Тамақтана білу-денсаулық кепілі


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №12 «Аленушка» бөбекжайы

Еркемай ересек тобының тәрбиешісі Кузенбаева Назгуль Ризуановна

Тақырыбы: «Тамақтана білу-денсаулық кепілі» Кіріктірілген оқу іс-әрекеті.

Ата-анамен біріккен ашық саяхат, кіріктірілген оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: « Тамақтана білу-денсаулық кепілі!

Мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеп кеңейту. Тазалық гигиенасы, жарамдылық мерзімі туралы ережелерді қайталау, балалардың бойына іскерлік түрлерін қалыптастыру. Балдар өздерін мәдени орында қалай ұстау керекітігін,салауатты өмір салтын сақтауға үйрету. 2. Дүниетамын-ой өрісін дамыту, ойын кезіңде бір-бірімен қарым қатынасы, сөздік қорларын дамыту.

3.Дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.

Түрі: Саяхат, кіріктірілген оқу іс-әрекеті. Рөлге бөлініп ойнау арқылы ұйымдастыру.

Көрнектіліктер: Супермаркет, диетолог орталығы, сараптама жасау орталығы, сапа орталығы, пайдалы, зиянды тағам түрлерінің маркеттері, монеттер, денсаулық жөнінде плакаттар, бояулар, суреттер.

Қатысатындар: Ересек топ балалары, ата-аналар, кассир, дәрігер, дымбілмес.

Әдіс тәсілдер: Балаларды сюжеттік-рөлдік ойынды ойнауға шақырдым. Әр сатушы өз бөліміне балаларға қызмет көрсетті. Алған тағамдарын касса бөліміне, ақшаларын төледі. Сәлеметсізбе, мінекейіңіз, алыңыз, рахмет, келіп тұрыңыздар, хош келдіңіздер, сау болыңыздар-деп бір-бірлеріне, диалог сөздерді, сонымен қатар қос тілділікті қолданып айтқыздым.

Қос тілділік компонент: Рахмет-спасибо, сау болыңыз-досвидания.

Тәрбиеші:Қане,балалар алдымен келген қонақтармен амандасып жіберейік!

Сәлеметсізбе,здраствуйтье,good morning !

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Менің де көңіл- күйім жақсы. Балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік!

Балалар:

Біз балдырған баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз

Қуан шаттан алақай

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Күліп шықшы бүгін күн!

Тәрбиеші: Балалар біздер бүгін саяхатқа барамыз

Саяхатымызды супермаркеттен бастайық.

Балалар біздер көппіз, машинаға симаймыз, енді немен барамыз?

Балалар: Автобуспен. Дұрыс айтасыңдар, алдымен мұқият мені тыңдардар сақтық ережесімен таныстырады.

Қане енді жайлап, бір-бірлеп автобусқа отырайық, мұқият отырайық.

(Машина әніне жаттығу жасап барады )

Міне, келіп те қалдық, машинадан жайлап түсіңіздер.

  1. Супермаркет « Атаба»

Тәрбиеші:Міне супермаркетке келдік, не аламыз?

Алдымен балалар сатушымен амандасайық.

Сатушы Сабина: Сәлеметсізба? Сізге қандай көмек керек?

Айша: Сіздерде иогурттың қандай түрлері бар?

Сатушы: Бізде иогурттың түр-түрі бар. Мына иогурт Қазақстанда шығарылған, ашуға өте ыңғайлы баланың денсаулығына зиянсыз, өте пайдалы.

Айша: Жарамдылық мерзімін көруге болама?

Сатушы:Әрине, коріңіз!

Тәрбиеші: Дұрыс Айша, балалар алған тағамдарымыздың жарамдылық мерзімін алдымен қарап алуымыз қажет.

Айша: Маған иогуртты салып бересізбе?

Сатушы:

Сатушы: Әрине, салып берейін мінекей алыңыз, тағыда келіп тұрыңыз, сау болыңыз!

