«Мемлекеттік тіл – ел ертеңі»


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

«Арай-1» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі

Калилаева Сарыгуль Абсаттыровна

Сабақ тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – ел ертеңі»

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру Өлеідер, мақалдар , билер арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып,ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге , қадірлеуге , бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта,слайд шоу,шарлар, музыкалық аспаптар.

Жүру барысы:

Салтанатты әуен ойналады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ма,құрметті көрермендер!

«Мемлекеттік тіл – ел ертеңі»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде»

деген болатын.Мемлекеттік тілді үйрету, білу, дамыту,-баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.

Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю,мәдениеті мен тілін білу, және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет.

Жүргізуші:

-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

— Бас қала қай қала?

— Біздің қаламыз қалай аталады?

— Қай балабақшаға барамыз?

— Нешінші топқа барамыз?

Жүргізуші: -Балалар, адамға тіл не үшін керек?

(Балалардың жауабы)

— Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.

Жүргізуші: -Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әр түрлі ұлттар тұрады.

-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?

(Балалардың жауабы.)

Жүргізуші:

— Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.

Жүргізуші:

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,

Орыс тілі сіңген ғой санамызға.

Неге олар «тілім» деп қуынбайды,

Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?

Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.

Өз тілімде керемет ақыл –ойым.

Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,

Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Жүргізуші: -Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.

Ислам:

Ана тілім – менің

Әлдилеген әнім.

Ана тілім – демім,

Ана тілім жаным.

Әділ:

Отан – жерім,

Отан – суым.

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран

Отан – туым

Отан – мәңгі гүлденеді.

Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар тұрады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүруде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән тыңдайық.

Өлең: « Біздің балабақшада» Орындаушы топ бүлдіршіндері

Гүлбану:

Отан – сенің ата-ананаң,

Отан – досың бауырың.

Отан — өлкең астанаң

Отан – аудан, ауылың

Гүлсана:

Ана тілің, арың бұл.

Ұяттың боп тұр бетте.

Өзге тілдің, бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.

Қазақтың ұлттық ойыны: «Хантал апай».

Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. тақпақтарын қабыл алыңдар

Сабина:

Ана тілім – елім,

Қажыр, қайрат, күшім.

Ана тілім – менің,

Баста бақыт құсым.

Самғат:

Жанымнан да қымбат,

Ана тілім маған.

Ана сөзін тыңдап,

Үлгі, өнеге алам.

Сезім:

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған шамым.

Ақнұр:

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күнім.

Әділ:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Жүргізуші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.

Талаптыға нұр жауар

Ақыл — азбайды, білім — тозбайды.

Оқу білім бұлағы, Білім — өмір шырағы.

Туған жер – алтын бесік

Жүргізуші:

Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін тамашалаймыз!

Қыздар тобы. Қазақ биі

Жүргізуші: Мерекеміздің соңында балалар «Анамның тілі» деген бір өлең айтады.

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.