Ортадағы ойыншы «Жел үрлейді,

жел үйрлейді» деп бастап, сыныптастарының

киімдері, сыртқы сипаттарына қатысты қандай да бір белгіні айтады. Мысалы: «Жер үрлейді, жер үрлейді

туфли киіп келгендерге». Осы сәтте туфли киіп

келген оқушылар орын алмастырулары керек. Олар орындарынан тұрған сәтте ортадағы оқушы да өзіне орын тауып үлгеруі керек. Ал ортада қалған ойыншы жоғарыдағы ережедегідей ойынды жалғастырады.

Оқылымнан кейін

ТЖ.Сынып үш топқа бөлініп, ұсынылған тақырып бойынша жарнама банерін дайындайды.

1-топ. Шапанға жарнама

2-топ. Төбетейге жарнама

3-топ. Сәукелеге жарнама

Дескриптор:

— мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

— берілген киім түріне құрылым мен ресімделуін сақтап, жарнама мәтінін құрастырады;

— мәтін мазмұнында зат есімнің жалғауларын түрлендіріп қолданады;

ҚБ. Мұғалім дескрипторға сүйеніп, кері байланыс береді. Топтарды стакандар арқылы бағалайды.

Түрлі, түсті қағаздар, маркер, қайшы, желім, флипчарт, қарындаш, стикерлер

Стакандар

Сабақтың соңы – 10мин. Оқушылар рефлексиясы:«Кір жаю»

Оқушылар кез-келген киім сұлбасын қиып, оған сабақ бойынша:

  • нені білгенін;
  • нені үйренгенін;
  • тағы нені білгісі келетіндігін жазып, іледі.
«Кір жаятын» жіп, түрлі-түсті қағаздар, қайшы
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Кейбір оқушыларға зат

есімнің мағыналық түрлеріне мысалдар жазылған, жалғау-

ларына қатысты дайын ақпа-

раттық кесте таратылады.

Топтарға жарнама жазу бары-сында жарнама жанрына тән

сөз оралымдар, үлгілер бері-

леді. Олар интернеттен үлгі-лер ала алады.Қабілетті оқу-

шылар дербес қалаулары

бойынша жарнаманы поэзия

жанрында бере алады

Алдыңғы білім «Бес қадам» әдісі арқылы тексеріледі. Оқушылар-дың жеке, жүптық, топтық жұ-

мыстары оқушылардың дескрип-торға сүйеніп, бір-бірлеріне

берген кері байланыстары

арқылы тексеріліп отырады.

Топтық жұмыстарда жекелеген

оқушылардың жұмысқа қаты-

суы қадағаланып, оларға дербес

сұрақтар қойылады. Кері байла-

ныс нәтижесінде ҚБ «стакандар»

әдісі арқылы бағаланады

«Бес қадам», кесте толтыру, оқылым кезеңдеріне арналаған тапсымалар, жарнама жасау сияқты топтық жұмыс формалары, «Жел үрлейді» сергіту сәті балалардың жас ерекшелігіне сай таңдалып алынды
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. «Бес қадам» ойыны

2.Топтық жұмыс бойынша жасалған жарнама

Сабақтың тақырыбы: : Адам және жыртқыш аң

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин тірек мектебі филолог Бөкен Қазбек Маратұлы
Сынып: 5
Оқу мақсаттары 5.1.1.1-тірек сөздер мен ұсынылған иллюстарциялар арқылы тақырыпты болжау

5.4.3.1-тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұмыстарында еркін қолдана алады.

Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: шопан, қасқыр, бөлтірік, қозы, ауыл.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша, мен бұл пікірмен келісемін/келіспеймін, мен мынадай қорытындыға келдім, келтірілген дәлелдерді қолдаймын. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, диалогке қатыса алады, жаза алады.

Алдыңғы оқу Жан-жануарлар туралы ертегілердің тағылымдық мәнін біледі.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту.Сұрақтарға жауап беріңдер:

1.«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Әлемде қасқырлармен бейбіт қатар өмір сүруге болады деп есептейсіңдер ме?

3.Қасқырларды ұяты бар тіршілік иелеріне жатқызуға бола ма екен?

ОӘК материалдары
Ортасы «Идеялар аллеясы» стратегиясы бойынша берілген мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрастырады. Энциклопедиялар мен әртүрлі ақпарат көздерін, «Дүниетану» оқулығындағы мәліметтерді зерделеп, кестені толтырады. Деңгейлік тапсырманы топқа бөлініп орындайды.

1-топ. «Кірпі мен қарға» ертегісін тыңдап, ертегі мазмұнына сәйкес келетін мәтел айтады.

2-топ.Берілген сөздерді мәндес сөздермен (синонимдерімен) береді.

3-топ.Қасқыр сөзіне қатысты мақал-мәтелдерді жинақтап, «Қос жазба күнделігі» әдісімен түсіндірме береді.