Айша:Рахмет сау болыңыз (осыдан кейін «Кассир бөліміне барады).

Кассир Аяулым: Сәлеметсізбе?

Айша: Сәлеметсізбе?

Кассир Аяулым: Сізден 5 теңге ақшасын беріп,чегін алады,сау бол айтып шығып кетеді.

Адиль:Сәлеметсізбе

Кассир Аяулым: Сәлеметсізбе сізден 7 теңге

Сайда: Сәлеметсізбе

Кассир Аяулым: Сәлеметсізбе сізден 10 теңге

Кассир Аяулым:Ақшаны есептеп,чек береді.

Сау болыңыздар,тағыда келіп тұрыңыздар дейді.

Қалған балалар,қалаған заттарын алып,кассаға кезекке тұрып,кассаға соқтырып,чектерін адады.

Тәрбиеші:Алған заттарымызды мұқият қарап,түгендеп алайық.

Сатушы:Алған заттарын,пакеттерге салып беріп отырады.

Кассир Аяулым:ақшаны есептеп,баларға чектерін береді.

Балалар:рахмет сау болыңыз,спасибо,досвидание,

Осы кезде есік қағылып,Дымбілмес келеді.Сәлеметсіздерме балалар,мен де сіздердің саяхатқа бара жатқандарыңызды естіп,бірге барып,көңілімді көтерейін деп,ішетін сусындарым мен тағамдарымды алып келдім.Қараңдаршы мынандай өте тәтті,дәмді сусындар,сағыз,чипсы алдым.Міне,сендерге де алып келдім,деп сөмкесінен шығара бастайды.

Тәрбиеші:Дымбілмес асықпа,бізбен бірге отыр,қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.

Ол жөнінде қазір дәрігерден білетін боламыз.

Ендеше,автобусқа отырайық.диетолог орталығына барамыз.

Тәрбиеші:балалар мұқият отырайық.

Машина әнін айтып барады.

Міне,келіп те қалдық,машинадан жайлап түсіңіздер.

2.Диетолог орталығы.

Дәрігер диетолог:Зиягул Амангалиқызы.

Сәлеметсіздерме балалар,сәлеметсізбе дымбілмес.

Қайдан келесіздер?Қолдарыңдағы нелер?

Дымбілмес сен не адғансың?Қане,не алғансың деп қарайды.

Дымбілмес мынандай тағамдарды алу денсаулыққа зиянды,олардың құрамында химиялық қоспалар көп, олар адам ағзасына қауіпті,әсер етеді.

Сенбесең, сараптама орталығына апарып,өз көзіңмен нәтижесін көр,Дымбілместің алған тамақтары эөнінде айтады.

-Газды сусындардың құрамында консервенттар,бояғыш заттар,ненороматизатор беретін,иіс беретін заттар кіреді,олар асқазанға жарамсыз әсер етеді.Газды сусындарды мөлшерден көп тұтынуға болмайды,олар қант тіс құртының пайда болуына себепкер.

Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.Ал көп бала жақсы көретін сағыздың құрамындада қант көп, соның әсерінен ауруы, іш шегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.

Дәрігер: Зиягул Аманғалиқызы.

Балалар Дымбілмес сияқты, сіздерде мынандай тағамдарды алмаңыздар, денсаулықтарыңызды уламаңыздар.

Тәрбиеші: Рахмет сіздерге балалар қане, алған тағамдарымызды қазір сараптама орталығына апарып, тәжірбие жасап, өз көзімізбен көрейік! Дымбілмес сенде бізбен жүр,- деп сараптама орталығына автобусқа отырып, келеді. Автобустан мұқият түсулерін ескертеді.

Балаларға приборлар арқылы тәжірбие жасату.

Тәрбиеші: Балалар, енді біз медбикенің берген кеңесін өз көзімізбен тәжірбие жүзінде көру үшін қазір сараптама орталығына барамыз.

Ендеше, автобусқа отырайық, мұқият отырайық.

Машина әніне жаттығу жасап барады.

