Туған жерім –Атырау


Атырау облысы Атырау қаласы

29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі

Әйіп Лаура Мұратқызы

Сабақтың тақырыбы: Туған жерім –Атырау

Туған жерім –Атырау

Мақсаты:Балаларға Атырау қаласы туралы түсінік беру.Атырау қаласының ерекшеліктерімен таныстыру.Атырау қаласындағы мәдени орындарды естеріне сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Туған өлкеге,елге,Отанға,еңбек адамдарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Атырау суреттеріне бейнебаян.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгіме,түсіндіру….

Оқу қызметінің жүру барысы:

Шаттық шеңбері:

Қуан,шаттан,алақай!

Қуанатын келді күн.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Тәрбиеші:Балалар біз қай мемлекетте өмір сүреміз?

Балалар:Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші:Өте жақсы,ал біздің еліміздің елордасы қай қала?

Балалар:Астана қаласы.

Тәрбиеші:Біз қай қалада тұрамыз?

Балалар:Атырау қаласында

Атырау Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан.1992жылға дейін Гурьев облысы болып аталды.Кейін 1992жылы Атырау есімі берілді.Климаты жағынан жазы ыстық,қысы суық болып келеді.Атырау қаласы өзінің байлығымен ерекшеленеді.Топырағы өте құнарлы.

Енді Атырау қаласы жайлы тереңірек мағлұмат алу үшін экранға назар аударайық(бейнебаянға қарау)

Атырау қаласы Жайық өзенінің жағасында орналасқан көркі көз тойдырарлық,әдемі ғимараттары мен мәдени ошақтары көп қала.Солардың бірі Махамбет,Исатай ескерткіші.Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры.Бұл драма театрда түрлі мерекелік кештер,ойын-сауықтар болады.

Ал мынау Иманғали Тасмағанбетов атындағы «Иманғали»мешіті.Мешіт алланың үйі,Мұнда адамдар аллаға тағзым ету үшін келеді.Мынау облыстық әкімшілік.Сонымен қатар біздің қаламызда сауда үйлері мен қонақ үйлер орналасқан.Атырау қаласының әуежайы.Бұл әуежайға ұшақтар қонады.Адамдар басқа қалаларға тез жету үшін ұшақтарға отырады.Ендеше осындай көрікті қаламыз туралы жаттаған тақпақтарымызға кезек берейік.

Нұрғаным

Алтай,Арқа,Атырау

Жетісудай өңірді,

Жайлап жатқан осынау

Қазақ елі көңілді.

Іңкәр:

Торғынды құт дарыған топырағын,

Бал бармақ баданалы жапырағың.

Ежелден ата қоныс шұрайлы жер

Төрт түлік малға толы атырабың.

Ән:»Тәуелсіз ел ұланы»

Жарайсыңдар!Ендеше әрі қарай қаламыздың көрікті жерлеріне назар аударсақ.Көріп тұрғандарың Атырау қаласында орналасқан көпір.Балалар біздің қаламыз байлыққа толы Жайық пен Каспий теңізінен ауланатын балықтарды өзге елдерге экспорттайды.Мынау балықтан алынатын қара уылдырық.

Атырау облысы қара алтынның астанасы деп те аталады.Біздегі мұнайдан өзге елдер жанармай жасап шығарады.

Атырау жері ақын-жазушылармен де мақтана алады.Күйші де әнші де,осы жерде дүниеге келген.Мынау ақын апайымыз Фариза Оңғарсынова.Ол туған жері туралы көптеген өлеңдер жазған.

Мынау күйшілеріміз Дина Нүрпейісова мен Құрмағазы Сағырбайұлы.

Ал мына суреттен түнгі қаланың тамаша көріністерін көруге болады.Әсем шамдармен безендірілген қала көшелері,көпірлер көз тартады.

Осындай әсем қалада тұратынымызды мақтан етуіміз керек.Енді тағы да балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Аяулым:

Гулзар баққа орнаған,

Күннен киген бөрікті.

Аққудайын таранған.

Атырау әсем көрікті:

Дидар:

Кешкілік қарашы

Шамдарын санашы.

Қызылды,жасылды,

Атырау қаласы.

Қортынды:

Бүгінгі оку іс-әрекетіміз Атырау қаласы туралы болды.Балалар біз сұлу да көрікті қаламыз жөнінде көптеген мағлұмат алдық.Туған өлкемізді әрқашан мақтан тұтып жүрейік.Атырау қаласының тұтқасын ұстар келешек жарқын ұрпақ сендерсіңдер.Сондықтан да қаланың гүлденіп,жайнпй түсуіне өз үлестеріңді қоса біліңдер.Қаламыз көркейіп,жандана берсін деп тілек айтайық.Ғасырлар тоғысы,мыңжылдық мәресінде өзінің жаңа тарихын жасаған қаламыздың мерекесі құтты болсын.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.