«Идеялар аллеясы» стратегиясы

ОӘК материалдары

(13.mp3)

«Қос жазба күнделігі» әдісімен

Соңы Рефлексия. «Раундробин» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын жазып, оң жағындағы көршіге парағын ысырады..Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады.

Үйге тапсырма. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша түсірілген фильмді көреді. «Көксерек жауыздығының себебі неде?» деген тақырыпта достарына хат жазып, өзара ой бөліседі.

«Раундробин» әдісі

Стикерлер

ОӘК материалдары

Қосымша ақпарат
Саралау

Қосымша критерийлер арқылы бағалау

«Табиғаттың тағы перзенті» тақырыбында мәлімет жинақтап, өзара ой бөліседі.

«Бес саусақ» әдісі арқылы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиетімен, жаратылыстанумен
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінді үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сынып: 5 Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин тірек мектебі Бөкен Қазбек Маратұлы

Тақырыбы: «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Асан атаға хат

Оқыту мақсаты 5.1.1.1 – Жырау, философ, қоғам қайраткері – Асанқайғының Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жайлы қоныс іздеуіндегі әр жерлерге айтқан сырының терең мазмұнын түсіну. «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызының фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

5.1.2.1 – «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызының тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.1.3.1 – Аңыз әңгімедегі Асанқайғы образын ашу;

5.1.4.1 – Аңыз әңгімені мәнерлеп оқу;

5.2.1.1 – Аңыз әңгімеден екі нәрсені салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;

5.2.2.1 – Аңыздағы автор бейнесін анықтау;

5.2.3.1 – Аңыз әңгімедегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау;

5.2.4.1 – Аңыз әңгімеден алған әсерін сипаттау, пікірлерін білдіру;

5.3.1.1 – Аңыз әңгіменің тарихи құндылығын бағалау;

5.3.2.1 – Асанқайғы баға берген жерлерді салыстырып бағалау; туған жеріне Асанқайғы секілді баға беру білу.

Сабақтың мақсаты Жырау, философ, қоғам қайраткері – Асанқайғының Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жайлы қоныс іздеуіндегі әр жерлерге айтқан сырының терең мазмұнын түсіндіру. Туған жеріне Асанқайғы секілді баға беруге үйрету.
Міндеті Оқушының оқу материалын дұрыс және саналы қабылдауын қамтамасыз ету
Күтілетін нәтиже Әңгіменің идеясын аша отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды. Логикалық ойлау қабілеттері, пәнге деген қызығушылығы артады.
7 модульдің қолданылуы «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Құсты құтқар» жаттығуы, «Борт журналы» әдісі, «Даралық, ұқсастық» стратегиясы, «DEAL» әдісі, «Постер», «Төрт сөйлем» тәсілі, «Табыс баспалдағы».
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портрет, инерактивті тақта, стикерлер, ноутбук.
Пәнаралық байланыс География
Сабақ кезеңдері Қолданылатын

әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі «Құсты құтқар» жаттығуы Жаттығу өткізу Жаттығу орындайды
Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру Мұғалім сөзі Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру Сабақтың мақсат-міндеттерін тұжырымдауға қатысады
Білімді өзектендіру Оқулық мәтінімен жұмыс. «Борт журналы» әдісі Оқушылар жұмысын ұйымдастыру, «Борт журналын» толтыруды түсіндіру. Сол жақта отырған оқушылар тақырып бойынша не білетіндерін жазады, оң жақта отырғандар білмейтіндерін жазады,
Жаңа сабақты оқып-үйрену «Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары» Тапсырмаларды орындауды қадағалау оқушылар жауабын тыңдау «Білу», «Түсіну» қадамдарының тапсырмаларын орындайды
Бекіту «Даралық, ұқсастық» стратегиясы Асанқайғы баға берген жерлерді салыстыруды тапсыру. Жауаптарында хрестоматия материалдарын да пайдалануды ұсыну Тапсырманы орындайды
«Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары» Тапсырмаларды орындауды қадағалау, оқушылар жауабын тыңдау «Талдау», «Жинақтау» қадамдарының тапсырмаларын орындайды
Қорытынды «DEAL» әдісі Шарттарымен таныстыру, тапсырманы орындау бағытын бақылау Тапсырманы орындайды
«Постер» жасау Топпен жұмысты ұйымдастыру «Постер» құрады. Асанқайғы баға берген жер атаулары мен қасиеттері туралы жұмыстарын қорғайды
«Төрт сөйлем» тәсілі Тапсырма шартын түсіндіру «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді
Бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы Өзін-өзі бағалауды, топ басшысының бағалауын қадағалау, ұсыныстар айту Бағалауды іске асырады
Үй тапсырмасы Кеңес, ұсыныс Үй тапсырмасын орындау ретін түсіндіру «Қолдану» қадамының 2,3,4-тапсырмаларын жазып алады.
Рефлексия «Табыс баспалдағы» Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерлерді толтырады, «Табыс баспалдағына» сәйкес баспалдақты белгілейді

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.