Міне, келіп те қалдық, автобустан жайлап түсіңдер.

3.Сараптама жасау орталығы.

Тәрбиеші: Балалар, міне, сараптама орталығына да жеттік, мына алған қолдарымыздағы заттарымызды мына зат салатын арнайы жәшіктерге салып қояйық. Балалар бір-бірлеп қояды.

Тәрбиеші: мұнда біз кола сусынына тәжірибе жасап көреміз.

Алдымен үстімізге халаттарымызды, басымызға қалпақтарымызды, қолымызға қолғаптарымызды мұқият киеміз, болғасын орындарымызға отырамыз.

Енді мені мұқият тындаңыздар.Дымбілмес сенде мұқият тыңда. Сақтық ережесімен, тәжірибе жасау жолымен таныстыру. Алдымыздағы заттарды ауызымызға салып, мұрнымызбен иіскемейміз. Ұқыпты, өте мұқият болуымыз керек.

Олай жасауға болмайтының ескерту.

Сіздердің алдарыңызда екі ыдыс бар, оның біреуінде кәдімгі таза су, екіншісі бос ыдыс.Қасындағы ыдыста кесек ет, нан бөлігі , тат басқан нәрселер бар. Енді мына бос ыдысқа мен кола сусының құямын.

Мына алдарыңдағы нәрселерді біреуін қола сусынына, біреуін таза су құйылған ыдысқа саламыз.

Сәлден соң, нәтижесін көретін боламыз.

Ендеше, қане, жумысқа кірісейік.

Балалар тәрбиеші басшылығымен жұмыстанады.

Тәрбиеші: Жұмыстанып болсақ,қолымызды алдарыңдағы сулықтармен мұқият сүртеміз.

Тәрбиеші: сараптама қорытындысын балаларға көрсете отырып, сұрақ-жауап арқылы кімнің неге тәжірибе жасаған сұрай отырып қортындылайды.

Балалар енді ыдыстың сыртынан салған нәрселерімзді бақылайық. Балалар бақылайды. Етіміз бүрісіп қалған, қатты нанның өзі де еріп кеткен, мына тот басқан нәрселерде тазарып келеді, одан әрі оны отқа қойып, ысытып қайнататын болсақ, ол тап-таза болып жылтырап қалады, әрі қарай келесіде жасармыз. Бұдан балалар коланың құрамында химикатты қоспалар бар екенің байқап, өз көзімізбен көрдік. Қола сусынын ішуге болмайды екен. Онымен тіпті шәйнектің қағын, тырнаққа жағылған лакты кетіруге болады екен. Сондықтан Дымбілмес коланы келесіде алма, оның орнына таза табиғи немесе дәруменді сусындар ал, жарайма?

Дымбілмес: Ия, жарайды, енді мен кола сусының мүлдем алмаймын, дәруменді сусындар аламын.

Тәрбиеші: Балалар, енді қолғаптарымызды, халаттарымызды, бас киімдерімізді шешіп орнына қойып жинайық, мен сіздерді сапа орталығына апарамын.

Дымбілмес, сен мына кола сусынының бөтелкесін жинап таста.

Дымбілмес: Бөтелкеніалып, жерге лақтырып тастайды.

Тәрбиеші: Дымбілмес, сен бөтелкені жерге лақтырдың, олай істеуге болама, балалар?-деп жауаптарын тыңдау.

Тәрбиеші: Оны қайда салуымыз керек?

Балалар: Қоқыс жәшігіне.

-Дұрыс,балалар, зиянды қалдықтармен, қоқыстармен айналаны шашуға болмайды. Дымбілмес, сен үйрен, экологияны ластауға болмайды, есіңде болсын!

Тәрбиеші: Балалар, жәшіктегі алған заттарымызды алып, автобусқа отырып, сапа орталығына барайық. Автобусқа отырып, машина әнімен сапа орталығына келеді. Автобустан мұқият түсейік деп ескертеді.

