Daily Archives: 13.11.2018

Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастау ыш сыныптан бастау алады


Шымкент қаласы № 130 жалпы орта мектебі
Педагог-ұйымдастырушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сугирбаева Кулжан Нурпашевна

Елбасымыз өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», -деп атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды балалар – еліміздің болашағы. Сондықтан да дарынды балаларды тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дарындылығын дамытуға, қабілетін шыңдауға әрдайым қолдау көрсетуге тиіспіз. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Тәуелсіз елімнің патриотымын!


Жезқазған қаласы

Қ.И.Сәтбаев атындағы

7 мектеп-лицейінің

5 «Д» сынып оқушысы

Серікбай Бексұлтан

Тәуелсіз елдің ұланы,

Туған ел болған тұрағы.

Байрағы көкте желбіреп,

Шарықтай ұшқан қыраны.

Тауларың шыңға жетеді,

Өріске толған етегі.

Тәуелсіз елім – Қазақстан,

Бірліктің болған мекені!

Нәубетің жоқ-ау көрмеген…

Үмітің ешбір сөнбеген.

Баурына басқан көп ұлтты,

Ешкімді «жат» деп бөлмеген.

Татулық болған ұраны,

Шалқыған бейбіт жыр-әні.

Балаңның бұлақ күлкісі,

Сыңғырлап бүгін шығады.

Бабамның арман-тілегі,

Балаңның соққан жүрегі.

Қазақстан мәңгі жасасын,

Тәелсіздігімнің тірегі!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…


Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні: 3-сабақ

Сыныбы: 6

Мұғалімнің аты-жөні: Балгимбекова Акнур Габдуллаевна

Бөлім тақырыбы: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…
Сабақ тақырыбы: Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» повесінің кейіпкерлер әлемі
Оқу мақсаты: 6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау;

6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Қазақстандағы көрікті жерлер


Пәні: Қазақ тілі

Күні:

Сыныбы: 6

Мұғалімнің аты-жөні: Балгимбекова Акнур Габдуллаевна

Бөлім тақырыбы Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография
Сабақ тақырыбы Қазақстандағы демалыс орындары

(«Көлсай», «Баянауыл», «Алатау», «Алакөл») Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР