Электр тогы. Ток көздері


Атырау облысы Атырау қаласы №4 облыстық мектеп-интернатының

физика пәні мұғалімі Алиева Казна Коблановна

«Үздік сабақ» номинациясы

Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Ток көздері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушылардың электр тогы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру;оқу материалын талдай білуге,салыстыруға, қорытынды жасауға үйрету.
Дамытушылық:ойлау, көру, есту сияқты танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:алған білімін өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:слайд,ғалымдар портреті, медиаобъект, электр үтігі, электр лампасы, электр шәйнегі, шашкептіргіш, батареялар, күн батареясы, карточкалар
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.
Сабақ жоспары.
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, көңіл-күйін білу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ойтүрткі (ауызша сабақ сұрау)
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа материалды тереңдету:
а) әртүрлі ток көздерінінің ерекшеліктері
б) ток көзіндегі энергияның түрленісі
5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру /оқушыларды түгендеу/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
/ауызша/

  • Электр сөзі қай тілден алынды?
  • Электрон заряды қандай?
  • Атомның құрылысын зерттеген ғалым?
  • Зарядтардың неше тегі болады?
  • Электриктер деп нені айтады?
  • Электр тогын өткізетіндерге мысалдар келтір?
  • Қандай зарядтар бір-бірінен тебіледі?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім:

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, қалта шамы ненің көмегімен жанады?

-Үйдегі электр шамы токты қайдан алады?

— Көшедегі электр жарығы кенет өшіп қалса, ол нені білдіреді?

-Иә, дұрыс айтасыңдар.(Электр батареяның көмегімен жанады.Электр станциясынан.Бағандағы сымдарда ток жоқ екенін білдіреді.)

— Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Электр тогы. Ток көздері

Алғаш рет “электр тогы” түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Мари Ампер болды.(портретпен жұмыс)

Электр тогы автомобильдердің ағыны тәрізді. Көшеде автомобильдер қалай ретпен, тәртіппен қозғалса, өткізгіш сымның ішінде зарядталған бөлшектер де ретпен қозғалады (интерактивті тақтадан медиаобъект тамашалау) Электр тогы судың қозғалысына да ұқсайды.

Сонымен, өткізгіште электр тогыпайда болуы үшін және ұзақ сақталу үшін мына шарттар қажет:

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы болу керек; (интерактивті тақтадан медиаобъект тамашалау)

Қозғалысты туғызатын электр өрісі болу керек;(электр өрісі кез-келген зарядталған денелердің айналасында болады, оны көру немесе ұстау мүмкін емес; электр өрісінің бар не жоқ екендігін тек оның әсері арқылы білуге болады)

Өрісті туғызатын ток көздері керек;

— Ток көздеріне гальвани элементін, аккумуляторлар, генераторлар, Күн батареясын айтуға болады.
♦ Гальвани элементінде (эл.батареясы), аккумуляторда – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Реакцияда бөлінетін ішкі энегрия электр энергиясына түрленеді. Бұл итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне арналған.
♦ генераторларда (СЭС, ЖЭС, жел, күн электр станциялары)
магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің механикалық энергиялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядтар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болады, яғни жарық, жылу энергиялары электр энергиясына түрленеді. Бұл күн энергиясын жұтатын пластинка (көрсету) Металл жылуды қабылдайды.(арнайы репортаж)

Электр тогын өндіру

СЭС-40٪ Генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішті айналдыру үшін судың механикалық энергиялары қолданылады.

ЖЭС-40٪ Жылумен қаланы қамтамасыз етеді. Трубиналарда будың энергиясын электр энергиясына айналдырады.

Жел, күн-5٪ Жер мен ғарыштың ортасында бағаналар жоқ. Сондықтан ғарышкерлер күн энергиясымен қоректендірілген батареяларды қолданады.

АЭС-15٪Атом бомбасын бейбіт мақсатта реактордың ішінде жарады.1г атом 1600т көмір жанған кезде бөлінетін жылуды береді, өте үнемді.

Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады.

Электр тогының әрекеттері:

1. жылулық әрекеті

2. химиялық әрекеті

3. магниттік әрекеті

4. физиологиялық әрекеттері

Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (электр шамында, үтікте, электрплиткада, қайнатқыштарда, электр лампасы, шашкептіргіштерде) кеңінен қолданылады. (оқушыларға көрсету)
Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ерітіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ерітінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стақанды көрсету, бейнеролик тамашалау)
Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. (бейнеролик тамашалау)
Токтың физиологиялық әрекеті. Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшықеттер жиырылады. Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани атмосферадағы электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген.

1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен, оны металмен жалғап, бұлшық еттерінің жиырылуын байқады. Гальванидің бұл жаңалығы түрлі салада айналысатын физик, химик, философ, дәрігер ғалымдардың қызығушылығын тудырды.(Вольта бағанасын айтып кету)

Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.

Сонымен ток көзін жасау үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ε(эпсилон) әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
ХБЖ-де ЭҚК-нің бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады.

Ток көзінің шартты белгісі

Гальвани элементі мен аккумулятордың оң полюсі –ұзын сызықпен, теріс полюсі – қысқа сызықпен кескінделеді.
Генераторлардың полюстеріне «+», «-» таңбалары қойылады.

IV. Сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс (132- бет, №6)

V. Қорытынды.

  • Электр өрісі көзге көріне ме?
  • Қандай ток көздерін білесің?
  • Электр тогын қайдан өндіреді?
  • Электр тогының қандай әрекеттері бар?
  • Луиджи Гальвани қай елдің ғалымы?
  • Электр тогы деп нені айтады?

VI. Үйгетапсырма. §35.Шығармашылықжұмыс: АЭС, СЭС, ЖЭС –тіңпайдасы мен зияны.
VII. Бағалау.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.