4.Сапа орталығында(ата-аналар). Тағамдардың сапасына дауыс беру. Қай тағам көп дауыс жинаса, сол тағамның сапалы екенін тұтынуға болатыны жариялау. Чипсы, кирешки, ролтон, газдалған сусын, айран, сүзбе, мейіз бен кепкен өрік және т.б.

Балалар сапа орталығының адамдарымен амандасады.

Сапа бағдарламасының жүргізушісі: Балалар, мен сіздерге бүгін тұтынушы халықтың қалаулары бойынша мынадай тағамдардың сапалы екенін хабарлаймын. Қандай тағамдарды сапасы жоқтығын айтамын.

Мұқият тындандар.1-2-3 тағамдардың сапасы жоқтығын, олардың құрамында химиялы қоспалалар мен бояғыштар бар екенін, адам ағзасына зиян екенін, айтқым келеді, ал мына 4-5-6 тағамдар өте пайдалы табиғи тағамдар, осы тағамдарды тұтынып, ішетін болсақ, денсаулықтарың мықты болып өсесіңдер, осы тағамдарды алуларың керек екенін ескертем.

Мына витаминдерді сіздерге сыйлаймын, денсаулықтарың мықты болсын!

Тәрбиеші: Дымбілмес сенде осы тағамдарды ал, жарайма? Біздің балалар енді қандай тағамдар алу керектігін білді, сіздерге көп-көп рахмет!

Тәрбиеші:

Енді сіздерге тапсырма:

Мына алдарыңдағы мальверттегі суреттерден зиянды және пайдалы тағамдарды ажыратып беріңдер.

Балалар зиянды, пайдалы тағамдарды ажыратып айтады.

Тәрбиеші өте жақсы балалар.

Енді осы зиянды, пайдалы тамақтар жөнінде бейне- ролик қараймыз.

Бейне-ролик жөнінде түсінік беріп отыру.

Балалар біздер қайда бардық біздер қандай заттар сатып алдық?

Қане, қарайық, не сатып алғанымызды, зиянды тағамдар ма, пайдалы тағамдар алғанбызба?Балалар өз алған заттары жөнінде айтады.

Тәрбиеші: Балалар келесіде біздер зиянды тағамдарды алмайық, есімізде болсын. Адам денсаулығына қандай заттар зиянды, қандай заттар пайдалы екен? Оны не арқылы білдік?

Балалар: Тәжірибе, сапа бағдарламасы, бейне- роликтан,-деп жауап береді.

Балалар, рахмет, сау бол айтып, бақшамызға қайтайық. Автобусқа отырайық. Балалар автобуқа отырып, машина әнімен балабақшаға келеді.

Тәрбиеші:

Ата-аналарға тапсырма.

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» деп аталады.

2-топқа бөлу

1-топқа: дұрыс тамақтану ережелері

2-топқа: адам ағзасына пайдалы тағамдар

3-топқа мақалдар жарысын өткізу

1 «Дені саудың жаны сау»

2 «Денсаулық байлықтан қымбат»

3 «Денің сау болса, жарлымын деме, жолдасың көп болса, жалғызбың деме»

4 « Тамақтың түрі көп, денсаулық біреу»

5 «Ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»

6 « Денсаулық-зор байлық»

7 «Бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық»

8 « Ішің ауырса-ауызынды ти, көзің ауырса-қолыңды ти»

«Артық болмас білгенің» Бейне-ролик қарау.

Бірнеше жыл бұрын Чехияда жоғары сынып оқушылары қатырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпедемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптама нәтижесінде аталған кілегейдің орнына өзі емес, мұздалған Агепатиті болып шықты. Сондықтан, балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы, т.б зиянды тағамдардан бойымызды аулақ ұстаған жөн!

Қорытынды:

Тәрбиеші:

Денсаулық әркімнің өз қолында.

Денсаулық адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан, адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты.

Жағымды, жағымсыз заттарды таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады. Тәрбиеші:Балалар қонақтармен қоштасайық Сау болыңыз,досвидание, hello!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.